Блогкемпке домбыраны не үшін апардым?
TOTY да қойыпты төтесінен сауалын. Домбыраны пәлен үшін тартамын, түгенді айтамын деп күнібұрын жоспар сайланбап едім, негізі. Әйтеуір, бас қосылса, бәлкім, ортақтаса Шәмшінің әндерін айтармыз, басқа бір кәдеге жарап қалар деп апарған едім расы. Домбыра апара салуда қиянат жоқ сияқты. Жейде үлестіріп жатқан кей блоггер әріптестерімнің шымши "Әдейі ерекшелену үшін әкелдіңіз ғой, иә?" деп қылжақтауы да ақыр соңында сол домбыраның шертілуі керегіне дәнекер еді. Зилола ханымның ұсына қойған көк түсті дәптері мен қаламы презентацияма бір сағаттай уақыт қала болған жағдай еді. Отыра кетіп бір нәрселерді шимайлай бастадым. Бұны Сатыбалды туралы толғаудың қалай шыққанымен бөлісу үшін жазып отырмын десем жарайтын шығар. Бірер сәттен соң мына бір екі шумақ туды:
Әрі қарай