Стив Джобс дүниеден өтті


Әлемнің ең таңымал брендтерінің бірі — Apple-дың құрушысы Стив Джобс 56 жасында дүниеден өтті.

ғибрат:
«Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз» ...
Бөлісу:

34 пікір

Nurgisa
Жанболат, сеніңше Стив шәхид пе?
janbolat
шәхидтің мұнда не қатысы бар?
omarbirat
Сен сілтемесін берген бетке өтсе, шахидтер туралы аят жасылмен ерекшеленіп тұрады екен.
omarbirat
"(154) Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар." деп
Nurgisa
Сілтеме қойыпсың, сондағы «Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар.» дегенді ерекше көрсетіпсің. Әлде қате сілтеме ме?
janbolat
кешіріңіз мен сол бетке сілтеме қойғам, нақты аятқа емес. аятты сол беттен алдым дегенім ғой (156 аят)
Nurgisa
Таңертеңгілік шайды ішіп жатып, Евроньюсты қосқам. Сол жерден беріп жатыр. Өмірбаянын, Обама, Цукерберг пен Гейтстің қайғыра көңіл айтуларын. «America has lost its visionary» депті АҚШ президенті. «Америка өзінің новатарымен қош айтыстыға» саяды. Гейтспен арасы бір жас олар әрі дос, әрі бәсекелес бопты. Біріншісі майкрософт, Стив "әпілдің" арбасын сүйреген өрге. Нәтижесінде қолданушы біздер ұтқан сияқтымыз.
omarbirat
Өткен жолы Эми Уайнхаус деген әнші қайтыс болғаннан кейін дискілерінің сатылуы ол тірі кезде көрмеген көрсеткіштерге жеткен екен. Әпыл өнімдерінің де фанаттары көп екенін ескерсек, iPad2 мен iPhone 5 енді көп сатылатын шығар. Бұл дүние небір қиялиларға толы.
janbolat
iphone 5 деген жоқ ))
Nurgisa
Жанболат, ағаң 4с модификациясын айтып отыр, екі күн бұрын жария етілген.
omarbirat
Бар екен деп жүрсем… Елге көрсетіп мақтану үшін шығарылатын өнімдерді қолданбаушы едім. Nokia аман болсын.
janbolat
сонда сіздіңше мақтану үшін ғана қолданады ма адамдар? )))
omarbirat
Иә, дәл солай. Одан екі есе арзан тұратын құрылғыларды пайдалануға не кедергі?
patick
Омар браттың сөзі негізсіз айтылып отырған жоқ. Қытайлар просто iPhone 5 шығардық деп жариялап үлгерді.
omarbirat
Иә, қытайлар шғарып тастапты үжі.
timurrr
Б(ы)рат, менің болжамым керісінше. Стивтің өзімінен соң Эпплің құрып, оның девайстары мал боп кететін сияқты…
patick
Жақында ғана пенсияға шығып еді. Тарихта аты көпке дейін сақталатынына сенімдімін.
Aldeken
Жақында ғана пенсияға шығып еді.
адамды өлтіргің келсе, оны демалысқа (зейнеткерлікке) шығар дегенді естіп едім. Өмір бойы жұмыс істеп үйренген адамдар, жұмысты қойып, демалысқа шықса, денсаулығы күрт нашарлап, ауруларға шалдыға бастайды екен де аяғы адамның өліміне әкеп соғады екен-мыс…

Дегенмен қиын болған екен…
patick
өзі де сырқатына байланысты шықты ғо зейнетке
Nurgisa
Өмірбаяны қызық. Шешесі Джоан Кэрол Шибле Стивті Пол және Клара Джобс жанұясына тапсырады асырауға. Өсе келе Стив алдымен Портлендтегі колледжге түседі, бірақ бірінші семестрден кейін өз қалауымен оқуды тәрк етеді. Көп ұзамай каллиграфия курстарына барып, Макинтош үшін масштабталатын шрифттер ойлап табады. Одан соң Стив өзінің мектептегі досы Вознякпен Apple компаниясын құрады. Ол компаниядан бір кетіп, қайта қосылады. 1986 жылы кейіннен Pixar деп аталып кеткен The Graphics Group компаниясын сатып алады. 5 млн. долларға. 2006 жылы Стивтен Уолт Дисней Pixar акцияларын 7,4 млрд. долларға сатып алады. Стив сатады және онысымен қоймай, Диснейдің ең ірі акционері болып қалады, үлесіне компанияның 7 пайыз акциясы өтеді. Ары қарайғысы белгілі… Apple ұсынған айфон, айпадтар рыноктағы рекордтарға қол жеткізеді. Жеткізіп келе жатыр. Жеткізе беретін сияқты…
Simona
Өмір баянының ең қызық жері мен үшін: ол кісінің әкесі сириялық Абдулфатиқ Жандали, анасымен көзінің тірісінде, тағы бір қарындасын да асырауға береді. :-о Қарындасын 30 жылдан кейін есейгеннен кейін ғана танысады.
Abilakim
Иманы жолдас болсын!
Nurgisa
Дұрыс Iтасың, Iсұлтан.
Gulistan
Таңертең Фейсбуктен көрген алғашқы жаңалығым осы болды. Иманы жолдас болсын.
БАсқа басқа, адамзатқа пайдасын тигізіп кетті ғой. Енді ісін жалғастырушылар іркіліп қалмасын дейік.
AKY
Қайран Істеп Джобс-ай… Жатқан жері жайлы болсын.
Nurgisa
Біз осылай айтамыз. Орыстар «пусть земля ему будет пухом», америкалықтар көп ретте «I will miss you» дей салатын ұқсайды.
Karakyz
rest in peace демей ме?

Шыныда да, өмірбаяны адамды ойлантады. Стенфорд түлектерінің алдындағы сөйлеген сөзінен ақ үлгі алуға болады ("өмірде өзіңе ұнайтын іспен айналыс" дегенге саяды басты ойы)
janbolat
иә, өлім туралы да ойландырарлық әңгіме айтады.
asaubota
шынымды айтсам пәлендей елеңдей қоймадым. Эпплдың өнімдерін пайдаланып көрмеппін.
Serzha
менде, ешқашан пайдаланып көрген жоқпын. бір рет ipod ұстап көрдім
Zhan
Газеттің келесі нөміріне «Форбс» журналы миллиардерлердің тізімін анықтады" деген мақаланы аударып басып берген кезде аты-жөні есімде қалған екен.
Serzha
эпл өнімдері ракқа алып келеді, стив соны дәлелдеді