Ұсқынсыздар

Автомобиль – сән емес, көлік қана. Енді, былай, тұжырым жалпы дұрыс қой. Бірақ, астындағы көлігінің жұтынып тұрғанына ешкім қарсы болмас. Кариншуранс деген америкалық сайт ұсықынсыз автомобильдердің тізімін жасапты. Әдістемесіне тоқталып, көпәріп жазуға тәбет тартпай тұр. Сондықтан, бірден рейтингті қабыл алыңыз.
Әрі қарай

Жүзі жылыдан түңілме?!

Жүзі жылы адам көбіне жақсы адам болады деген пікір бар.
Ал мен ондай диагноздармен келіспеймін. «Жүзі жылыдан түңілмеймін» деп қанша қыздар интеллигентті, бір қарағанда ақкөңіл көрінетін маньяктардың құрбаны болғаны бір Буддаға белгілі.
Психологтар адамның тобырлық инстинктісі мен стереотипке көнгіштігін Совет өкіметінің кезінде-ақ тексеріп, дәлелдеген. Қызықсаңдар интернетте видеосы да бар.
Сондағысы бір кісінің суретін екі бөлек топқа көрсетіп, мінезін баяндап, оны суретпен негіздесін деген.
Бірінші топқа, бұл "ұры-рецидивист" деп таныстырған. Екінші топқа, бұл ғылыми қайраткер деп таныстырған.

Нәтижесінде, бірінші топтың әңгімесі, былайша айтқанда, "Ө-ө-ө-ө сұмпайы, түрін қараш әкеңң, көзінен білініп тұр ғой жылт-жылт етіп шайтан ойнап тұр, бұның ұры екенін бізге айтпай-ақ білуге болар еді, біреудің ала жібін аттап, нәпақа тауып жүргені маңдайында жазылып тұр, мал атаңанә! Қабағынан қар жауып тұр, адам аямайтын аяр екендігін білдіріп тұрған жоқ па? Мұрны қандай ұсқынсыз албастының, ұрламақ түгіл адам өлтіруден шімірікпейтін хайуан неме!" — дегенге саяды.
Екінші топ керісінше, «Түрі сондай қарапайым, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, азартты адам екені көзінің отынан байқалады, қабағы түйіліп, бір терең жасампаздық ойға батып тұрғандай әсер береді екен, қырлы мұрны айтқанынан қайтпайтын, шыншылдығын дәлелдеп тұрғандай, сәл жымқырылған аузы өмірде ұяңдау, суретке түсуге ыңғайсызданып тұрғандай әсер береді. Былай бір қарағаннан-ақ, көреген адам мына кісінің жүрегі жұмсақ екенін аңғара алады» депті.
Әрі қарай