Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

23 ақпан күні Қарағанды қаласында Асхат Қажытайдың ұйымдастыруымен «Атыңнан айналайын» атты Қайрат Әбеуовтің ән кеші болып өтті. Кешке арқаның белді, эстрада және дәстүрлі әншілері қатысты. Дәуренбек Әркенов, Сейіл Аяған, Қорабай Есенов ағаларымыз кеште құлақтың құрышын қандырар тамаша әндер орындады. Жиынның тізгінін қолына алып жүргізген ақын — Бағдат Мүбәрәк болды. Бұл кісілерді білмейтін қазақ кемде-кем шығар...

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші
Домбырамен небір ғажап әндер орындалды. Елтіп, еріп отырасың. Құлағыңның құрышы қанып, жан-дүниең демалып, рахатқа бөленесің… Нағыз демалыс деген осы болар…

Кеш талантты әнші Қайрат Әбеуовтың әндерімен ашылды. Халық дәстүрлі әнді сағынып-ақ қалған екен. Домбырамен үндестік тапқан қоңыр дауысқа еріксіз сүйсінесін… Бірнеше әннің ішіндегі «Шашыңнан иіскейін» әнінің домбырамен шырқалуы әдемі болды.. Еркін Нұржановтың орындауында ойнақы болса, дәстүрлі ән көңіліңе басқаша әсер етеді екен… Сағыныш бар, сағыныш…

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Келесі әнді Дәуренбек Әркенов ағамыз шырқады. Ерекше дауысымен. орындау шеберлігімен талайдың таңдайын қаққызған Дарабоз әншіні танымайтын қазақ жоқ шығар, сірә. Әсіресе, «Маңмаңгерді» орындағанда қандай… Алғаш рет бұл кісіні осы әнді орындағанда көрдім. Содан бері арқадағы кештерде Дәуренбек ағай ән айтса болды, сол жерге қалмай баратын болдым… Өз құлағыңмен тыңдап, көзіңмен көрген басқаша әсер қалдырады. Ол әсер бойыңда ұзаққа дейін қалқып жүреді.
Осы кеште орындалған Мұқағалидың «Арман-ай» әні қатты ұнады! Басыңды еріксіз шайқайсың, сай-сүйегін шымырлайды.

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Қазақ өнерінде ең алғаш гитарамен ән салған, "Қоштасу", «Жас қалам» атты әндерімен халықтың сүйіктісіне айналған Қорабай Есенов ағамыздың осы кешке келуі халықты қуантты. Қошеметті аямай көрсетіп, әндеріне жұп сұрап сахнадан жібергісі келмеді. Соңында «Аққу сезім» әнін дауыстап сұрап, орындауын өтінгендер көп болды. Талайдан өз құлағыммен есіп, көрсем деген арманым орындалды!

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Қорабай, Табылды ағаларымыздың ізін жалғаушы Гитараны жанына серік ерткен, көпшіліктің сүйікті әншісі Сейіл Аяған да көрерменді қуантып, бірнеше әндерін орындады.

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Осылайша қазақтың әнін, дәстүрін дәріптеген кеш өз мәресіне жетті.
Кешті ұйымдастырған Асхат Қажытайға алғысымыз шексіз. Кештен әдемі көңіл-күймен шықтық. Осындай кештер жиі өткізіліп тұрса екен. Халықты, әсіресе жастар жағын осындай кештерге көптеп тартуымыз керек. Ұлттық дәстүрді жоғалтпау, ұрпаққа насихат ету парыз. Бірінің болмаса бірінің рухани дүниесінің баюуына септігін тигізері сөзсіз.

Жылжиды аққу!

Кеше тойдан кейін бір ақсақалдың әңгімесін естідім. Әңгіме бала кезден естіп өскен Кәкімбек Салықовтың «Жылжиды аққу» әні жайлы өрбіді.
… Кәкімбек ағамыздың жақын сырласқан досы дүниеден озыпты. Күйбең тіршілікпен Кәкімбек аға жаназасына қатыса алмай біраз уақыт өткеннен кейін туғандарына көрініп қайтайын деп досының ауылына келеді. Досының үйіне келіп қара құлыпты көрген соң көршілерінен сұрастырады. Көршісі «ауылдың сыртында үлкен көл бар, досыңыз дүниеден озғалы бері анасы сол көлдің жағасында отырады» дейді. Көлге барса жағады жалғыз әйел отыр, қарама-қарсы жалғыз аққу жүр екен. Аққу қайғылы үнмен қаңқылдаған сайын, әйел зарлана жылайды. Осыны сырттай бақылаған Кәкімбек Салықов «Жылжиды аққу» өлеңін дүниеге әкелген екен.
Бұл әнді ес білгелі қанша рет естісем де шығу тарихына, оның не жайлы екеніне соншалықты мән бермеппін. Жүрегіме қатты әсер берді. Әнге қайта ғашық болдым. Түні бойы қайталап тыңдай бердім.

«Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды!»
Әрі қарай

"Жас қалам" әнінің шығу тарихы



«Жас Алаш» газетiнiң түнеукүнгi нөмiрлерiнiң бiрiндегi «Ырғақ» музыкалық бетiнде бiр оқырман «Жас қалам» әнiне қатысты пiкiр бiлдiрiптi. «Кейбi­реулер бұл әндi Қорабай Есе­новтiкi деп жүр. Ал жазушы Қабдеш Жұмадiловтiң айтуынша, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған. Мұның қайсысына сенемiз?», — дептi оқырман.

Кездессем ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек
Мен сенi жаныма балаймын,
Сен үшiн менде бар бiр тiлек…

Мен бұл әннiң шығу тарихын жақсы бiлемiн. Республикалық радиодан бұл әндi Қорабай Есенов жазған деп терiс айтып жүр. Шын мәнiнде, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған.
Әрі қарай

Жылжиды аққу айдында жылжымайды....

Кезінде «Жылжиды аққу айдында жылжымайды....»деп жырлаған Қорабай Есеновтың қазақ ән өнерінде(үлкен сахналарда) гитарамен ән айтқан алғашқы қазақ екенін біреу білсе біреу білмес. Бұл кісінің әсерімен қолына гитара алып, сахнаға шығып, өнерден өз орнын тапқандар жетерлік. Атап айтсақ, Нұрлан Өнербаев, Ерлан Белғозиевтар, кейінгі буыннан Сейіл Аяғанов деген әнші жақсы көрініп жүр.
Көп қыртқанша, бір тыңдатайын деп мына әндерді жүктеп отырмын. Маған ең соңғы өлеңі көп ұнайды.
Қорабай Есенов-Қоштасу

Қорабай Есенов-Жалғыз аққу
Қорабай Есенов-Жас қалам
Қорабай Есенов-дос туралы
Әрі қарай