Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Ж. Жабаев атындағы №1 мектеп гимназиясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде«Your English level» тақырыбында сұхбат жүргізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың 11 қазан күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Ж. Жабаев атындағы №1 мектеп гимназиясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде«Your English level» тақырыбында сұхбат жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыру. Мойынқұм ауылының №1 мектеп гимназиясында өткізілген «Your English level» тақырыбында сұхбат барысында алғы сөздерді
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жақсылық Нұргүл Берікқызы және «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Әлібек Жарылхасынұлы сөйлеп «Полиглоттар» клубының жобасы түсіндірілді. Сөз кезегін клуб президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы бастады. Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы «Полиглоттар» клубының мақсат-міндетімен және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырып, «Your English level» тақырыбында сұхбат жүргізді. Сұхбат жүргізу барысында түрлі сұрақтар қойып сұхбаттар жүргізу арқылы қатысушылардың басқа тілдерді білі деңгейлері анықталды. Іс-шара қорытынды бойынша қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше