UFC: Жұмабек - сегізбұрышта!

Сонымен, көптен күткен күн де келіп жетті. Кеше ғана (29 наурыз) UFC ұйымы Қытайдағы қандасымыз Жұмабек Тұрсынмен келісім-шартқа қол қойды. Құтты болсын! Жұмабекке жеңістер тілеймін.
Жекпе-жекке қашан шығатыны әзірге белгісіз.
P.S. UFA-ға бір түрлі қимап едім

Суреттің алынған жері
Бөлісу:

6 пікір

omarbirat
Тойлау керек мұндайда!
omarbirat
Көп жекпе-жекшілер армандайтын үздік промоушенде өнер көрсететін болды.
UFC-де өнер көрсетуді армандамайтын ММА спортшысы генерал болғысы келмейтін солдат сияқты, опшым
Adiletshu
Кеше бір спортшы рингке шығып неге төбелеспей кетіп қалды?
omarbirat
Бойкот. Бірінші жекпе-жекте әзербайжан спортшысын жығып бергені үшін клубтасына қолдау ретінде шығып кетіп қалды. Түркияның атынан шыққанымен, ол жігіт әзербайжан ұлтынан болатын. Магомедзаде мен сол Осман Надир екеуінің секунданттары бір адам болды, байқаған болсаң.

Өзім сол төбелестің соңын ғана көріп қалдым. Бірақ басымдық Вугар Магомедзадеде болған сияқты еді. Басында қалай болғанын білмеймін.
Әзербайжанның спортшыларының наразылығы бар, чечен спортшысын бірінші раундтан кейін сегізбұрыштан шығармай, жолын бөгегендері бар, түсінбестіктер көп болды кешегі кездесуде. Бұдан кейін сырттан жекпе-жекшілер келе қояр ма екен. Кәдімгідей беделге нұқсан ғой.