«ШАХТЕР» – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ-2011


Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жолғы біріншілікте, «Жетісу» емес, «Шахтер» ұтып алды. Біз осыдан біраз уақыт бұрын «Жетісу» чемпион атанбайтынын жазып едік. Сол жолғы айтқанымыз айдай анық келді. Сонымен, еліміздің су жаңа үздігі, қарағандылық «Шахтер». Ал күміс пен қола «Жетісу» мен «Ақтөбенің» қоржынында.
Әрі қарай

Админ Қарағандыда немесе "Шахтер" мен "Ақтөбе"

«Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол командаларының арасындағы ойынды көру үшін Аршат біздің қалаға машина капотын тіреді. Алдын ала хабарласқанымызда «Ерлан Оспан да келеді» деген мәліметтер болғантын. Бірақ, аяқ асты мемлекеттік маңызы бар шаруалары шығып қалғандықтан ол кісі келе алмай қалыпты. Сонымен, админімізбен стадионда кездестік.Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды.
Әрі қарай

Донецк. Танысу

Өліп-талып кешкі 8-де Донецкіге де жеттік. 3 сағат айырмашылықты ескерсек, түнгі 12 десе де болады. Рейстің 2 сағатқа кешігетінін білгенде, Киевті аралай тұратын едік.
Профессор Шелепов өзінің «Тавриясымен» күтіп алып, университет қонақүйіне алып келді. Тынығып, қаланы аралауға 1 күн мұрсат берді, сосын мұрын қанағанша жұмыс істейсіңдер деп)))
Енді суреттерге сөз берейік:

Рейс кешігуде
Әрі қарай