Бұл халықты жеңу мүмкін емес! Гене мен Қанаттың қайсысы "Үздік спортшы" атануға лайықты?
Осы біздің елімізде шенеунік дегеннің бәрі трайболист, барлығы өз туысқанның тарқыш деп жүреді адамдар. Жоқ, тек шенеуніктер емес, анау журналистер де, мына бизнесмендерді де сөйтіп айтады қара халық. Түбінде, өздері ақылды, өздері білімпаз, өздері әділ. Алайда, бұның олай еместігін дәлелдейтін бір айғақты көрсетейін сіздерді. Мүмкін, әрбіріміз ойналанармыз.
Қазақстан ұлттық арнасы «Жыл таңдауы» интернет сауалнама жүргізіп жатыр. Номинацияларының бірі — "Үздік спортшы". Ішінде Елдос Сметов те бар, Бейбіт Ыстыбаев та үміткер, Бауыржан Исламхандай аяқ доп шебері де, Головкин мен Арман Оспан да бар. Алайда, осындай тізімге қарамастан көш басында — Қанат Ислам. Қазіргі таңда кәсіби бокста 20 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен азамат. Сөзсіз, үлкен жетістіктерге ұмтылып жатқан спортшы.
Спорттың өзге салалардан артықшылығы — жетістіктердің бірден көрінуі. Титудар — сіздің жұмысыңызды бағалайтын бірден-бір критерий. Одан асқан критерий болу мүмкін емес. Халықтың ықыласы мен мақтанышы жағынан алып қарайтын болсақ та Қанат Генадийден (мына жерде Ильядан да) артық емес. Бірақ, Қанатқа берген дауыстардың көп болуы — қазақтардың объективті баға бере алмайтындығының нақты көрсеткіші.
Қысқаша анықтама:
Бокста 4 белбеу бар — Бүкіләлемдік бокс ассоциясы WBA, Бүкіләлемдік бокс кеңесі WBC, Халықаралық бок федерациясы IBF және Бүкіләлемдік бокс организациясы (ұйымы) WBO. Осылардың ҮШЕУІ Геннадийде. Ал Қанатта бірі де жоқ. Бар болғаны Кариб аймағының белбеуі ғана бар. Осыдан, кімнің жетістігі көп екенін көруге болады.
Ал енді 2015 жылы спортшылар қандай жетістікке жеткендігіне келсек. Қаржылай жағынан Гена алда әрине: бұл жерде ақылы трансляция мен Айфонның рекламасы да бар, бокстан басқа. Ал Қанат ондай жетістігімен мақтана алмайды. Спортқа бұның үлкен қатысы бар. Себебі, неғұрлым спортшы танымал болса, соғұрлым спонсорлық келісімі де жоғары болады.
Кәсіби спорт жағына келейік: Қанат 2015 жылы 2 кездесу өткізді. Бірі — наурыздағы Орландо Эстрада болса, екіншісі — Джонатон Батистаға қарсы қарашадағы (ұмытпасам) кездесуі. Сөзсіз, екеуінде де жеңіс. Қанат мықты екенін дәлелдеді. Алайда, Головкиннің өткізген жекпе-жек саны да көбірек (3), Головкиннің қарсыластары да, дәлелдеген белбеулері де анағұрлым салмақты. Демек, осы көрсеткіш бойынша да Гена алда тұр.
Жо-жоқ, мына жақта мен Қанатты жаман спортшы деп тұрғаным жоқ, (өйтіп, бұрмалар алатындардың санасына сәуле шашылсын). Айтпағым, Қанат қазақтың толағай сардары, алайда, 2015 жылдың "Үздік спортшысы" номинациясына Генадий Головкин әлдеқайда лайықты.
#GGG әлдеқайда лайықты, елімізге әкелген атағы жағынан алып қарасақ та. Өзгелердің бәрінен. БІрақ, Қанаттың сауалнама бойынша көш бастап тұрғаны — біздің халықтың объективті жауап бере алмайтындығының дәлелі ретінде бағалап отырмын. Жүйрігіне тиісті бағасын бере алмаған ел ертеңіне дұрыс баға бере алар ма…
Әрі қарай