18-36 жас аралығындағы әр қазақстандық футболдан Ұлттық Құрама қатарына шақырылуы мүмкін
Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңін 3 ұпаймен аяқтаған Ұлттық Құрамамыздағы кадр мәселелерін шешу мақсатында Ұлттық Желі Белсенділері және Мультитақырып Сарапшылар қауымдастығы жаңа ұсыныс әзірледі. Мамандардың пікірінше Құрамаға 18 бен 36 жас аралығындағы әр қазақстандық шақырылуы тиіс. Құрама қатарына шақырылатын адамдар 31 желтоқсанға дейін жергілікті футбол федерацияларына медициналық анықтама және жеке құжаттарын тапсырулары қажет. Әлбетте кей әлеуметтік топтар, денсаулығы жарамсыздар және көпбалалы әкелер бұл міндетті шақырудан тыс қалады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл әзірше тек жоба күйінде ғана. Қоғамдық талқыдан өткеннен кейін ғана қабылдануы мүмкін нәрсе.
Сондай-ақ жиын барысында басқа да мәселелер және жаңалықтар айтылды:
— Ұлттық Құраманың қазіргі ойыншыларының кей біреулері отбасыларынан Ұлттық Құрамада ойнайтындарын жасырады екен;
— Оқу білмейтін ұлына Англияның Челси командасын Қазақстан деп айтып келген әке баласы мектепке барғаннан кейін асылып өліпті;
— Психологтар Ұлттық Құрама матчтарынан зардап шеккен жанкүйерлерге сенім телефоны арқылы қолдау көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді;
— Белсенділер мешіт имамдарын да халыққа психологиялық және рухани көмек көрсетуге шақырды;
— 6 матчтан тұратын жеңілістер сериясы Армениямен тең ойыннан кейін бұзылған бас бапкер Бородюк келесі жылы жаңа жеңілістер сериясын бастамақшы;
— Ұлттық Құраманың соңғы 2 голын соққан Бауыржан Тұрысбекке депутаттық ұсынылмақшы;
— Балалар үйінің тәрбиешілері ұлттық құрама футболшылары қонаққа келмесе дейді. Балалар онсыз да өмірде жаралы;
— Әлем чемпионаты іріктеуінде өз тобында соңғы орын алған Ұлттық Құрама енді бағын Жайдарманда сынап көрмек;
— Дания, Черногория, Армения, Польша, Румыния… Ұлттық Құрама футболшыларына әсіресе Черногория табиғаты мен румын қыздары ұнапты;
— Ресейдегі Әлем Чемпионатына қалайда тегін барғысы келетін Қазақстан Құрамасы футболшылары волонтерлер құрамына енуге өтініш жіберді;
— Ел имиджі және ұлт денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты Ұлттық Құрама ойындарын теледидардан көрсетуге тыйым салынуы мүмкін;
— Ұлттық Құрамаға Мессиден қолдау: Біз де шыға алмайтын сияқтымыз…
— Youtube Қазақстан футболына қатысты барлық видеоларды өшірді;
— Қайрат клубы басшылығы Ұлттық Құрама сапында 3 ойында 2 гол соққан Бауыржан Тұрысбек өздерінің ойыншылары екенін естіп, таң қалды;
— 6 жеңілістен кейін 1 ұпай ала алған Бородюк бапкер Футбол Федерациясына 2 жылдық келісімшарт ұсынды;
— 2017 жылы ешқандай жеңіске жете алмаған Ұлттық Құрама жылды жақсы аяқтау мақсатында №51 мектеп-гимназиясының қыздар командасымен жолдастық матч өткізетін болды;
— Қазақстан Ұлттық Құрамасында ойнатылып жүрген украиналық Малый атты азамат өзін құтқарып алу туралы елшілікке хат жазды.