«Fetih 1453» кімде бар?

Түріктер интернетте шуылдап жатыр. «Fetih 1453» фильмі рекордтарды бұзды» деседі. Әлгі Сұлтан Мехмед ІІ-нің, өздері айтатындай Фатих Султан Мехмедтің Ыстамбулды басып алған сәтін түсірген фильм көрінеді. Ресми көрсету басталған алғашқы төрт күнде бұл фильмді 1 млн 400 мың адам қарапты.Тек өткен сенбі-жексенбі күні бұл фильмді Еуропаның өзінде 255 мың кісі тамашалаған екен.
Фильмнің 450 дана көшірмесі 850 кинотеатрда өткен бейсенбіден бастап көрсетілуде. Басты рөлдерде Деврим Евин, Ибрахим Челиккол, Дилек Сербест және Реджеп Актуг ойнаған фильм 17 миллион долларға түсіріліпті. Үш жылда түсіріліп біткен фильм түріктер жасаған ең қымбат бюджеті бар өнім екен. Түріктер осы фильмнің сериалдық нұсқасын да жасамақ көрінеді. Ал, мен болсам «осы фильмді кім тауып бере алады?» деп сауын айтып, «бар болса беріңдерші» деп қиылеееп сұрап отырған жайым бар.
ПЫ.СЫ: Біз «Көшпенділерді» 35 миллион долларға түсіріп едік. Қанша пайда тапқанын һәм қанша адам тамашалағанын білетіндер болса КЕРЕКке жаза отырсын.

Фото www.worldbulletin.net-тен алынды
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Дениз"

— Дениз, ең ақыры — ол сені қан-жоса қылып пышақтап тастап, енді шала-жансар жатқан жоқсың ба?
— Қойшы Мәрт, ашудан өзін өзі ұстай алмай қалған ғой. Тиме оған!
— Дениз, ол сенің клатчыңа улы жылан салып қойып, өткен айда өліп қала жаздаған жоқсың ба?
Әрі қарай

Еркебұлан Әлімханұлы. Түрік діни ағымдары туралы не білеміз?

Қазақстанда араб діни ағымы уахабшылар туралы көп айтылып та жазылып та жүр. Бірақ олардың ислам әлеміндегі басты бәсекелесі түрік тарикаттары мен жамағаттары туралы мәліметтер өте аз. Сондықтан Түркиядан келген діни ағымдарға тоқтала кетуді жөн көрдік.

1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия Республикасын жариялады. Ататүрік, Осман империясының дамымай қалу себебін шығысытық дәстүрмен және дінмен байланыстырды. Сондықтан жаңа құрылған мемлекеттің зайырлы болуын және дамыған Батыс мемлекеттерінен үлгі алып олармен тығыз байланыс құруын қалады. Дін мемлекеттен бөлініп, діндарлардың мемлекет істеріне араласуын шектеді. Ататүріктен кейін мемлекет басшылығына келген Исмет Инөнү, бұл реформаны одан ары қарай тереңдетті. Осы кезеңде дінге қатысты төменднгідей үлкен шешімдер қабылданды:

— Құранды оқытуға тиым салынды;

— Мемлекет астанасы Анкараға орамал таққан қыз-келіншектердің кіруі шектелді;

— Азан-түрікше айтылатын болды тб.

Жоғарыдағы үкімге бағынғысы келмеген дін қайраткерлері қудаланды. Мұндай саясаттан кейін бірнеше ғасыр бойы ең үлкен тарикаттар болып келген діни ағымдардың көбі жойылды немесе жойылуға шақ қалды.

Мемлекеттің бұл саясатына қарамай жасырын жүріп немесе астыртын халыққа дінді түсіндірумен, оқытумен айналысқан тұлғалар болды. Осы тұлғалардың соңынан ерушілер Түркияда жаңа жамағаттардың негізін қалады.

