Бүгінгі саябақтың көрінісі

— Мен күзді жақсы көрем.
— Әркімнің өз күзі болады…
— Менің күзім, ендеше осы күз.
— …
— Неге үндемейсің?
— Сені тыңдап…
— Мен күзді, сосын сені жақсы көрем…
— Рахмет, сен көп нәрсені жақсы көретін сияқтысың ғой…
— Жоқ, тек сұлу күзді, сосын сұлу қызды сүйем
— Ал маған, сары күз — кәрі қыздың өмірі секілді, сүреңсіз, жалықтырарлық…
— Сен қатыгезсің…
— Бәлкім…
— Бүгін осылай үнсіз қыдырыстап жүрейікші, жауын жауатын сияқты.
— Қолшатырымды қалдырып кетіппін.
— Мен саған қолшатыр бола аламын, қорықпашы
— Жылауық жаңбырды жек корем.
— Қашпашы менен…
— Кетейік, тоңдым…
— Менің жылыуым екеумізге де жетеді.
— …
— Сен мені сүймейсің…
— Қойшы, бастамашы…
— Бір рет болса да айтшы… сүйем деп…
— Түу, неге әр кездескен сайын сұрайсың?
— Иә, білем, саған қандай жігіт керек екенін
— …
— Тағы да үндемейсің? Бірақ мен сені оған бермеймін… Есіңде болсын!
— кімге?
— Топтарыңа жаңадан келген бала… Назгүл айтқан, сені ұнатады екен…
— Ал мен ше?
— Енді сенің де соған көңілің бар екенін сезіп қалдым.
— Сезгіш болсаң, менің жанымның нені қалайтынын біліп алшы… Жанымды жеп біттің…
— Жылама, жылауық күз құсап…
— Құрып кет!
— О, болмайды. Ешкімге бермеймін, ешқайда кетпеймін.
— Сен маняксың!
— Сені сүйгеннен манякка айналдым. Ал сен… ал сен қайдағы біреуге бола… Оны тіпті танымайсың да ғой…
— Мейлі, сенен құтылсам болды… Азабыңның таусылар күні бар ма?
— Бар, маған күйеуге шық!
— Ойлама!
— Онда кет, анау жәдігөй еркекке барғың кеп тұрған шығар, аа, білем, сен екеумізбен кезек кездесіп жүрсің ғой… Тоқта…
— Жібер, жұлқылама. Жібер деймін!
— Мен сен үшін жүрмін осы жақта. Есіңде болсын, маған күздің де, сұлу қыздың да бір тиынға қажеті жоқ, түкірдім бәріне, шешем сені алып келмесең кірмейсің деген үйге. Так что мен сені ешкімге бермеймін. Ұқтың ба?
— Есалаң, мені сен емес шешең алайын деп отыр ма?
— …
— Сен сүймек түгіл сөйлеудің де жөнін білмейсің!
— Сен сияқты университетте оқымаймын.
— Бірақ университетте оқитын қызды алғың келеді…
— Маған сен керексің… Неге түсінбейсің? Сүйем сені…
— Қойшы, жіберші…
— Жаңа ғана тоңып тұр едің ғой…
— Сен жылытпай-ақ қой… Жылуыңа зәру емеспін!
— Солай ма? (шапалақ)
— Сұмырай… Қолың сынсын! Жолаушы болма маған…

Жаңбыр сіркірей бастады. Жылай жүгірген қызға қарай ұмтылған жігіт қалт тұрып қалды. Жаңбырды жек көріп кетті… Күзді де…
Әрі қарай

ART-алаң

Алматыда сегізінші маусымда «АРТ-алаң» деп аталатын жаңа әлеуметтік-мәдени жобаның тұсауы кесілді.
Енді алдағы үш ай демалыста қаламыздың саябақтарында әуен, би, театр, кино, әдебиет пен сурет көрмесі, граффити, йога-шоуы, жәрменкелер мен балаларға арналған шығармашылық шебер класстары және басқада ойын-сауықтар өтететін болады.

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң
Әрі қарай

Қайыршы музыкантқа ғашық боп қалама?

