UFC: Жұмабек - сегізбұрышта!

Сонымен, көптен күткен күн де келіп жетті. Кеше ғана (29 наурыз) UFC ұйымы Қытайдағы қандасымыз Жұмабек Тұрсынмен келісім-шартқа қол қойды. Құтты болсын! Жұмабекке жеңістер тілеймін.
Жекпе-жекке қашан шығатыны әзірге белгісіз.
P.S. UFA-ға бір түрлі қимап едім

Суреттің алынған жері
Әрі қарай

Рингтегі ММА туралы

Astana TV арнасынан мына жерде жазылған аралас жекпе-жектен жарысты жаңа көріп тастадым. Расын айту керек, мақалада соншама ауыздарының суы құрып жазғандай, «правильные бои без правил» деген нәрселерді көре алмадым. Төбелестері — сол баяғы деңгейдегі төбелес. Жалғыз ерекшелігі — раундтардың нөмірі бар тақташаны рингке көтеріп шығатын қыздар ғана жалаңаштанған (бұрынғыларда қазақша көйлек киіп шығатын).
Бір байқағаным — бокс, кикбоксинг, муай тай немесе сават сияқты қақиып тұрып төбелесетін жекпе-жек түрлерінде болмаса, күресуге рұқсат етілетін жекпе-жектерді рингте өткізіп қажет емес сияқты. Күресуге кірісіп кеткенде, қарсыластардың
Әрі қарай