Мен мүгедек емеспін...

мүгедек жан
Тағдырдың талқысы дейін бе, әлде бұл да бір Құдайдың сынағы десем бе екен? Екінші ойым дұрыс шығар, себебі әр адам өз тағдырын таңдап емес, тағдырыңа не жазылса да соған көндігеді емес пе?
Мүгедек. Қандай ауыр сөз еді. Бірде қоғамдық көліктердің біреуіне мінгенім сол екен, ішінде барлық адамдардың жанары менде еді. Мені аяп бірі орындығын берсе, біреуі жол бергендей болды. Есікке жақын орналасқан бір орындыққа жайғастым. Артқы жағымда отырған бір-екі жас балалар мені әңгіме етіп жатқанын сездім. Тіпті біреуі осындай «мүгедек» ауру адамдар неліктен үйінде отырмай ма екен деп дүрс етті. Жүрегім зу ете қалды. Сол мезетте тұра қап бәрін түсіндіргім келген неге осындай күй кешіп жүргенімді. Бірақ, неге?..
Неге мен әлдебіреудің алдында ақталуым керек? Неге мен қоғамдағы адамдарға өз жанайқайымды жеткізуім керек? Кімге керек ол? Бұл маған Жаратқан құдайдың беріп жатқан сынағы деп қабылдап келем. Алайда қоғам мені жатсынып бір-ақ сәтте ештеңеге жарамсыз адамдай итеріп тастады. «Сен мүгедексің» деп. Межелі жеріме жетіп автобустан түскен бойы жол бойы өзімді-өзім жұбатумен келем. Мен мүгедек емеспін…
Әрі қарай

Суреттер сөйлейді

Айналамызға зер салып қарар болсақ, өмірдің сәулелі сәттерін аңғара білмейтін көзі бар соқыр, тіршіліктің жанға тыныштық сыйлайтын сазды әуендеріне құлақ түре білмейтін құлағы бар керең, сөйлейтін жерде сөйлемей қалатын тілі бар мылқау, өмірдегі өз орнын таба алмай адасып жүрген рухани мүгедек жандарды кездестіруге болады. Өмір сынағына мойымай, сүрінсе тұра біліп, үмітін үзбей, алға жылжи білетін мына бір адамдар шынайы бақытты жандар болар, бәлкім… Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі.



Әрі қарай

Рухани мүгедектер



Құрылтайдың бірінші түнінде осында жарияланған реніш толы бір мақала басқалардың да жүйкесін жұқартты. Орыстардың бір платформасында жарияланған бір мақала туралы болатын ол. Бұл мәселе үлкейіп кетпес үшін бұл тұрғыда өз ойымды айта кетейін.

Ең алдымен ол мақала қайда және кім жариялады, оны қолдағандар кімдер?
Мақала орыстардың блог платформасында жарияланды, жазған да қолдайтындар да орыстар. Олар үшін өздерінен басқаның бәрі мәмбеттер. Құрылтайға қатысқандар да, сондағы тірліктер де, тіпті логотиптің өзі мәмбеттерше жасалған. Өйткені интернет қазақтарға жат нәрсе деп санайды, өздерін мықтымыз деп санайды. Гаста айтпақшы менің ойымша бұл комплекс. Олар былай қарасаң не орыс емес, не қазақ емес. Орыстарға еліктеп, Рунет «заңдары» бойынша жүргілері келеді. Рунеттің Қазақстандағы бір бөліктері екенін түсінбейді. Орыстарға қатты еліктесе де олар бәрібір орыстар үшін мәмбет екендерін білмейді. Олар рухани мүгедек, жарымжандар.

Неге рухани мүгедек?
Әрі қарай