Құрмет

Блог - Kipshakkyzy: Құрмет
Кеше бір оқиғаның куәсі болдым. Жұмыстарымды бітіріп болған соң теңізді тамашалап қайтайыншы деп келе жатқам орталық алаңда. Әдеттегідей адамдар сеңдей соғылысып ары-бері жүріп жатыр. Бір кезде бір әуен шықты. Әскери киінген адамдар марш сияқтанған әуенді ойнап жатыр. Жүріп жатқан адамдардың бәрі тоқтай қалып сол әуенге ұйып тұра қалды. Мен де аздап қызықтап тұрдым да кете бердім. Бірақ әлгі адамдар әлі қатып тұр. Құтты бір бала кезде ойнайтын замри ойыны сияқты. Мен ғана жүріп бара жатқан. Әуен аяқталған соң, барлығы орнынан қозғалып өз жөндерімен кетті. Алдымда кетіп бара жатқан оқушылардан сұрап едім, ойналып жатқан ән әнұрандары екен. «Біз әнұранымыз ойналғанда бір орыннан қозғалмай осылай құрмет көрсетеміз. Ал мынау 29 қазан республика күніне дайындық жасап жатқан әскерлер»,- деді.
Жатақханаға келген соң, бұл оқиғаны бөлмедегі қызға айтып едім. «Иә, түріктер осылай құрмет көрсетеді. Мен бірақ олай істемеймін. Себебі мен күртпін ғой» дегені. Басымды шайқадым. Өгейдің аты өгей екен ғой. Ауасын жұтып, нанын жеп жүріп, өй, әкеңнің қызы! ))))
Ал бізде ше, ресми жерлерден бөлек әнұранды естігенде осылай құрмет көрсетеміз бе?
Әрі қарай

Төрелік етіңіздер

Өткен жылы Ұлттық арна эфиріне шыққан «Елім менің» бағдарламасын дайындау кезінде әнұран мәтіні бірнеше рет жазылып, әзер бекітілген болатын. Бірнеше мәтін ұсынылды. Таңдалған мәтінді тыңдап жүрсіздер. Сіздердің төреліктеріңізге екі мәтін ұсынып отырмын, бірін белгілі ақын жазған, екіншісін есімі мүлде танымал емес адам жазды. Сонымен төрелік сіздерде. Белгілі ақын жазған, бекітілген нұсқа мынадай:
Дариядайын тасқанда
Бақыт дәулет тапқан ел.
Қырандайын аспанда
Көкке қанат қаққан ел.
Қоғадайын жапырып,
Дұшпан-жауын шапқан ел.
Балдай қымыз сапырып
Нар-тұлпарды баққан ел.
Елім менің кең көсілген даламдай,
Елім менің шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің Алатаудай еңселі
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені.
Тәңіріне сыйынып
Тыныш бейбіт жатқан ел.
Құйын тағдыр үйіріп
Ащы-тұщы татқан ел.
Толқындары жарысып,
Тасып өзен аққан ел.
Береке-бақ табысып,
Тәуелсіз таң атқан ел.
Елім менің кең көсілген даламдай,
Елім менің шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің Алатаудай еңселі
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені.
Ал бекітілмеген мәтін мынадай:
Зау құрлықтың жүрегін,
Еркін жайлап жатқан жұрт.
Тәңір берген тартуды
Толағай билеп татқан жұрт.
Бозторғай қойға ұя сап,
Таңы бейбіт атқан жұрт.

Қайырмасы:
Болат тұяқ тұлпарлы,
Темір қанат сұңқарлы,
Даңқы әлемге тараған.
Қазына, кен данасы,
Бесіктен батыр баласы,
Менің елім абадан!

Қарашаның қамын жеп,
Хандар билік құрған жұрт.
Адасқанын аз сөзбен,
Билер бетін бұрған жұрт.
Ел шетінде бел шешпей,
Есіл ерлер тұрған жұрт.

Екі бассаң ен байлық,
Тәңір сүйген құтты жұрт.
Аспан астын, жер үстін,
Мойындатқан мықты жұрт!
Әрі қарай

Таксишінің әңгімесінен...

Таксишінің әңгімесінен…

Алматының жаңбырлы кешінде үйге бармақшы болып такси тоқтаттым.
— Күн суып етті, ә? – деп бастады таксиші мен көлігіне отырған соң.
Үлкен кісілермен әңгіме-дүкен құрғанды мен де жақсы көрем, ары қарай іліп әкеттім. Жол ұзақ болатын.
Ия, таксишілер – әңгімешіл халық…

… Жиенім түріктің қызына үйленетін болып Ыстамбұлға құдалыққа бардық. Ұлан-асыр той жасады. Түркияға келгенімізге ризамыз. Түріктердің де езулері жиылар емес, біздің келіншектерімізбен би билеп, көңіл көтеріп жүр.
Бір кезде балдызым қалжыңдап:
— Жезде, сен да барып түріктің сұлуларын биге шақырсаңшы! — деді.
Онысы да жөн екен деп, барып құдағиларды биге шақысам: Бізге болмайды! — дейді.
Сонда біздің келіншектерге болады да, бұларға болмайды екен ғой?! Ашуланған күйі той жүргізіп тұрған асабаға барып, «Ән айтам!» дедім. Бетіме бажырайып бір қарады да, микрофонды қолыма ұстата салды.
Сондағы айтқан әнім – «Менің Қазақстаным». Аса мақтанышпен әрі шырқата айтқан болуым керек, түріктер орнынан тік тұрып тыңдады. Мені әнұран айтып тұр екен деп ойлапты. Ал мен айтқан әнімнің еліміздің мақтанышына айналған әнұраны боларын тіпті де білген жоқ едім…
Әрі қарай

Домбырамен айтылған әнұран

Кеше баламның мектебінде соңғы қоңырауда әнұран домбыраның сүйемелдеуімен айтылды. Бұл олардың өздерінің оригинал идеялары, баспасөзге көп шыққан осы жобамен дейді мұғалімдер.



Бір қолымда кенжетай, видеоның дірілдегеніне кешіріммен қарағайсыздар)))
Әрі қарай

Азиада әнұраны: Хасанғалиев vs. Крутой



Азиаданың барыс тұмары жайында Бекжан жақсы дерек бере кетіпті.
Әнұраны да бар бұл бәстің. Алып-қашпа әңгіме көп айтылды. Жалпыұлттық мүшәйра жарияланып, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың мына туындысы жеңімпаз атанды. Тиісінше, Азиаданың ашылу, жабылу салтанаттарында орындалады деген байлам болғандай еді.



Соңыра Ресейдегі «Жыл әнінде» Роза Рымбаева мен Батыр Крутойдың мына дүниесін паш етті патшакөңіл тыңдарманға:
Әрі қарай