"Шал" мен "Кемпір" сөзінің шынайы мағынасын түсініп жүрміз бе?

Жанібек Қожық деген Маңғыстаудың адамы зерттей келе мынадай тұжырым жасапты: Қадірлі достар!.. Қазіргі жастардың көбі келіншегін «кемпірім», күйеуін «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынай мағынасын білмейтін болар. Егер де сол
Әрі қарай

Біртүрлі сөздер

Ауылда, көрші тұрған бір кемпір болып еді. Марқұмның жалғыз баласы бар-тын. Ол тәп-тәуір келіншек алып, үй болды. Алайда, ерке өскен есалаң жиі-жиі «налево» кетіп қалатын. Ақыры, басқа біреуді екіқабат қылып, отбасысы ойран бола жаздады. Әдетте көп сөзі жоқ кемпірдің, сол кезде баласына ұрысқаны есімнен кетпейді. Дәлірек айтсақ бір ғана сөзі. «Желтасақ»! Естідіңіз бе мұндай сөзді бұрын? Меніңше, ең дәл айтылған анықтамалардың бірі.

Жабық қауымдастықтардың біріне салуға да болатын еді. Бірақ, админ шағымданған «Жазғы сылбырлыққа» аз да болса ем болар деген оймен осында қойдым.
Очм, осындай. Тақырыпқа қатысты білетіндерің болса, бөлісе отырыңдар.
Әрі қарай

Моншада

Бір шал байқамай моншада әйелдер жағына кіріп кетіпті. Қыз-келіншектер шыңғырып қолдарындағы тазикпен бұттарын жауып жатса, бір кемпір ғана бетін жауып алыпты дейді. Сонда шал — «уот.., мына кемпірдікі дұрыс! Шырақтарымау, мен сендерді көттеріңнен емес, беттеріңнен танимын ғой» деген екен.
Әрі қарай

...жәйләп қайтару...

Қала көшесінде жаман «Москвич» су жаңа «Мерстің» артына кіріп кетіпті(прямь кіріп кетпеген енді, соғылған ғой). Мерстен түскен жігіт москвич руліндегі шалға: «Шал, ГАИ-МАИ дегенді шақырмайақ-қояйық, уақытым аз,3 мың доллар төле» депті. Шал:«Балам, дәл қазір ондай ақша жоқ өзіммен, мына ауылға келіп мені сұрасаң бәрі таниды, қалаған уақытыңда келіп алып кет» деп мекен-жайын беріпті.Біраз уақыт өткен соң ақшасын алмақ болған жігіт шалды іздеп келіпті. Келсе, шалдың үйінің маңы қараң-құраң адам екен.Жігітті көрген шал:"Қарағым-ай, ақшаңды бір қайтарармын, көрмейсің бе қырық жыл отасқан кемпірім қайтыс болды, кейінірек кел«депті. Жігітте соншалықты ақымақ емес екен.»Ақсақал, мезгілсіз келгеніме кешірім өтінемін,қарызымның 1000 долларын кемпіріңіздің батасына жаздым«депті. Тағы біраз уақыттан соң келсе,үйдің маңы қараң-құраң адам екен. Шалдан ақшасын сұраса шал:»Қарағым, кенже ұлым үйленіп жатыр еді, ақшамды жұмсап қойдым, кейінірек келсеңші" деп өтініпті.Жігіт:"Қарызыңыздың 1000 долларын келіннің көрімдігіне бердім" деп кетіп қалыпты. араға біраз уақыт салып тағы келіпті.Келсе шал қора маңында малдарына шөп салып жатыр екен.Амандасқан жігіт:«Ақсақал, ақшам дайын ба? Осы уақытқа шейін тостым, енді маған сылтау айтпассыз» десе шал: «Айқайлама, нақ! Жәйләп-жәйләп қайтарып жатырмын ғой.Жақында кенже қызым тұрмысқа шығады» деген екен.
Әрі қарай