Пиң-поң немесе қарызды кешіру..
Мектепті есіңе алсаң, «балалық шақ, қандай бақытты кезең» болды деп өкінеріңді немесе «әйтеуір мектептен құтылдым-ау» деп қуанарыңды білмейсің. Ол кезде жасалған да, жасалмаған да қателіктер көп болды… эх...ііі джарайд енді тақырыпқа көшейік. Жалпы үстел теннисі немесе пинг-понг ойнап көрдіңдер ме, керемет ойын солай емес пе?! Шамасы 6-7-нші сыныптарда оқып жүргенімде біздің мектепке үстел теннисіне арналған үш үстел әкелді, оны мектепке кірген кезде бірден көруге болатын еді. Иә-иә сабаққа бара жатқанда «уоо, үзілісте сосын сабақтан кейін кешке қалып ойнайтын болдық қо», деп көңілің көтеріліп қалады, естеріңізде болса ешқайсысымыз да мектепке үлкен «желание»-мен бармайтын едік, фобия деуге келмес, дегенмен… Спорттың осы түріне қызыққаным соншалық, арнайы ракетка сатып алдым, ааа джө-джө… өтірік айтам, маған әкем сыйлаған екен ғо «советский», қалыңын, ауырлауын, сосын біздің сыныптағы бір балада болд сапалы ракетка, оның да қағидасы «the best or nothing» болатын, алайда түк те ойнау білмеді, ал қалған балалар дүкендерден қытайдікін сатып алып жатты, кейбір балдар двп, фанерадан өздері жасайтын, шарикті ұрғандағы дыбысы жіңішке шығатын, ана дыбыс үстел теннисіндегі бүкіл кайфты бұзып жіберетін. Тіпті мектеп директоры да ракетка сатып алып ойнай бастады, әрі алгебра, геометрия пәндерінен сабақ берді. Ахан ағай осының барлығына қалай үлгеріп, қалай шаршамайды деп таң қалатынбыз. Осы ойынды біздің сыныпта тек 5-ақ бала жақсы ойнады, оның ішінде: мен (жаман мақтаншақпын иә?!)) және менің екі досым. Қатты соққылардан жарылып қалатын шариктерді 10-15 теңгеге кезекпен сатып алып жүрдік. Бір күні сабақтан кейін кешке қалып, басқа балдардың ақшаға ойнап жатқандарын көрдік, өйткені жай қызық үшін ойнау қызық болмады. Шыны керек ақшаға ойнауға қорықтым, ол кезде бізде қайдағы ақша, үйден 100-200 теңге беріп жібергенге мәзбіз. Бірақ қасымдағы екі досымның бірі маған қызыққа ақшаға ойнап көрейік деді. Білесіз бе, досың араңдағы бәсекелестік ең жаман сезім екен, ойын барысында оны кәдімгідей сездім.
Әрі қарай