Бүгінгі күні Түркияда ең кең таралған жамағат Сайд Нұр Сейттің жолын ұстаушылар. Жамағаттың негізін қалаған Сайд Нұр Сейт (1878-1960) «Рисале-и Нұр» (Нұрдан хаттар) кітаптар жинағының авторы. Осы жинақты негізге ала отырып жұмыс жасайтын бұл жамағат былайғы қауымға «Нұршылар» атымен танымал. Бұл жамағатты ұстаушылар қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріне жайылып үлгерді. Дегенмен жамағат өз ішінде бірнеше тармақтарға айырылған. Бұл тармақтардың саны оншақты болып табылады. Бұл тармақтардың ішінде ең танымалы және кең ауқымда жұмыс жасап жатқаны Мұхаммед Фетхуллах Гүлен жетекшілігіндегі топ. Мұсылман әлемінің артта қалу себебі білім мен ғылымда кенжелеп қалуында деп түсінетін Гүлен тобы білім саласында жүргізген жұмыстарымен танымал. Өздерінің қызметі жүрген барлық елде білім ордаларын ашуда, жамағаттың жұмысын солар арқылы жүргізуде. Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері де осы жамағаттың білім ошақтары болып табылады. Әлемнің жүзден астам елдерінде мектептер ашқан бұл жамағат жылда Түркияда дәстүрлі «түрік тілі олимпиадаларын» өткізеді.

Пантүркизмді және панисламизмді уағыздайды деп Нұр жамағаты Ресей Федерациясында тиым салынған. Сондай-ақ Өзбекстан билігі де бұл жамағатқа қырын қарайды.

Қызметі мен таралу ауқымы жағынан Нұршылармен бәсекелесе алатын жамағат Сүлейман Хилми Тунахан (1888-1959) жолын ұстанушы «Сүлейманшылар» болып табылады. Жамағат ғасырлар тоғысында екіге айырылған болатын. Оның себебі ағайынды Ариф Ахмет пен Мехмет Теңізұлдарының жамағат лидерлігіне таласуында болса керек. Осылайша екі қолы қалыптасқаныменен бір тармағы әлсіз, жұмысын тек Түркия деңгейінде жүргізіп келеді. Ал екінші тармағы болса қызметін қарышты дамытуда. Медресе жүйесі негізінде жұмыс жасайтын бұл жамағаттың да қызметі әлемнің жүзге жуық елдеріне жайылған.

Жоғарыдағы екі жамағаттан басқа Түркияда Накши жолын ұстауды жалғастырушылар бар, сонымен бірге негізін Махмұт Ұстаосманұлы қалаған «Махмұтшылар», соңғы жылдары көпшілікке Харун Яхия деген атпен танылған Аднан Октардың соңынан ерушілермен тағы басқа жамағаттар бар. Бірақ бұл жамағаттар жоғарыдағы жамағаттар сияқты кең тарамаған.

Жоғарыдағы жамағаттардың барлығының дерлік бүгін Түркияда билікте отырған АК партиямен (Әділет және Даму партиясы) арақатынасы жақсы. Тіпті түрік солшылдарының арасында бұл партияны билікке алып келген Нұршылар жамағаты деген пікірлер де бар. Бірақ Сүлейманшылар жамағатының кең тараған тармағы мен партияның арасында қайшылық шыққан болатын, керісінше екінші тармағы партиямен тығыз байланысты және жетекшісі АК партияның парламенттегі фракциясының мүшесі.

Жоғарыда атап өткен тиымдардың көбі 1950-ші жылдары алып тасталғанымен олардың орнын кейбір жұмсағырақ тиымдар алмастырған. Сондықтан Түркия жамағаттары өздерін еркін сезіне алмайды. 1990 жылдары Тұрғыт Өзалдың либералдық реформаларынан кейін жамағаттарға қысым азайған болатын, бірақ артынан жасалған әскери төңкерістен кейін қысым қайта күшейді. Тек билікке исламшыл делінетін АК партия келгеннен кейін ғана жамағаттар өздерін қайтадан еркін сезіне бастады, бірақ заңда жасалынған тиымдар әлі алынбағандықтан (ол үшін ата заң өзгеруі керек) олар жұмыстарын әлі де ашық жүргізе алмай келеді.

