"Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз" [с]

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
«Жеңілгеннің сөзі құрысын», — дейді ғой. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ»... Осы сөзден кейін бірер секунд үнсіздік пайда болды. Сәден соң: «Кітап оқымайды деп әншілерді кінәлап жатады.Сіз оқисыз ба?», — дедім.
Ол: «Мен өтірік алдамаймын, ешқашан кітап оқымағанмын. Мектепте нашар оқыдым.… Кітап оқымағанмын. Оқушы кезімнен музыкаға ынтам күшті болды».
Музыкаға қатысты кітап оқымадыңыз ба?
Музыкаға қатысты кітапты да оқыған жоқпын. Мен сол уақыттан бері оқуға емес, үйренуге тырыстым. Нота білмеймін. Ешқандай мукзыкалық білімім жоқ. Бірақ өзімнің ізденісімді оқу деп ойлаймын. Өзіме керекті нәрсені әлі де ізденіп келемін. Қазір ғаламтар бар. Қасымда группам бар. Олар — оқыған муыканттар. Солардан көп нәрсе үйренемін. Әрбір жұмыс кішкентай болса да тәжірибе, білім.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Осыдан кейін сұрақтар бір-бірімен байланысты болмаса да, автоматты түрде кете берді. Аздап анкеталық сауалдарға да келеді.

Қазір ауыл сізді «жұлдыз» ретінде қарсы алады ма?
Ауылға сирек барамын. Көрген кезде адамдар ризашылығын айтып жатады. Рахмет ол кісілерге. Қуаныштымын. Жасырмаймын, басында мектеп кезінде жұлдыз болғым келді. Қазіргі түсінігім бойынша, суретке түсіп, жарнама жасаған ұнай бермейді. Музыканы енді бастап жазып жүрген кезде жұлдыз болуды армандадым. Сол кезде шығып кетпегеніме қуанамын. Ол кездегі түсінік басқаша еді. Ол кездегі музыкам да бөлек. Әр нәрсе өз уақытымен. Қолды босатып тастай салмау керек.
Жаңа альбом жазып жатырсыз. Тағы да ғаламторға тегін салуыңыз мүмкін бе?
Жоқ. Бұл жолы әлемдік сайттарға саламын. Әлемге танымал болғым келеді.

Былайша айтқанша, ТМД елдерінде танымалдығыңыз бар.
Аздап таныйды…

Бір-екі ән айтып жұлдыз болып кететіндер көп. Қарапайым көрінесіз...
Өйткені, жұлдыз болу маған қызық емес. 7-8 жыл бұрын жарқ етіп шығып, жалп етіп құламағаныма қуанамын. Көп нәрсені көрдім, көп нәрсені түсіндім. Ғаламтор желілерінен шетелдіктер жазып тұрады. Германиядан, Ұлыбританиядан, Қытайдан жазады. Шетте оқып жүрген қазақтың ұл-қыздары тыңдатады, сол жастардың арқасында таныйды. Олар тұрақты тыңдарманым болып кеткен. Тіл білмеген соң қиындау, ағылшынша білетін достарым арқылы сөйлесуге тырысамын.
Қазақ тілінің дамуына қосқан үлес деп қарауға боалтын сияқты...
Ол жағын ешқашан ойламаппын. Өнерді қатты жақсы көремін. Еуропаның әндерін көп тыңдап өстім. Біз неге осындай сапалы әндер жазбаймыз деп ойлайтынмын. Сол себептен үйрендім. Әлі де үйреніп жүрмін. Алайда, менде «осындай стильдегі бірінші адам болу, қазақ тілін дамыту» деген ой болған жоқ. Тек музыка туралы ойладым. Еуропалықтардың музыкасы біздікімен салыстырғанда айырмашылығы аспан мен жердей. Құдай бәрімізді бірдей жаратты. Оларда да екі қол бар, бізде де екі қол бар. Оларда бар ми бізде де бар. Құлақ бар.
Алдағы он жылдықта әлемдік сахнаға шығып қаламыз деген ойдамын. Қазақты танытамыз. Шетелден бірге жұмыс істеуге көптеген ұсыныстар болды. Бірақ, мен ешқайда кетпеймін. Алматыдан басқа ешқайда кеткім келмейді.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]

Адам әр күніне есеп беріп жатады. Күнде қай нәрсеге үлгермей қаласыз?

Мен уақыт бөле алмай жатқан нәрсем өте көп. Ол – менің отбасым, әке-шешім, бауырларым, достарым, туған-туыстарым. Ренжитіндер де көп. Екі тәулік ұйықтамай, төрт сағат ұйықтап сізге сұқбат беруге келіп отырмын. Екі күн ешқайда шықпай студияда жұмыс істедім. Үнемі осындай жұмыс үстіндемін.

