Кейінгі кездері КерекИнфода діндарлар қаптап кетті. Отырып алып мыжи береді. Оларға айтар кеңес өзге жаққа кетсе екен. Немесе жөні түзу бір нәрсе жазсын. Дінде ешқашан тартыс аяқталған емес. Және осында жазған жазбалар арқылы біреудің ойын өзгертем дегендер — шектен тыс өз басына табынушылық. Әркім әр нәрсені мыжып, бұл жерде дәретханадан да лас қылып жібереді. Өзгенің түзелуі маңызды болып бара жатса қолыңа кітабыңды алып көшеге шық. Соларға жай уағызыңды.
P.S. Менің бұл жазғаным қышыманы қасығандай болған шығар мүмкін.
Әдеттен тыс тік жүруге үйренбеген арқам әлден ауыра бастады, бірақ мен қырсығып иығымды жазып, еңсемді түсірмеуге тырыстым. Үйден жұмысқа шығуға жарты сағат қалғанда біреу есікті соға бастады. Ұзақ әрі тынымсыз соқты, тіпті аяғымен теуіп тұрғандай болды.