(жалгасы)Үйге келген соңда ойымнан қара торы жігіт кетпей қойды.Жүрегім кеудеме сыймай,құлағымнан даусы кетер емес.Ертеңіне сабақан кейін саябаққа бардым, оны коп күттім келмеді.Ертеңіне де арғы күні де келмеді.Үміт соңынан өледі демекші жүрегім келмесіне сенбей, коп уакыттан кейін саябаққа келіп отырғышқа отыра бергенде ойып жазылған жазуды кордім:
-Қорықтым сіз ақшасы жоқ қайыршы музыкантқа ғашық боп қалама,- деп жазған екен.Мен мұның өзіме жазылғанын бірден білдім.Әттең ол кешікті өйткені мен оған бір коргеннен ғашык боп қалған едім. Өмір бірде қуаныш, бірде қайгы боп өтіп жатты.Дегенмен ол жағдайдан кейін баққа қайтып бармадым!
Әрі қарай

Саябақ күнделігінен

Осыдан 4 жыл бұрын өзіміз қыдыратын бақтың ішінде отырмын, қолымда бір бөтелке сыра, орындықтың астына тағы үшеуін ептеп жасырып қойғанмын.
Әйеліммен ренжісіп қалған күндерімнің бірі еді бұл…
Көз алдымдағы фонтанның тас қоршауларына қарап ызаланамын; — Сендер куә болдыңдар ғой сол кезде неге ескертпедіңдер маған, құрып кеткір тастар-ай тіл бітседе айтпайсыңдар ау… мүмкін бәрі өзімнен кеткен шығар, сол кездің өзінде қырсық еді ғой сабазың…
Салқын сыраны құшырлана сіміріп қиялға қарық болып отырғанымда, осы бақта өзімнің басымнан өткен сәттер алдымда қайталанып жатты. Қыз бен жігіт бір — біріне сөз бермей өршелене дауласып келе жатты да, менің алдымдағы орындыққа отыра кетті, мен оларды арт жақтарынан бақылап отырмын, қыз бірдеңені жігітке түсіндірмекші болады жігіт оған құлақ аспайды. Біраздан кейін екеуі де үндемей біраз отырды да жігіт қасындағы басқа орындыққа ауысты, ал қыз болса соткысын шұқылап бас алмайды. осы кезде жігіт орнынан тұрды да қызды тастап кетіп бара жатты. Артыңа бұрыла көрме деп тілектес боп мен отырмын, жоқ жігітіміз жігерсіз боп шықты (кезіндегі өзім сияқты екен) бір бұрышты айналып кішкене жүрді де қайта айналып келіп анадай жерден:
-таңертең хабарласамын — деді.
Қызда үн жоқ.
— Ертең звандаймын жарай ма?
Қыз басын көтерген де жоқ.
Амалы таусылған жігіт қыздың қасына келіп алдаусыратқандай болып дөрекілікпен оны өзіне қарай құшақтай бастады, қыз оған көнбей кері серпілді.
Дәл осы кезде мүлде күтпеген жағдай болды, "қап масқара болғаның -ай" дедім ішімнен.
Кешке дейін ыстық күнде көп жүріп басынан күн өткендікі ме, жігіттің мұрнынан қан кетті, қызды алдаусыратқан жайында қалып отыра кетіп мұрнымен алысты жігітің, бірақ қыз мейірімді болып шықты дереу сумкасынан орамалын алып шығып жігітке берді, босаған сусын бөтелкесін алып фонтаннан су алып шығып қолына құйып жатты.
Осындай жағдай дәл менің басымда қайталанса деп ойлап көрсем масқара екен, менікі рахаттана бір күліп алатын шығар.
Екеулеп мұрынның қанын әзер тоқтатқаннан кейін, енді жайдары әңгімеге көшті бұл екеуі, құшақтасып сүйісіп те алды.
Меніңше жігіт қателескен жоқ, жарын дұрыс таңдаған екен деп ойладым…

Мен төртінші бөтелкенің ауызын аштым, олар қолтықтасып кетіп бара жатты…
Әрі қарай