Көңіл бөле алмай жүрген дүниелеріңізге күндер өте келе «Неге солай еттім?» деп өкінбейсіз бе?
Осы жолды таңдадым. Өкінбеймін. Егер мені шын жақсы көретін, жақын адам болса, ол мені түсінеді деп ойлаймын. Егер менің жақындарымның бірі осылай арманын қуып, сол үшін жұмыс істеп жатса, мен оған ренжімеймін. Қуанамын…

… Эгоист сияқтысыз ғой
Мен эгоистпін, иә. Бірақ мен ешқашан біреуді алдаған емеспін. Кімді де болсын, жолдасымды да. Ең алғашқы күннен бастап оған: «Егер музыка мен сені қатар қоятын болса, мен музыканы таңдаймын» дегенмін. Жақсы таныйтын адамдар менің қандай екенімді біледі.
Нақты мақсатым да жоқ. Бірақ ішім тыныш емес. Жаңа әндер бар. Жазып жатамын, болмай қалады. Қатты ашуланамын. Одан екі есе жұмыс жасаймын. Қазіргі уақыттағы күйім тура осындай. Тоқтап қалғым келмейді. Қазіргіден де жоғары дәрежеге жететінімді ішім сезеді.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Киноға түсуге шықарғандар болды ма?
Екі жыл бұрын болды. Актер ретінде өзімді көре алмаймын. Оған қызығушылығым жоқ. Менің қызығушылығым – кино түсіріп, режиссер болу. Актер ретінде әлсізбін. Жәй түсе салу болмайды. Режиссер бола алатыныма сенемін. Дәл қазір емес. Бейнебаяндарымды өзім түсіремін. Кішігірім білемін. Жақын достарым мықты режиссерлер. Олармен көп сөйлесемін.

Бейнебаян демекші, Қазақстанда ең арзан бейнебаян түсірген адам болдыңыз ғой деймін. «Ақпен бірге» әнінің бейнебаянана 30 мың теңгеге жұмсапсыз
Иә. Сол бейнебаян хит болып, бірінші ТМД елдерінде, Еуропада тарпалып, жақсы қабылдады.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Қазақстаннан гөрі сыртқа көп шығатын сияқтысыз
Ресейден көп шақыру келді. Осы уақытқа дейін барған жоқпын. Қазақстанда қанша уақыт концерт берсем, Ресейден одан да көп ұсыныс түсті. Бармаған себебім: ол кезде менің бірге ойнайтын тобым болған жоқ. Олар: «Фонограммамен кел» дейді. Олай өзімді төмен түсіргім келген жоқ. Фонограммамен айтсам, ол – біздің бүкіл әншілердің атына келетін кір.
Қазіргі уақытта ұсыныстарға әзірмін. 2016 жылы Ресейге концерт беруім мүмкін. Ұятқа қалмайтындай концерт беруге дайынмын. Ақша үшін бара бергенімде ұятқа қалатын едім.

Шәкірттеріңіз бар ма?
Бір-екі жыл бұрын уақытымды бөліп, қыздарды дайындадым. Көз алдымда өзгерді. Жалпы ұялмай айта аламын, сахнада «Мен!» деп жүрген қыздардан мықты. Өздері аспапта ойнайды. Ән айтады. Ән жазу жағын үйреніп жатыр. Өкінішке орай менің уақытымның тығыздығы, жетпегені және қаржы жағынан дәл қазіргі уақытта жарыққа шығара алмаймын. Қазір ол қыздар ренжіп жүрген шығар. Алдағы уақытта болады. Таза өнер, таза шығармашылық уақытты талап етеді.

P.S. Осымен бітті. Әншімен суретке түспейтінмін. Түсейінші дедім. Бірақ, тағы да түспедім.
Әрі қарай

Әннің де естісі бар

Жақында Әли Оқапов «БЕШ» атты бейнеклипімен жұртты шулатқан болатын. Сол бейнеклип ғаламторды жайлап кеткен соң, оның шығармашылығына қызығу танытып, қазақ тіліндегі бейнеклиптерімен таныстым. Барлығы тым жақсы, соның ішінде, әсіресе ұнағаны, «Алға» бейнеклипі. Әуені ырғақты, биі жақсы қойылған, сөзінің де мәні бар дер едім.


Ринго тобының «Толғау» бейнеклипінің шыққанына біраз болды, бірақ қараған сайын, қарай бергім келеді.


Ғалымжан Молданазардың "Қазақ жұрты" әні жуырда жарыққа шықты. Ғалымжан әдеттегідей ерекше.
Әрі қарай

Жақында шыққан 3 бейнеклип

Музыкант деген кезде ойымызға тойдағы музыканттар келеді. Ал негізінде тек тойда айтылатын ән емес, кәдімгі шынымен музыка үшін музыка жазып жүрген де музыканттар бар ғой. Мен үшін ондай адамдар: Батыр Шүкенов, Қайрат Баекенов, ASEM. Жақында достарым Ғалымжан Молданазарды тыңдап көруді ұсынды. Тыңдадым, бейнеклиптерін қарадым. Тамаша! Сіздермен бөліскім келіп тұр.





Және Ash ҚaZaҚ Pro жігіттерінен Жезөкше атты клип (18+)
(клипті бүгін Ютуб алып тастады)
vk.com/video-48835099_165295257
Әрі қарай

Әсем рок группасының әні - "Жылайды жүрек"

Әсемге ырзамын, дауысы да, стилі де ерекше. Мына әнді сөзімен бірге Ғалымжан Молданазар есімді ақын әрі әнші жігіт жазыпты. Өзі де қосылып айтады клипінде. Оның да дауысы әп әдемі.
Туынды мамыр айында шығып қойыпты, мен енді көріп отырмын :)
Әрі қарай