Түрік жамағаттары Сауд Арабиялық уахабшылар сияқты бай емес. Олардың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Негізгі қаржыландырушылары қарапайым жұмысшыдан үлкен кәсіпкерлерге дейінгі аралықтағы адамдар болып табылады. Олардың барлығы табыстарының белгілі бөлігін зекет, қайырымдылық, құрбан ретінде өздері байланған жамағаттарға аударып отырады. Сонымен бірге жамағаттар жағдайы төмен жастарға жатын орын, стипендия тағы басқамен қаржылай көмек беріп оларға дінді үйретеді әрі оқуын бітіруге көмектеседі. Оқу бітіріп табыс таба бастаған жас одан кейін өмір бойы жамағатына көмектесіп отырады. Бұл жүйе түрік жамағаттарында жақсы жолға қойылған.

Қазақстанда жоғарыда аты аталған жамағаттардың көбінің тіпті олардың тармақтарының да орталықтары бар. Олар Қазақстанның барлық аймағында дерлік жайылған деуге болады. Түрік жамағаттарына байланған адамдардың саны уахабшылардан мен яссауишылардан кем болмауы мүмкін. Бірақ Түркиядағы тиымдардан сабақ алған олар тыныш жұмыс жүргізеді және өздерін қоғам өкілдерінен бөле-жарып ұстамайды. Егер интеллигенция өкілдерінің арасында таралуын салыстырсақ онда олардың саны тіпті уахабшылармен яссауишілерден де көп болуы мүмкін. Себебі түрік жамағаттарының білім саласында көбірек жұмыс істейтінін жоғарыда атап өттік. Қазірдің өзінде бақылап қараған адамға түрік жамағаттарына жұмыс жасайтын медиа мен баспаханаларды, ірі БАҚ құралдарының журналистерін ажырату қиын емес.

Ал енді бұл араб, түрік, парсы, пәкістандық жамағаттардың арасындағы басты айырмашылық не деген сұраққа келсек. Түрік жамағаттарының уахабшылардан басты діни айырмашылығы бұларда да әруақты құрметтеу бар. Бұл, ислам дінін орта ғасырда қабылдаған түркі халықтарының жаңа дінді өздерінің дәстүріне сәйкестендіруімен байланысты болса керек. Яғни халықтардың арасындағы салт-дәстүр ерекшелігі әр халықтың исламды өздеріне тән етіп алуына себеп болған сияқты. Бұлардың арасындағы негізгі діни айырмашылықтарды теологтарымыз ажыратып берер, біз саяси астарын ақтарып көрдік. Басты саяси айырмашылық, ол, болашақ халифтта кім гегемон болады деген талас сияқты. Ислам әлемінде уахабшылар Сауд әулетінің үстем болғанын қалайды, түрік жамағаттары Осман империясы тұсындағы гегемондықты, парсы ағымдары бұрынғы Парсы империясының өктемдігін, Пәкістаннан келгендер өздерінің идеологиясына негізделген халифат құрылуын көздейді.

«Абай-ақпарат»
Әрі қарай

................

Бүгін бізде сабақ басталды. «Жаһандану және медиядан» сабақ беретін ұстаз айтады, бір студент, соңғы курстың студенті, бакалавр, сынақ сұрағында Кеңес Одағы туралы айтыпты. Жауабына қарағанда оның құлағанынан бейхабар сиқяты. Сонда да болса жауаптарды талқылағанда тамырын басайын деп: Кеңес Одағының жағдайы туралы не ойлайсың?-деп сұраған едім: Қиын жағдайда, шытынап сынайын деп тұр дейді,-деді.
Осы сайтта бір кинодағы білместігім үшін мені біраз жерге апарып тастаған еді, мынадай жағдай болса, сразу ату жазатына кететін шығармын,ә?
П.С. Жыным ұстайды кейде. Түріктер біз туралы дым білмейді, дым. Біз құрығанда сол мемлекеттің астанасын білеміз ғо.
Бір күні маған бір түрік: Лорик Цана (Кана) сіздің жақтікі емес па осы, да?-дейді. Қой, ол дейтін албан ғо,-десем: Енді, сол, соны айтам дейді. Албания қайда, Қазақстан қайда?!
Әрі қарай