Қарызға ақша сұрап келсе...
Әдеттен тыс тік жүруге үйренбеген арқам әлден ауыра бастады, бірақ мен қырсығып иығымды жазып, еңсемді түсірмеуге тырыстым. Үйден жұмысқа шығуға жарты сағат қалғанда біреу есікті соға бастады. Ұзақ әрі тынымсыз соқты, тіпті аяғымен теуіп тұрғандай болды.
Босағада тұрған оң жақ пәтердегі көршім Василий екен. Вася әйелі Катеринамен тұратын. Олардың екі жасы толмаған баласы бар еді. Біреуі менің он-екі-жасар аттасым Сережка, және төрт жасар жылайман Петька. Вася әйелімен үнемі қырғи қабақ соғыс жағдайында жүретін. Вася екі күннің бірінде араққа тойып ап, бықсып келетін. Жиі-жиі қырғи қабақ соғыс шарт-пұрт ашық шайқасқа ұласып, ыдыс-аяқ сынып, жиһаз қирайтын. Осындай сәттерде соғысып жатқан екі жақтың бір-біріне жағатын күйесі мен айтатын лағынетін естімеу үшін музыканы қаттырақ қоятынмын. Осынау ұлы ойбайға Сережка мен Петьканың зар жылаған сұмдық дуэты қосарласатын.
– Көрші, айлық алғанша жүз теңге бере тұршы.
Байғұс-ай, Вася. Айына бірнеше рет тұрақты түрде көршім менен әртүрлі сомада қарызға ақша алатыны бар еді. Әдетте «банкетті» жалғастыру үшін, я одан да жиірегі бас жазу үшін сұрайтын. Ақшаны кейде қайтарса, кейде қайтармай қоятын. Бір тиынсыз жерге қарап отырғанда ғана ақшамды сұрайтынмын. Ол болса, менің бейшара өтініштеріме «Ақша жоқ. Бәрін қақпас қатын Катя тартып алды.» деп жауап беретін.
Қақпас Катяға барсам да ақшамды бермейтін, «Өзі алды ма?! Өзі қайтарсын!» дейтін. Тіпті сіркесі су көтермей тұрған кездері, «Өй, оңбаған, біләт неме, күйеуімді араққа тойдырып жібергеніңмен қоймай, менен ақша сұрап тұрсың ба? Жоғалт көзіңді, жаның барында!» — деп еңгезердей қатын ашуға мініп ап, жұдырықтарын ербеңдететін. Тағы да жұмсақтығым үшін өзімді қарғап, келесіде Васяға қарызға тиын да бергім келмей кете беретін едім.
Ал Вася тағы келетін. «Соңғы рет сұрап тұрмын, ақшаны айлық алған соң қолма қол беремін не біреуден қарызға алсам да қайтарамын, » — деп, өлердегі сөзін айтып, ант-суын ішетін. Сөйтіп мен тағы да беретінмін.
Бірде мен балконда отырсам, төменде гараждардың маңында бір мұжықтар «ұрттап» отыр екен. Араларында Вася да бар. Әлгілердің шишәсі таусылған соң, отырысты жалғастыру мақсатында тиын іздеп келетін жанкештілерді дайындап жатты. Еріктілер қатарына бірінші Вася өзін өзі ұсынды, оған серік болып Кецарик шыға келді. Бүкшиген қортық мұжық, әлгі «Иттің жүрегі» фильмндегі Шариковтан аумайды. Кецариктің шын есімі ешкімнің, тіпті Васяның да есінде жоқ болатын. Бірақ жергілікті ішкіштер оны ашық жанды бөтелкелес ретінде жақсы сыйлайтын.
Есігімнің сыртына жақындап, әлгі екеу тоқтады да күбір-гүбір сыбырласа бастады.
– Кецарик, сен төмен түсіп, сыртқы есік жаққа бар бер, әйтпесе мына тырбық көті дірілдеп, ақша бермей қояды.
– Былай да бермей қойса ше?
– Береді-ей, наху, пастаянны беріп жүр ғой. Сұрай білу керек.
Он минуттан соң (Вася Кецариктің төменге барып тығылып қалғанын күтсе керек) Вася есігіме қоңырау соқты. Есікті ашқанымда, босағада алдын ала өңіне мұң келтірген Вася тұрды. Кецарик екеуінің арасындағы әңгімені бастан аяқ естісем де, маған Васяның басында шынымен де бір қайғылы жағдай болғандай көрінді.
– Серега, баурым, құтқара гөр! Петьканың Палканын мәшіне қағып кетіпті, шұғыл операция жасамаса, иттің жағдайы қиын.
Жаман иттің атын Бөрібасар қояды демекші, «Палкан» деп отырғаны кіп-кішкентай шәуілдеген қанден еді. Палкан мені көрсе үріп-қауып, реті келсе аяқтан шап беруге дайын еді. Ал далаға шығаратын кезде, подъезден шыққанша шыдамай, тап менің есігімнің алдына ішегін босатып кететін.
Әйтсе де сол күні ақша берген едім. Берген себебім, ерегескім келмеді, адам баласын ренжітуге қорқатын едім. Маған біреуге «жоқ» деп есікті тарс жаба салғаннан, сұрағанын бере қою жеңіл еді.
Міне тағы да бәрі қайталанды. Тағы да Васяның қайғы-мұң басқан беті, апталық сақалы, жіпсиген бұлдыр көздері, былшиған астыңғы ерні мен арақтың күлімсі иісі. Оң қолы бүгіліп, алақаны жоғары қарап— қайыр сұрап мүләйімсіген келбет. Теңселіп тұр. Вася сол баяғы қалпында. Бірақ мен баяғы Серега емеспін ғой!
– Вася, қарызыңды қайтаруға келдің бе?
– Ы м? Қайдағы қарыз?
– Қысқасы, Василий, сен маған әлден 3 мыңнан астам қарызсың. Қашан құтыласың, сол кезде сөйлесейік.
Таңырқаған Васяның дәл тұмсығының алдында есікті тарс жаптым. Шала шаттансам да, айтқаныма толық қанағаттанбадым. Әйткенмен бұл алқаштың жер жебіріне жеткізу керек еді. Несі бар? Әлі де кеш емес! Есікті аштым, Вася сол күйі тұр екен. Мені көре сала Васяның жүзіне күлкі үйірілді. Кеміс. Мені «райынан қайтып, ақыры жүз теңге бермек болды» деп ойлап тұрған сияқты.
– Серега, достым, бауырым, өтінем, берші қарызға, көршілестік көмегің болсын, – деп тілемсектенді Вася. – Жүз-ақ теңге емес пе?!
– Не ғой, Вася, сігілші бар, а!
– Немене?
– Сігіл деймін ептібаймайд. Бұдан былай сенің өз нәжісін өзі жеген сасық итің менің есігіме тағы сиіп кетсе, мен оны буындырып өлтірем. Ал сен осы ауланың боғын жуатын боласың. Ұқтың ба?
Ал енді есікті тарс жабуға да болады. Васяның есеңгіреген ұсқыны маған кез-келген сый-марапаттан артық болды…
****
Сұраққа иллюстрация ретінде, «Кірпіштер» деген повестен осы бір жағдайды суреттейтін үзіндіні аударып келтіріп отырмын. Ішіндегі «французшама» пардон етіңіз, түпнұсқасынан ауытқымайын дегем.
сурет:http://www.ehow.com
— Қотиаб, тістейтін бірнарсе берсей — дейді ол ең болмағанда