Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Сәлем, достар! Дәм-тұз бұйырып Түркияның Ескишеһир қаласын көруге мүмкіндік туды. Басты мақсат – биыл алғаш рет ұйымдастырылған Түрквижн байқауына еліміздің атынан шыққан Ринго тобына қолдау білдіру, жанкүйер болу.
Жұма күні түнгі бірде шығып кеттік. Таңертең қалада болып, кешке дейін қаланы қыдырып, кешке концертке кіреміз деп жоспарладық. Қолымызда жиырма билет бар. Жиналғаны он жеті студент. Әрине, қалта көтерсе барлығы барғысы келеді. Измирдегі «Қазақ мәдениет орталығның» басшысы Чаглар Ербек мырза жол қаражатының жартысын көтеріп арнайы көлік тауып берді. Рақмет!
Таңғы жетілерде Ескишеһирде болдық. Измирдің жылы ауа-райына үйреніп қалған біздер, тұманды, ызғарлы, аппақ жерді көргенде біраз абыржып қалдық. Измирдің желіне арызданғанымыз – тәлпіштік екен. )) Сол қалада оқитын қазақ студенттер қарсы алып, үйлерінде күтті.
Ескишехир десе, бірден еске админ Аршат түседі маған. «Менің Ескішеһирім» деп кемсеңдеп отырғаны елестейді.  Ескісін қайдам, жаңа әрі әдемі, сәнді көп қабатты үйлер көп. Шағын қала.
Әрі қарай

Мой брат Азаматтт..( І-бөлім)


… Менің ағам бар. Аты Азамат. ХХІ ғасыр қожанасыры…
Осыдан 10-шақты жыл бұрын ауылда қолдағы малды қойшы ауылға өткізіп, шопанның көмекшісі жоқ болып, көмектесуге кеткен. 1,5-2 айдан соң келді. Сұраймын ғой: қалай болды, ішің пыспады ма?,-деп. Ол болса: -Жоқ, азанымен қойды шығарам өріске, біраз жерге алып барып, өзім қыр басына отырп аламын да көзімді жұмып жіберем. Өзім бірден атақты әншіге, қолымдағы таяғым домбыраға, қойларым көрерменге айналады,-дейді,-бар даусыммен даланы жаңғыртып өлең айтып біткен көзімді ашсам қойлар шапалақтап жатқандай көрінеді, иіліп қошемет көрсетем «халқыма». Күннің қалай өткенін білмей қаласың,-дейді.
Әрі қарай

Мына кітаптарды оқыңыз - өкінбейсіз

1. Көпшілікке арналған, жануарлар мен жәндіктер туралы десе де болады
Джерри Даррел, «Моя семья и другие животные» Отбасын жывотныйлармен теңестіргені қызық, бірақ, дәл осыдай аталады  Даррелдің өзі өте қызықты тұлға болған.Тек бұл кітапта ғана емес, жалпы өмірін алғанда.

Әрі қарай

Темел хикаялары

Біздің Қожанасыр секілді түрік халқында да Темел дейтұғын кейіпкер бар. Қаратеңіздің тумасы делінеді. Назарларыңызда соның ел аузына тарап кеткен бір-екі хикаясы.
''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''
Бір күні Темел Трабзонға баратын ұшаққа мініп басқа біреудің орнына отырып алған көрінеді. Бір кезде әлгі орынның иесі келіп, бұл орын өзінікі екенін айтып, тұруын өтінеді. Оған көнетін Темел ме, қозғалмайды. Әлгі жолаушы әрі-айтады, бері айтады, болмағасын стюардессаны шақыртады.
Мән-жайды ұққан стюардесса Темелдің құлағына бірдеңе деп сыбырлайды. Содан соң Темел дереу өз орнына ауысып отырады. Әлгі жолаушы: Мен екі сағат бойы түсіндіріп ұқтыра алмадым, сіз екі минутта оны қалай мәмілеге келтірдіңіз,- таң қалады. Сөйтсе стюардесса Темелдің құлағына: Бұл орындық Трабзонға бармайды,-деп сыбырлағанын айтады.
'''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''
Темел досы Тұрсын екеуі екі қабатты автобуспен саяхаттап жүр дейді. Темел үстіңгі қабатында, Тұрсын астыңғы қабатында. Бір уақытта Темел Тұрсынға звондап, хал сұрайтын көрінеді. Тұрсын болса: Ой, айтатын несі бар, біздің жүргізуші ұйқыда, әйтеуір кетіп барамыз,- депті. Мұны естіген Темел: Ой, соны да сөз деп тұрсың ба, біздікі мүлде шопырсыз кетіп бара жатыр деп жауап беріпті.
''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''''
Бір күні Темел ауруханаға келсе, есіктің алдында біреу боздап тұр дейді. Темел мән-жайды сұрамай ма, сөйтсе анау: Қан анализіне келгем, саусағымды кесті,-деп жауап береді. Мұны естіген Темел анадан да қатты боздай бастайды. Таң қалған әлгі: Сен неге жылайсың,-деп сұраса, Темел: Мен кіші дәрет анализі үшін келіп едім,-деген көрінеді.
Әрі қарай