Turkvision-2014 туралы

Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Түгел түркі баласы көз тігер #Turkvision2014 байқауының іріктеуін де көрдік. Шоубиздің даму жолына, бағытына қызығушылық танытатын жанның бірі ем. Бұл да бір нысан болды. Байқау ұйымдастырушылары өте жақсы дайындалыпты. Сахна сайлы, зал жайлы. Пирамиданы айтам. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, көз жауын алар декорация, мың құбылған экран...
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Жә, ауыздың суын ағызы бермей, тойдың өзіне келейік. Барлығы туралы әңгіменің қажеті жоқ, өзім ұнатқан немесе ұнайтын әншілер туралы сөз еткім келді. Бардық. Көрдік. Көрген бойда МАРХАБА СӘБИЕВА деген керемет әншіге тап болдым. Бірақ неге керемет екенін, несін ұнатқанымды білмеймін) Әйтеуір әлі тамсанып отырмын.
Әрі қарай

КерекБлогер шеберханасы - Апта #1 - Шоу-Бизнес

КерекБлогер шеберханасында алғашқы аптаға тапсырма: Шоу-Бизнес

Блог - asaubota: КерекБлогер шеберханасы - Апта #1 - Шоу-Бизнес

Осы тақырыпта кез келген форматтағы посттарыңызды 19 қыркүйек, сағат 19:00-ге дейін жариялауларыңыз қажет. Аптаның үздігін анықтау Жұма күнінен бастап, келесі дүйсенбіге дейін.

Сәттілік!

Ескерту: жазбаларға КерекБлогер ілмегін қою міндетті. Осы ілмектегі жазбалар бойынша сұрыптайтын боламыз.

Бапкерлер және оқушылар
aikarakozIspek92
asaubotaAya , Anar70
satibaldikariim , Arys_arlany , Dzhuli
dark_nazgulken , manko , 891355
Marcoademi_alem , burkitshi , Korkem
Gastarbaiter007 , bizbike
Әрі қарай

Мөлдір Әуелбекова: "Бір халықты шоу-бизнес және той-бизнес тыңдарманы деп екіге бөлуге болмайды"

Әнші Мөлдір Әуелбекованың «Жұлдыздар құпиясы» журналына берген сұхбаты.

— Өмірдегі Мөлдір мен өнердегі Мөлдірдің айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма? Өнер иелері үнемі маскамен жүреді дегенге келісесіз бе?
Біріншіден, кез келген өнерпаз үшін өнер – өмір, өмір – өнер. Сондықтан екі жерде екі түрлі болу – екіжүзділік. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын, ал менің шығармашылығым – менің өмірімнің көрінісі. Мен шырқайтын әндер менің жан толқынысымның, менің ой-пікірімнің, менің қоршаған ортаны қабылдауымның, менің дүниені түйсініп-сезінуімнен туады. Өмірде басқаша ойлап, өнерде басқаша сайрасам кімге пайда, кімге зиян? Өзіңді жоғалту, мақсаттан таю, тірлікте адасу осындайдан басталады. Екіншіден, өнер иелері үнемі бетперде киіп жүреді деу – стереотип. Шекспир мырза «Өмір – театр, ал адамдар — актерлер» деген екен. Өмір сахнасында бәрінің бір немесе бірнеше бетпердесі бар. Ол әнші, ол мұғалім, ол депутат, ол құрылысшы. Сондықтан белгілі бір топқа ғана теліп қоюға болмайды. Бір білетінім – өнер адамы бетперде киетін бір жағдай бар. Өнерпаз да ет пен сүйектен жаралған адам, оның да өмірінде отбасы, қызметінде қиындықтар туып жатады. Бірақ тыңдаушысын сыйлайтын әнші сахнаға сол жан күйзелістерін бірге алып шықпайды. Іштегі түтінге қалың көпшілікті куә қылмай, сахнада жайнап, халыққа қуаныш сыйлаған жанды не үшін сөге аламыз?
Әрі қарай