Еліміздегі бесінші дубляж - «Монстрлар университеті» хақында

19 маусым күні Алматы қаласында «Chaplin» кинотеатрында «Болашақ» ассоциациясы мен «Marwin» компаниясы «Алтын Қыран» және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен «Монстрлар университетін» БАҚ құралдары өкілдеріне алғаш рет қазақша сөйлетті. 3D эффектілі фильм ретінде картинаның шынайылығын айта кеткен жөн. Бұған «Pixar» студиясының фильмді түсіру барысында ашқан жаңалығы «жаһандық илююминацияның» (GI) әсері зор болды десек артық айтқан болмаспыз. Кинографистер үшін жарықты бірнеше жарық беруші нүктелерден емес, бір ғана үлкен жарық түсіруші ресурстан жарық алу ғылыми революциямен тең болды. Мұндай жарық беру барысында картина шынайырақ бола түседі. Мультфильмнің техникалық құрастырылуы мен кейіпкерлер образдары өте сәтті жасалғанын да атап өту керек.

kinostan.kz
Әрі қарай

Қазақша мультфильм

Жұмыстағы әріптесім осы мультикті көріңдерші, балаларым қызығып көреді деп көрсеткен еді. Қазір ұялы телефондарда кеңінен таралып жатыр екен. Мүмкін сіздердің балаларыңыз, іні-қарындастарыңыз көрмеген шығар. Көріп, бағалай жүрейік

Әрі қарай

Момын мен қарақшылар

Осы жердегі біразымыздың үлкенді-кішілі балаларымыз бар. Оларға қазақша мультфильм көрсеткіміз келеді, бірақ олардың саны саусақпен санарлықтай ғана. Кейінгі кезде «Алдар көсе» шығып жанымыз қалып жүр әйтеуір.
Назарларыңызға тағы бір қазақ мультін ұсынамын
Әрі қарай

"Толағай" және "Маймақ қаз"

Қазақ мультфилімдері қатарына тағы да екі мульт қосылды. Бірі, Әбділдә Тәжібаевтың «Толағай» поэмасы бойынша түсірілген «Толағай» мультфилімі. Жалпы сюжеті бізге белгілі. Ауылын қуаңшылық жайлағанда алыстағы тауды ауылына көтеріп келетін жасөспірім жайлы.
Екінші мульт көрген жандарға ой салатын туынды екен. Қаздар отбасысы аяғы маймақ (қисық) балапандарынан бас тартады. Сәйкесінше, балапандары жоқ отбасы бұл балапанды өз тәрбиелеріне алады. Жақын күндері өз көрермендеріне жол тартпақ мульттердің қысқаша сипаттамасы осындай.
Әрі қарай

Еске түскен мультфилм

Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Әрі қарай