Қалыбын бұзбағандар.

Тақырыпты түсіндіре кетейін. Алла тағаланың жаратқан қалыбын кейін келе бұзып алатын жандар болады. Әңгіме қалыбын бұзбағандар жайлы. Негізі әншілерден жұлдыз ауруын көп байқайтынымыз рас. Тіпті ол эстрадада таныла қоймаған қала деңгейіндегі жас әнші болса да. Менің байқағаным Халық әндерінің орындаушылары өте қарапайым келеді. Қандай қонақ үйге орналастырсаңда риза. Бірншіге борщ, екіншіге гречка котлетімен әкеп берсең жей береді. Ал, эстрада бағытындағылардан бәрін күтуге болады. Қарағандыда жылына екі-үш конкурстар мен фестивалдер өтіп тұрады. Халықтық бағыттағы жас әншілердің конкурсында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас әншілерді күтіп алу мен қонақ үйге орналастырудың басы қасында жүрдім. Бұларды жалпы қонақ үйге орналастыра салды. Күзгі мезгіл. Қонақ үйде жылу жоқ. 4 адамдық, 6 адамдық нөмірлерге тықтық барлығын. Олар жамырап ән айтып дайындалып жатыр. Жеке дайындалуға мүмкіндік жоқ. Не істей аламын,қолда билік жоқ. Мына қонақ үйге қанша төленетінін де біле алмаймын. Ертесіне тамақтары қырылдап тұрды біразының. сонда да қабақ шытпайды өздері.
Осы тектес эстрада бағытының жас әншілерінің конкурсында оларды басқа қонақ үйге орналастырды. Жылы.Жеке-жеке бөлмелер. Осыдан кейін олар атақты болған кезде қалай өзгермесін…
елге танымал азаматтардан Рамазан Стамғазиев ,Қайрат Байбосынов, Қатимолда Бердіғалиев сынды атақты адамдардың қарапайымдылығын сөзбен жеткізе алмаймын.Қайрат аға есік алдындағы бардюрға отырып алып әңгімені жібере береді))))
Ерік Жолжақсынов бір шаруаларымен қаламызға ат басын бұрыпты. Тура сол күні Бибігүл апамыздың кеші болып жатқан. Сол кешке бас сұға салыпты. Бір шетте тұр сопиып. Ол кісімен ешкімнің ісі жоқ. Барып амандастым, жөн сұрастым. «Жүріңіз жақсы жерге отырғызайын» десем,«ел-жұрт отырып алсын.Орын болса арт жағына отыра салам» дейді.Неткен қарапайымдылық. Екеуміз қазақ киносы жайлы біраз әңгімелестік. Бұл оқиға «Лавэ» фильмі жарыққа шықпай тұрып, бірақ түсіріліп біткен кезде болғантын. Ерік аға сол кинода киллердің рөлін сомдаған.
Тізе берсек бұндай қарапайымдар көп. Ерболат Құдайбергеновте осы тізімге кіреді, Қайрат Нұртаста адаммен тез араласады.
Әрі қарай

Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?


сурет: ashimin.ru
Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп
Әрі қарай