Бір бәліш пен бір кесе ыстық шай
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті 3 курс студенттері, яғни 301 топ арасында «Тек қана қазақша сөйлеу» науқанының басталғанына екі аптадан астам уақыт өтті. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ тілін алашұбарлықтан құтқару. Яғни, алаңға шығып бәз-біреулердей ұран тастап «мен мынаны істеп жатырмын!!!» деп аттанды салмай, әр кім өзінің жеке басынан бастау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырып, қазақ тілінің өміршеңдігіне қарлығаштың қанатымен су тамызғандай болсын үлес қосу. Аталмыш шараның «күнделікті ауыз екі қолданыстағы орысша сөздерді араластырмау, қадарынша көнерген сөздерді тілдік қолданысқа енгізуге талаптану» деген сияқты бірнеше қағидалары бар. Және қай жерде болсын, бастысы қоғамдық орындарда тиісінше қазақ тілінде сөйлеу, сұраныс жасап, тіл қатқан кез-келген адам баласына ұлттық тілде жауап беру басты талаптардың бірі екенін айта кеткен орынды.
Апта сайын ауысыммен жауапты адам кімнің орысша сөздерді көп қолданғанын сабақ барысында жіті бақылап, өзінің қойын кітапшасына тізіп отырады. Апта соңында қазақ тілін көп қойыртпақтаған студентке жаза беріледі. Ол өзі қатарлас топтағы студенттерді асханаға отырғызу. Яғни, бір бәліш пен бір кесе ыстық шай.
Қазақ тілінің көсегесі көгере берсін!
Әрі қарай