Наклейка

Сөз етпейтінді сөз етті дерсіздер.Бірақ, осы наклейканың елімізде модыға енген жылдары бар. 1984-88 жылдар аралығында наклейка дегендерің қат дүние болатын. Баласы Германияда, Венгрияда әскери борыштарын өтеп жүрген үйлердің шкафтарының қақпақтарында, сервантарының бұрыштарында сары шашты бұйрабас қыздардың, басқада қыздардың немесе қалалардың көрінісі бар наклейкаларын жиі көріп қалуға болатын еді.Бұл наклейкаларды жабыстырудың өзіндің ләззаты мен машақаты бар еді. Жылы суға салып ерітіп, одан кейін әлгі наклейкаңның езіліп кетпеуін қадағалап асқан дәлдікпен жабыстырудың өзі өнер болатын. Кейін келе ғой наклейка жарықтықтар сағыздың ішінен шыға бастап, не боса соған жапсырылғандары.
Әрі қарай

Жараспайтын нәрселер де болады

Қазір жігіттер де қыздарда өздеріне жарасса да жараспасада денесіне жазулар жазып, суреттер салып алатын болыпты. мүмкін бұл жазулар белгілі бір уақыттан соң денеден кетіп те қалар. Бірақ көбіне жараспайтыны анық. Жақында банкте кезекте тұрған бір қызды көрдім.Мойнына жылтырап тұратын роза гүлін жапсырып алыпты. Баяғыда балалар қолдарына сағыздың наклейкаларын жапсырып алушы еді сол елестеп кетті.
Суретті рұқсатсыз, алыстан жақындатып түсірдім.
Әрі қарай