Астананың ең экстремал кафелері



Кейде адамның делебесі (мүмкін адреналин сөзінің қазақшасы осы сөз болар?) қозып, басына және тасына оқиға іздейтін кездері болады. Астана тәртіпті қала, ұрынатын адам табу оңай емес. Дегенмен астаналық гастарбайтерге өз Отанын сағындыртпайтындай жерлер де жоқ емес әрине. Іздегеніңіз төбелес пе, шатақ па, дау-дамай ма? Арнайы сіздер үшін Елорданың ең экстрим мекендерін іздестірдік.

Ақжайық кафесі.
Вокзал маңындағы осы бір кафе сізге Астана атмосферасына бірден еніп кетуіңізге рұқсат бермейді. Әлі вокзал-пойыз ауасымен демала тұрып, осы кафеге кіріп, өзіңізді әлі өз қалаңыздай сезінесіз. Жылы арақ, тұрып қалған сыра, резіңке шашлық және арзан бағалар сізге бірден қымбат Астана аурасына кіруіңізге рұқсат бермейді. Жиналған контингент те сіз сияқты түрлі жерден келгендер болғандықтан бір-біріңізге жаман көзбен қарауыңыздың өзі конфликттің сәлден кейін басталатынын білдіріп тұрады. Кетерде есік алдында темекі тартып тұрған жігіттерден де несібеңізді ала кетіңіз.
Әрі қарай

Нео-мәңгүрттер

Мәңгүрттіктің жаңа түрі. Мәмбет мәңгүрт болуға ұмтылады.



Жұмыспен бір мем.мекемеден бір жігіт хабарласады соңғы кездері. Сөздерінен, стилінен қазақша сөйлейтін, ойлайтын бала екені білініп тұр. Өзіне тапсырылған жұмысты жетік білмейді. Орысша ұзақ, қиын сөздермен сөйлейді. Менің шыдамым жетпей "қазақша айта берші" деп едім. Азғана үнсіздіктен кейін «на казахском плохо разговариваю» дейді. «Орысша да сөйлей алмай тұрсың ғой» десем, «нет, я просто мысли не могу собрать» деп жауап берді.
Әрі қарай

Мәмбет фотоларымыз

Мәмбет фотоларымыз деген не? Таза понт ұстау үшін түскен суреттер, қолды барынша созып өзін өзі түсірген суреттер, гоп мәдениеті стиліндегі фотолар және өзіңіз мәмбет санайтын стильде, образда түскен фотолар. Мысалы мынандай:



Суреттерді жеке пост ашпай, осы опик астына салыңыздар. Сурет қою үшін ең тиімді жол radikal.ru сайты арқылы жүктеп, сосын кодын осында қою.
Әрі қарай

Шоған Абыз(1584-1642)

Шоған Абыз Ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет

Сол бір замандарда 13 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болған екен. Абыз атағын бұл бабамызға елі беріпті. Мына ескерткштегі ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет
Әрі қарай