Тарихың сенің тереңде
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз. Алайда Тәуелсіз Қазақстанның ең танымал тарихи символы Алтын адам. Тақырыпқа орайластыра салды дерсіз. Бірақ мына дала мен даланы мекен еткен халықтардың тарихын 550 жылмен шектеуге тағы болмас.
Ескерте кетейін, суреттегі экспонаттардың бәрі Есік музейіне қойылған. Бірақ бәрі бірдей Алтын адам табылған қорғаннан шыққан жоқ. Тек көненің көздерімен бетпе-бет кездескенде ой өзінен-өзі шапқылап, алысқа кетіп қалған болатын.
=======================================================================================================
Жоқтау айтып жылаған әйелдер әлдеқашан артта қалған. Табыт тиелген пәуескеге ілескен жауынгерлерде үн жоқ, түрлері сұсты. Қайғыны көрсетпеуге үйренген мінез. Белдегі қылышты құшырлана қысқан жас сарбаздардың қаны қашып ағарып кеткен саусақтары ғана аласұрған көңілді әшкерелеп тұр.
Сом қарағайдан ойып жасалған берік табыттың ішінде жатқан адам көзі тірісінде елге қадірлі болғаны анық. Үстіндегі алтын сауыт, құрбандыққа шалуға дайындалған жал-құйрығы күзелген жирен түсті тұлпарлар да оның беделіне дәлел. Мұрты енді тебінедеген уыздай жас жігіт дүйім ел жоқтайтындай не ерлік жасап үлгерді екен? Бұл сыр, қазір өзімен бірге жер қойнына кетеді…

Еліміздің символдарының біріне айналған Алтын адамды жерлеу рәсімі шамамен осындай болған шығар деп елестетем. Сауыт сайманы мен қасынан табылған бұйымдарды былай қойғанда, Алтын адам жерленген обаның масштабы да ғаламат. Биіктігі алты, диаметрі он метрге жететін адам қолымен үйілген алып төбе. Өкінішке орай, қазір дәл Алтын адам табылған оба жоқ. Оны жермен-жексен етіп, орнына автобаза салған. Абырой болғанда, тарихтың тереңінен сыр шертетін Есік музейі бар. Алматыға жол түскенде оған да соға кетуді жөн көрдім.

Жаугершілік заман, құдай қосқан қай көршің аяқ асты қастасып шыға келетіні белгісіз. Ат ерттеулі, найза қайраулы тұруы керек. Ердің азығы жолда дегенмен, жорыққа қамсыз шығуға болмайды. Аш құрсақ жауынгер ашулы келеді. Бұл жаумен бетпе-бет жолыққанда жақсы шығар, бірақ қазіргі аттаныс барлау ғана. Оның үстіне жасақ қатарында көсемнің он жеті жасар ұлы бар. Оны қалай аш қалдырсын. Онбасы қоладан құйылған жорық қазанын тастамауды бұйырды.
Бұл қазан қанша соғыс, қанша жорықты көргенін кім білсін. Ел артындағы әңгімеге сенсек, ыдыстың құлағы кейін бекітілсе керек. Орашалақ оқушысының қазанды құлақсыз құйғанын көрген ұста бір боқтанып алып, шеберханасына кіріп кетеді. Не істегенін, қалай істегенін ешкім білмейді. Әйтеуір екі ет асым уақыт өткенде құлағы бар қазанды көтеріп шығыпты.
Жорық қазаны. Қола. Б.з.д. V ғасыр. Алматы облысы

Онбасы сақадай сай тұрған жасағына тағы бір көз салды. Көсемнің нұсқауымен бұл жолы тәуіптің шәкіртін де ала шыққан. Көшпенді елдің қай баласы да жасынан садақ тартып, қылыш шабуды үйренеді. Бірақ, мына міскіннен батыр шығып жарытпас. Жә, мұның жұмысы бөлек. Онбасының көзі қалқанның астына жасырылған шағын қазанға түсті. Бұл шөп қайнатып, дәрі езуге арналған ыдыс. Әне, демек, жауды жапырмаса да, жараланған жауынгерге қажетті көмек бере алатыны сөзсіз. Көсемнің бір білгені бар шығар.
Қазан. Қола. Б.з.д V ғасыр. Алматы облысы

