Бір орман ертегісі
Аю сиықсыз, маймақ және лас жануар еді. Бірақ, ол сияқты қайырымды ешкім жоқ еді орманда. Бірақ аңдар оны тек түріне қарап бағалаушы еді. Бұл Аюға ұнамайтын, сондықтан ол оларды ұстап алып, аяқтарымен қаттылап тепкілеуші еді. Сондықтан аңдар оны жақсы көрмейтін. Қайырымды болса да. Және көңілді болса да. Ол қызық әзілдер айтушы еді. Сол үшін де аңдар оны ұнатпаушы еді. Ұратын еді оны. Иә, өмірде қайырымды және көңілді болып жүру қиын нәрсе.
Қасқыр да сиықсыз және лас еді. Және ол сондай жауыз және мейірімсіз еді. Бірақ, аңдар оны жек көрмеуші еді және оны ұрмаушы еді. Себебі Қасқыр балалық шағында өлген еді. Өйткені, Аю Қасқырдан бұрын өмірге келген еді. Иә, Жақсылықтың Жамандықты жеңгені қашан да жақсы.