Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін

Психоанализ мектебінің қысқы сабақтарында курсымыздың бірер сағаты топтасып кино талқылауға арналған болатын.
Мен көрген процесс маған барынша қарапайым көрінді:

1. Кино қараймыз.
2. Топ ішінде өзара әсерімізбен бөлісеміз.
3. Маман (психоаналитик) қорытады.


Міне, осыны психологтар синемалогия немесе кинотерапия деп атайды. Тек оны кинотанумен шатастырып алмаңыз. Кинотану кино өнерін, кинематографтың тарихын, түсіру барысы мен техникалық егжей-тегжейін зерттейді.
Синемалогия термині Италиядан келген. Оған алғаш анықтама берген Антонио Менегетти — психолог, философ, суретші және тағы жеті кәсіптің иесі. Бұл амигоның кітабында синемалогия психотерапия тәсілі ретінде қарастырылады.
Стоп. Стоп.
Бәрі жақсы делік, ал психоанализ, психотерапияға қатысы жоқ адамға синемалогияның қандай пайдасы болуы мүмкін?
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Мола артындағы төбелес"

— Телефонда кіммен сөйлестің?
— Есімі «фак ю»
— Шынымен бе?
— Ия, ол қытайлық © satibaldi

_________________________________________________________________________________________________

Менде бір керемет сюжет бар...: Ауылдағы триллер. Мола артындағы төбелес
Ауыл деп отырғаным өзімнің туып өскен қалам, мен ауылым дегенді жақсы көрем. Георафиялық статусына қарайтын болсақ қала болып саналады екен. Шиваға шүкір 10 мыңнан аса тұрғынымыз бар, көбейтсек пе деген ойда бар. Сол ауылымыз негізінен 4 аймаққа бөлінеді, ешқандай әкімшілік тұрғыдан бөліну емес айтып тұрғаным, байырғы халық бұрыннан өздері-ақ әкім-жақыныңды күтпей бөліп тастаған. Әр аймақтың(бұдан әрі край) өз шекарасы, көшесі, ұраны бар. Әскері, қару-жарағы, басшысы бар деуге де болады негізі.
Әрі қарай

Кассадагалық қуыршақ театры: быламық



Бұл фильмге жеке пікірімді жазу-жазбау туралы күмән-күдік келіп-ақ қалған еді. Мойын бұрып мән беруге тұрмайтын дүние, бірақ, «Прометеймен» таласып-тармаспай, жүйке талшықтарымды тоққа соқтыртып алайын деген көрерменге арнап сөз сүйкей кетуді жөн көрдік.
Әрі қарай

«Ормандағы лашық». Күлкімен қорқытатын хоррор



Үш жігіт, екі қыздың бастарына бәле іздеп жалғыз жол барып тірелетін, я телефон ұстамайтын, я жақын маңда тірі пенде тұрмайтын қалың орман арасындағы саяқ үйге барып уикендті тамаша өткізбекке (?) ниеттенуі басқаны қайдам, жеке өзімнің қорқынышымды емес, күлкімді шақырады. Бұл жолы да солай болар ма еді, кім білсін… бірақ, «Ормандағы лашықтың» осы уақытқа дейін көрген «әсіре» хоррор фильмдерімді мазақтап кеткені неге екені айрықша ұнады.
Әрі қарай

Қарақу (Рецензия емес)

Көптен көргім келіп жүрген. Осы аптада оған да қол жеткіздік. Фильмнің берерінен алары көп секілді. Бүкіл энергияңды алып, түсініксіз үрей туғызады. Денең тітіркеніп, сан түрлі сұрақтар туғызады.
Натали Портманға тағар кінәм жоқ. Ақ пен қараның аражігін сахнадан бұрын өмірінде ажырата алмаған адамның бейнесін тамаша сомдады.
Режиссер Даррен Аронофски тек қана, естисіздер ме, тек қана Оскар үшін түсірген бұл фильмді. Көрермені көп болса да, фильмнің идеясын толық түсінген адам шамалы, соны білем.
Бір ғана нәрсе ұқтым — ешқашан өз істеріңнің фанаты болмаңдар. Оған бүкіл өмірлеріңді арнамаңдар. Жұмысты жұмыс орныңда, үйде өз шаруаңмен айналыс. Сосын… көргеніңнің бәрі шынайы емес, ал "Қорыққанға қос көрінеді" ©.

10 е-баллдық жүйемен 5 деген баға. Бәрі де актрисаның орасан еңбегі үшін.
Әрі қарай

Ликвидатор. Есейген “Рэкетир “



Қанды кек дегеніміз қанға малшынған әділдік.

Бауыржан Тойшыбеков

“Я прочитал сценарий “Ликвидатора”, он мне понравился,

посмотрел фильм “Рекетир” и считаю,

что режиссер (Ахан Сатаев) снимает в стиле Гая Ричи”.

Винни Джонс


Фильмді түсірген: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Сатайфильм» кинокомпаниясы
Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов
Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев
Қоюшы оператор: Хасан Қыдырәлиев
Қоюшы суретші: Дастан Жанғарашев
Композитор: Ренат Гайсин
Рөлдерде: Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әзиз Бейшеналиев, Ментай Өтепбергенов, Виктор Ашанин, Михаил Токарев, Төлеубек Оралбай, Анатолий Креженчуков, Винни Джонс (Ұлыбритания). /Ақпарат “Қазақфильмның” сайтынан алынды/


Фильм сайты: liquidator.kz

7 сәуір. Ақан Сатаевтың “Ликвидаторының” премьерасы болатын күн. Жарым түндегі сеанс. Жарты сағат ерте келдік. Орын қалмапты десе де болады. Өйтіп-бүйтіп екі билет алдық. Отырдық. Басталды.

Трейлерін көріп, аннотациясын оқып, фильмды тамашалап отырып түсінгеніміз мынау болды.
Әрі қарай