Қаззақтардың ерме БАҚ-тары: Істеп Жобысты инерциямен жоқтау

Осы аптаның қайғылы жаңалықтарының бірі — әйгілі саудагер Істеп Жобыстың жұрт ойлағаннан бұрын Шиваға аттанып кетуі. Бірақ қайғылы болғанда, оның кімдерге қайғылы екенін атап өткен жүн. Ол эппл-мәдениет қалыптасып үлгірген БҚШ-қа, Батысқа қайғылы. Себебі қалтаға байланысты таңдау құқығы бар англ-саксондар қаптаған қытайлық Хуйайэйдің орнына тістелген алманың логосы бар электроника алуға қауқары болып, есі дұрыс еуропалық пен БҚШ азаматы АйПұтын, АйПадын тіпті екі-үш реттен ауыстырып үлгірген болатын.

Өздерін заманауи сезінгісі келетін Рашшн Пидерейшннің БАҚ-тары да өтірік-жылап сықтаған болды. Дегенмен, жартыбас
Әрі қарай

“Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” һәм Стив Джобс бақилық



Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун
Алладан келдік және оған қайтамыз! (Бақара сүресі, 156-аят)

Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

… Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне…

Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге “Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун” дегенді, яғни “Алладан келдік және оған қайтамыз” деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да “Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” деп кетіпті ғой.

… Дегенмен! Сондай бір тұлғалар болады. Өмірі көрмегенсің, өмірі естімегенсің, ауқаттас болып, сырласпағансың, бірақ ол туралы естігеннен-ақ кәдімгідей қобалжып бастайсың. Бәлкім менің бұл жағдайымды Майкл Джексонның фанаттары түсінер. Ол кісі өлгенде мен анау айтқандай қайғыра қоймағам. “Адам болған соң өлед тағы?” деп. Енді міне, өзім солардың күйін кешіп отырмын. “Стив Джобс өлді” деген сөз ауыр естіледі екен…
Әрі қарай

Стив орынтағынан кетті


Бүгінгі күннің мен үшін басты жаңалығы ол — Эпплдің (Apple) бастығы Стив Джобстың (Steve Jobs) орнын тапсыруы болды. «MacWorld» журналының мәліметіне қарағанда (ағылш), кеше, тамыздың 24-і күні ол Apple қызметкерлеріне арнап өзінің жолдамасын жариялаған.
Әрі қарай