Қарт кісінің сөздері сүйегімнен өтті...

Осыдан үш күн бұрын билет алу үшін теміржол кассасында кезекте тұрған едім. Алдымда егдей жастағы қарт кісі өз кезегін күтіп тұр екен. Асықпай, ептеп билетін алып болып, назарын бізге аударды. Біраз қарап тұрып:

-сендерге кім шаштарыңды жаюға рұқсат берді, бұл қазақ қызының болмысына жат нәрсе. Батысқа еліктемеңдер! Әлде, ата-аналарың сендерді осылай тәрбиеледі ме?! Әйтеуір шаштарыңның түсі қара екен, соған тәубе. Осы шаштарың түбінен қиып, сары түске бояп қоятындарға ешкім ақыл айтпайды ма?! Сендерге айтарым, қайда жүрсеңдер де қазақи болмыстарыңды жоғалтпаңдар! Аман болыңдар! Менің айтқандарым жүректеріне жетті деп ойлаймын,-деп, өз жолымен кете берді. Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Сол сөздер сүйегімнен өтті. Бұл қарт кісіге еш ренжігенім жоқ. Керісінше, рақметімді айтамын. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» демей ме?! Осындай жандардан үлгі алмай, кімге қарап, кімнен тәлім-тәрбие алып өсеміз?!
Блог - DanaKuntuganova: Қарт кісінің сөздері сүйегімнен өтті...
Расымен де, ойлап қарасаң, баяғы заманда күйеуі қайтыс болып, жесір атанған әйел ғана шашың жаятын. Ал қазір, заман ағымына ілесеміз деп, қазақи болмысымызды, рухани мұраларымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Әртүрлі жағдай болады, бірақ бұл жағдайды мәңгілік жадымда сақтарым анық. Жаныма қатты батты. Сіздермен бөлісіп отырған себебім де сол. Көрген, білген жерлеріңізде айта жүріңіздер. «Көп түкірсе- көл» деген…
Әрі қарай

Адамгершілік пен мейірімділер әлемінде...

Негізі мейірімділік пен адамгершілік таныту өте оңай, тек біздер көмектесуге еш құлық танытпай, байқамаған сыңай танытамыз. Кішкене болса да жасалған мейірімділік пен жақсылық адамға кез-келген байлықтанда күштірек қуаныш пен махаббат сыйлар еді. Төмендегі оқиғалар таза өмірден алынсада, кадрдан көп жағдайда тыс қалып жататыны рас. Осындай жақсылық ппен мейірімге толы істер адам жүрегінің қаншалықты кең, мейірімге толы екеніне көзімізді жеткізеді. Сонымен:
Әрі қарай

Қариялар шатаспайды...

Алматыдан Есікке дейінгі жол бірталай. Ондайда серігің – музыка. Немесе радио.
Сол күнгі кешкі тікелей эфир тақырыбы – ауылдан қалған естеліктер туралы болатын.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
(Мұқағали) демекші, тыңдармандар хабарласып, әркім өз ауылының естеліктерінен, балалық шағының тәтті сәттерінен сыр шертіп жатты…
Эфирдің әдемі көңіл-күйін атам «бұзды»
Әрі қарай

КІМДІ ТАҢДАР ЕДІҢІЗ?..

Сіз жолда көлік жүргізіп келе жатырсыз.
Міне автобус аялдамасының жанынан өтіп бара жатып сіздің көзіңіз үш адамды шалып қалды.
Олар:
— жаны қиналып, ауырып турған егде тартқан қарт адам;
— көптен кездеспеген ескі досыңыз;
— сіздің арман-қиялыңыздағы бойжеткен (қыздар үшін бозбала).
Сіздің көлігіңізге бір-ақ адамды отырғызуға болады.
Ауруы жанына батып тұрған қарияны емханаға жеткізіп саласыз ба? Көптен көріспеген досыңызды салып алып, мәре-сәре боласыз ба? Жоқ әлде, бұдан кейін, бәлкім, мүлде кездеспейтін аруды көлігіңізге отырғысасыз ба?
Сіздің таңдауыңыз?..
Әрі қарай

Күнәнің көлемі...

Бұл жазып отырғаным хадис пе, хадис болса сахих па білмеймін. Сондықтан мысал әңгіме деп айта берейін. Сіздердің кейбіріңіз басқаша (дұрысырақ) нұсқасын білулеріңіз де мүмкін.
Бір қария аулада отырып адамдарды бақылап отырады екен. Бір көршісінің үнемі Жаратушыға жалбарынып күнәсін кешуді сұрап отыратынын байқапты. Өтіп бара жатқан басқа көршісінен осының мән-жайын сұрапты. Ол «Бұ кісінің жасаған күнәсі ауыр, сондықтан да осылай кешірім сұрап отырады» деп жауап беріпті. Қария «Сенің күнәң жоқ па?» деп сұрағанда әлгі «Менікі ұсақ -түйек күнәлар ғой» деп жауап береді. Содан екі көршісін қасына шақырып алған қария «Сен екеуің маған өз күнәларың қандай деп есептесеңдер, сондай көлемді тас әкеліңдерші» депті. ана екеуі шамалыдан соң айтылған тастарды әкеледі. Алладан кешірім сұрап отыратын көршісі дәу қара тас әкелсе, екіншісі ұсақ тастарды етегіне салып әкеліпті. Қария:«Енді осы тастарды орындарына қойыңдар»
Сонда ұсақ-тас әкелген көршісі «ақсақал, мен бұл тастарды орындарына қоя алмаймын,қайсын қай жерден алғанымды білмеймін» деп жауап беріпті. Қария: «Балам, сенің ірілі-ұсақты күнәларың да сондай көп. Қайсын қай жерде жасағаныңды білмейсің.Әсілі күнәнің үлкен кішісі болмайды. сондықтан да Алладан кешірім сұраудың артықшылығы жоқ» деп жауап беріпті.
Әрі қарай