Ая қыз. Алматы

Жалықты ма екен қаладан қабағы ғарып,
Мұңайып тұрды Ая қыз жанары налып.
Бұрымын тербеп, жанына еркелейтұғын,
Сағынды ма екен Семейдің самалын-мамық.

Талпынып еді арманның жырақ таңына,
Жолықты жаны ызғарлы жыл ақпанына.
Ұяттан, жаным, Алматы өртеніп жатыр,
Семейдің ерке елігін жылатқанына.

Мұзбалақ емес қанатын дауыл шыңдаған,
Жасүлпек еді қайырылды, қауырсын — қадам.
Бір қызды несін жылаттың, нән шахар едің,
Миллион адам әуенін ауырсынбаған.

Құшағына алып «Періште», «Періні» кілең,
Құшатын еді даңсалы еріні бір ем.
Көз жасын қыздың қорқаудай сіміріп жатыр,
Алматы енді арудан жеріді білем.

Сұлуға айтушы ең сырыңды, елден жасыра,
Үркіттің неге, елікті келген қасыңа.
Алматы ішті тойынып атаукересін,
Шөлі бір қанып Аяның кермек жасына.
Жақсылық Қазымұрат, 18.09.2009 жыл
Әрі қарай

Алматыны аңсау

Ат терлетпей-ақ, поездің түтінің шығарып (көз жасымды көлдетіп) Ақтауға да жеттім-ау. Мені сүйікті Алматымнан кетуіме себепкер болған Ақтауды қалай жатырқамайын. Алайда мен келгелі жел де соқпады, күн де күлімдеді. Маған ұнағысы келгендей. Қала аралауға әлі мүмкіндік болмады. Шағын, жылы қала екен. Каспийді көрдім алыстан. Кинопремьералар Алматымен бірдей-ақ жүріп жатыр екен.
ПыСы: Пропискам Ақтауда болса да, жүрегім Алматы деп соғады:
Әрі қарай