Түнек...

… Көктемнің соңғы күндері… Жұмыстан сәл кештеу жібергеніне бастығыма деген ашуым бар, оның үстіне бір жарым сағаттан бері темекі тартпағам, айына отбасылық бюджетімнің жетіден екісі кететін темекімді құмарта тартып бара жатырмын. Анда-санда темекі тартқандағы әдетіммен жерге шырт-шырт түкіріп қоям. Аялдама да алыс емес-тін, жақындап қалдым…
Алыстан сирена дауысы естілді. Сол жаққа бұрыла бергенмін… айнала көк түтін… айқай-ұйқай… Басыма зіл батпан шоқпар тиді де көзімнің алды жарқ ете қалды… Түнек… Ашыла бастады көзім… Алдымда маска киген біреу… анадайда «Полиция» деген жазуы бар қара микроавтобусты көзім шалды… түнек…
Орындықта отырмын. Бөлме іші қаракөлеңке. Лампаның жарығы тура көзіме түсіп тұр. Алдымда стол. Қарама-қарсы бір адамның сұлбасы байқалады. Полиция бөлімшесінде секілдімін.
-Фамилия?
-А… аа?
-Фамилииияя?,-деп жекіріп жіберді сұлба.
-ааа… Алан…
-атың?
-Данияр… мм… мен қайдамын?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Мекен-жайың?
-Ацсотоно қаласы, Кербабаев көшесі, 13,-деп өтірікті қойып қалдым.
-Жұмыс орның?
-«Артемда» тәшкі сүйреймін.
-24 мамыр күні, кешкі сағат 7-лер шамасында қайда болдың?
-Жұмыстан қайтып бара жатқам…
-Қолыңда не бар еді?
-Папка… документтермен. Таксист болып жұмысқа тұруға бара жатқам. Айтпақшы документтерім қайда? Кімсіңдер өзі?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Қолыңда басқа не болды?
-Басқа ештеңе…
-Темекіні мен тарттым ба сонда?!!! Сссұмырраййй…
Жуан жұдырық мұрныма дөп тиді… Тағы да түнек…
… дәл осы кезде көрші кабинетте Ацсотонода заң күшіне мінген 2-күн ішінде 2000 адам темір торға тоғытылғаны туралы рапорт жасалып жатты…
Әрі қарай

Ешкіемген

Тілші: Байқап отырсақ әргі-бергі бабаларыңызда бұл салада қызмет атқарған жан жоқ екен. Осы саланы таңдап полиция маманының киімін киюіңізге не себеп болды?
Полиция полковнигі: Мені туған кезінде марқұм анамның төсінен сүт шықпапты.Қорамыздағы жалғыз ешкінің сүтін беріп өсіріпті…
Әрі қарай

анекдот

жаңа ғана агентіме келген спамовский анекдот.

Менттiн әйелi екi қабат екен. Бiр кунi айелiнiң толғағы ұстап қалып скорый шақыруға үлгермей, әйелiн менттiн өзi туғызыпты. Сөйтсе iшiндегi бала егiз екен. Бiреуiн туғызып алып, «Асаным менiң» деп мент қолына алса, жанағы Асан айқайлап жатыр дейдi "Үсен, шықпа! Менi менттер ұстап алды депти.

осы жерде Тұрсынбек жыртылып күледі уақақақақа)))
Әрі қарай

Пақыр...

Неліктен іркіліп қалды,
Жүрісі өнбеген пақыр.
Ешкімге зияны жоқ ед,
Ал оны жазалап жатыр.

Жүрісі өнбеген пақыр,
Бірдеңе бүлдірді мекен?
Ол бүгін өлмейді бәрбір
Үйренген бәріне көтен

Жүрегі нәзік те қатты,
Қайтесің бүгінгі күйін.
Өмірді сүріп ақ мәнсіз,
Мас болып қалады жиі.

Балаққа жабысып батпақ,
Мент біткен тоқтатар оны.
Құлдырап адами құны,
Бітер ме киноның соңы.

Адасса адами жолдан,
Жаратқан, жанын ал оның.
Болсаңшы басқаға Қорған,
Құртып жүр қаланың «фонын»
Әрі қарай

"Бұғы емес екеніңді дәлелдеп көр"

Осы жақында бір телеарнадан мынадай анекдот естігем: «Бірде орманда менттер бұғыларды ұстап жатады. Оны естіген қоян да қашып бара датқан көрінеді, сонда алдынан шыққан аю оған: «Сен неге қашып бара жатсың?»-десе, қоян: «Менттерге бұғы емес екеніңді дәлелдеп көр»,-депті.
Әрі қарай