Тарихың сенің тереңде

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз. Алайда Тәуелсіз Қазақстанның ең танымал тарихи символы Алтын адам. Тақырыпқа орайластыра салды дерсіз. Бірақ мына дала мен даланы мекен еткен халықтардың тарихын 550 жылмен шектеуге тағы болмас.

Ескерте кетейін, суреттегі экспонаттардың бәрі Есік музейіне қойылған. Бірақ бәрі бірдей Алтын адам табылған қорғаннан шыққан жоқ. Тек көненің көздерімен бетпе-бет кездескенде ой өзінен-өзі шапқылап, алысқа кетіп қалған болатын.
Әрі қарай

"Түркістан альбомы"

АҚШ Конгресінің кітапханасындағы “Түркістан альбомында” 1850-1860 ж.ж. Орта Азияны бақылауына алған орыс империалистері түсірген суреттер жинақталған. Төрт тақырыптық тарауға бөлінген альбомда 1200 сурет бар. Суреттер түсірілген жылдары Константин Кауфман (1818-1882) (сілтеме ор. тілінде) Түркістанның бірінші үкімет генералы және Түркістан әскери өлкесіндегі (сілтеме ор. тілінде) әскербасшы болып қызмет атқарған. АҚШ Конгресінің кітапханасы бұл суреттерді 1934 жылы Нью-Йорк букдиллері Исраил Пэрлстейіннен алыпты.







әрі қарай тағы суреттер бар
Әрі қарай