Астанада Челябинск облысының күндері басталды
Сәуірдің 11 күні елордада Челябинск облысының Астанадағы күндерінің салтанатты ашылуы өтті. Шараға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Челябинск облысының губернаторы Борис Дубровский қатысты.
Жалпы, Астана мен Челябинск облысының арасындағы ынтымақтастық 15 жылдан бері жалғасып келеді. Аймақтар арасындағы қарым-қатынас ресми түрде 2001 жылы қазан айында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылғанда басталған болатын. Бұл жолы екіжақты кездесу барысында Астана қаасының әкімі мен Челябинск облысының губернаторы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, өзара ықпалдастықтың перспективті бағыттарын айқындады.
«Достық қарым-қатынас сабақтастығы сақталып, жалғасын тауып отырғаны қуантарлық жайт. Уралдық әріптестеріміз бен достарымызды әрқашан да құшақ жая қарсы аламыз. Делегацияның осы сапары аймақтардың экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге айтарлықтай серпін бермек»,- деді Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы Астана мен Челябинск облыстарының географиялық жақындығы осыған өз ықпалын тигізетінін атап өтті.
Астана әкімі аймақ басшысын Челябинск облысының 2020 жылы ШЫҰ мен БРИКС саммитін өткізу құқығын жеңіп алғандығымен құттықтады. Өз кезегінде, Б. Дубровский Қазақстанның астанасына қаланың халықаралық кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибесін зерттеу үшін келгендігін жеткізді.
«Астананың халықаралық кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибесі аса маңызды. Астанадан үйренеріміз бар – халықаралық тәжірибе перспективасында да, іс-шараларды ұйымдастыру жағынан да. Біз осы дағдыларға қызығушылық танытып отырмыз», — деді Челябинск облысының губернаторы. Б. Дубровский Қазақстанның елордасы 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізуге дайын болатынына сенімін білдірді. Аймақ басшысы ресейлік тараптың Астананы, соның ішінде туристік салада қолдайтынын жеткізді.
Сондай-ақ губернатор Астананың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәжірибесін, аймақта бизнес-климатты жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті. Осы және басқа да салаларда қолға алынған жұмыстар туралы толығырақ тараптар іскерлік кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» барысында талқылайтын болады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік пен ШОБ қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы ресейлік қонақтарға Кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтып береді.
Елорда әкімдігінде тараптардың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, инвестициялар, кәсіпкерлік және туризм салаларында ынтымақтастық орнату туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, бірқатар мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Бүгін хоккейден «Барыс» және «Трактор» балалар командаларының жолдастық кездесуі өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында Оңтүстік Уралға арналған көркемсурет көрмесі, Челябинск облысының шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.
Апталық аясында қонақтар Астананың өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік нысандарымен танысады, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығымен кездеседі.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай