ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруымен 8 қараша күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында «КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты шеберлік сынып өткізілді.
Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының талдау және мониторинг болімінің бас маманы-Матжанова Жұлдызай Кньязевна ашып өтті. Шеберлік сыныптың спикерлері: Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ғылым және халықаралық қарым-қатынас бөлімінің бас маманы, ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Жаксылыкова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты Айдие Айдарбеков, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әбдіманат жастармен үш тілділік саясаттың маңызы бойынша, қәзіргі таңдағы жастардың рөлі мен алар орны тақырыбында пікір алмасты.
Сабина Орынбекқызы 7 тіл меңгерген жас ретінде жастарға өзінің қалай тіл тез меңгеруі бойынша және көп тіл білген жастардың қәзіргі қоғамға қажеттілігі бойынша пікір айтып өтті.
Айдие Ұланбекұлы Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты, жастарға үлкен мотивация берді. Ол осындай үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша, ол жетістіктерге тіл меңгеруінің нәтижесімен болғанын баса назар аударып өтіп, Кино саласындағы армандарымен бөлісіп өтті.
Ал соңғы спикер Ерғазы Әзімханұлы тіл меңгерудің маңыздылығы бойынша тоқталып өтіп, өзінің жаста болса, үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша айтып өтті. Жастарға болашақтарына үлкен мотивация беріп, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Шара соңында жастардың сұрақтарына әр спикерлер жауап беріп, естелік суретке түсті. Осындай шаралар көп болсын деген жастардың ұсыныстары көп болды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ №14 ОРТА МЕКТЕП «КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруымен 9 қараша күні Жамбыл облысы Тараз қаласы №14 орта мектебінде көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында «КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты шеберлік сынып өткізілді.
Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының талдау және мониторинг болімінің бас маманы — Матжанова Жұлдызай Кньязевна ашып өтті. Шеберлік сыныптың спикерлері: Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ғылым және халықаралық қарым-қатынас бөлімінің бас маманы, ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Жаксылыкова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты Айдие Айдарбеков, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әбдіманат жастармен үш тілділік саясаттың маңызы бойынша, қәзіргі таңдағы жастардың рөлі мен алар орны тақырыбында пікір алмасты.
Сабина Орынбекқызы 7 тіл меңгерген жас ретінде жастарға өзінің қалай тіл тез меңгеруі бойынша және көп тіл білген жастардың қәзіргі қоғамға қажеттілігі бойынша пікір айтып өтті.
Айдие Ұланбекұлы Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты, жастарға үлкен мотивация берді. Ол осындай үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша, ол жетістіктерге тіл меңгеруінің нәтижесімен болғанын баса назар аударып өтіп, Кино саласындағы армандарымен бөлісіп өтті.
Ал соңғы спикер Ерғазы Әзімханұлы тіл меңгерудің маңыздылығы бойынша тоқталып өтіп, өзінің жаста болса, үлкен жетістіктерге қалай жеткені бойынша айтып өтті. Жастарға болашақтарына үлкен мотивация беріп, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Шара соңында жастардың сұрақтарына әр спикерлер жауап беріп, естелік суретке түсті. Осындай шаралар көп болсын деген жастардың ұсыныстары көп болды.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Ж. Жабаев атындағы №1 мектеп гимназиясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде«Your English level» тақырыбында сұхбат жүргізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың 11 қазан күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Ж. Жабаев атындағы №1 мектеп гимназиясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде«Your English level» тақырыбында сұхбат жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыру. Мойынқұм ауылының №1 мектеп гимназиясында өткізілген «Your English level» тақырыбында сұхбат барысында алғы сөздерді
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жақсылық Нұргүл Берікқызы және «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Әлібек Жарылхасынұлы сөйлеп «Полиглоттар» клубының жобасы түсіндірілді. Сөз кезегін клуб президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы бастады. Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы «Полиглоттар» клубының мақсат-міндетімен және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырып, «Your English level» тақырыбында сұхбат жүргізді. Сұхбат жүргізу барысында түрлі сұрақтар қойып сұхбаттар жүргізу арқылы қатысушылардың басқа тілдерді білі деңгейлері анықталды. Іс-шара қорытынды бойынша қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.