Кеше шығыстағы шеткі бекіністен жеткен шапқыншы құжынаған қалың ел келіп, ешкімнен рұхсат сұрамастан қос тігіп, қонып жатқанын хабарлаған. Түрлері рұхсат сұрайтындай да емес, жан-жағында мұздай қаруланған жасақ бар. Берсе қолынан, бермесе жолынан деп, соғысуға келген сияқты. Бұл бір өзі қызық халық. Бақа-шаян теріп жеп, көшпелі халықтың бөстегіне де жарамайтын қатқан теріні қайнатып, сорпа қылып ішіп, өлмей жүре береді. Жекпе-жек ұрыста қауқарсыз, көптігіне сенген жұрт. Солардың арасында тұрып, ілімін үйреніп келген тәуіптен талай сұмдығын естіген. Көшпелі ел о дүниелік болған батырының қасына тұлпары мен қару-жарағын қоса көмсе, мыналар қатынын қоса жерлейді дейді. Ол жас па, жасамыс па бәрібір, қарақұстан темір сүңігімен бір ұрып өлтіретін көрінеді.
Пышақ пен сүңгі. Б.з.д. IV-V ғ. Сүңгі әйелдің бас сүйегіне қадаулы тұрған күйінде табылған. Алматы облысы және Орталық Қазақстан.

Шеткі бекініске жеткенше бір түнеуге тура келеді. Әскери тапсырмамен жолға шыққанда далаға қонғанды жақсы көретін онбасы бұл жолы көсем баласының көңілін қимай жайлауға енді көшкен ауылдардың біріне тоқтады. Суыт жүрген жасақтың ішінде мәртебелі бозбаланың барын күні бұрын біліп отырған ауылдың қыз-жігіті бір киерін киіп, алтыбақанын құрып, қобыз-домбырасын сайлап-ақ қойған екен. Онбасы тағы қарсы келе алмады. Тәйірі, бұл да кезінде жас болмап па еді?!
Әшекей бұйымдар (алқа, алтын ілгек, айна, тарақ т.б.) Алматы облысы

Ойын-сауыққа қыры жоқ онбасы абыздың үйіне келді. Көңілі әлденеден күпті. Данагөй қарияның батасын алып, алаңсыз аттанбақ. Абыз да ояу екен. Тас құдайларының құрметіне арнайы ыдыстарға иіс май құйып, шырақ жағып қойыпты. Қанша батыр болса да онбасы осынау меңіреу балбалдардың қасында өзін ыңғайсыз сезінетін. Шырақтың сәулесі бетіне түсіп, ойнай жөнелгенде әлгілерге жан біткендей әсер қалдыратын. Абыз оң тілек айтқанмен онбасының көңілі бірлене қоймады. Әлі де ырду-дырдумен отырған сарбаздарын тауып алып, жатуды бұйырды.
Пұттар немесе балбалтастар. Алматы обылысы
Құрбандық үстелдері. Маңғыстау облысы.

Көкжиектің шығыс тұсы енді-енді сүт түстес болып, бораза бастады. Тас-түйін жасақ онбасының үнсіз ишарасымен екі-екіден қатарласқан күйі ауылдан ұзап шыға берді. Көсемнің баласы ғана ұрлана артына қарайды. Бұрын бастан кешірмеген ерекше сезімдерді оятқан қызыл жеңсіз киген қыз бір үйдің артынан сығалап тұрғаны анық. Бозбала жанқалтасына қолын салып, қоладан құйылған құс бейнелі тұмар алып шықты. Бір-бірін көрген бетте ұнатқан қыз бен жігіт осы жорықтан соң ата-аналарына қолқа салмаққа келісіп, тұмар алмасқан еді.
Тотемдер. Б.з.д VI-III ғ. Алматы облысы

Шеткі бекіністің жауынгерлері осы төбенің тұсында күтуі керек еді. Бірақ әншейінде алыстан белгі беретін сақ сарбаздар көрінбейді. Онбасы атын тебініп жіберіп, қырдың басына шауып шықты. Дәл қырғынның үстінен түскен екен. Күзеттегі жігіттерді тегіс жайратып салған отыз қаралы жау жігіті қазан көтеріп, ас ішкелі жатыр. Онбасы қысқа ғана бұйрық берді. Жау жағы тұсаулы атына мінем дегенше бастырмалатып жетіп үлгерді. Ұрыс ұзаққа созылан жоқ. Онбасының жігіттері жаяу қашқан жауды қуып жүріп, қырып салды. Тек атына жетіп үлгерген біреуі ғана бөлек шығып, қаша жөнелген. Жарау мінген көсемнің ұлы оны да ұзатпай қуып жетіп, қайың сойылмен қара санынан салып өтті. Жансыз аяғын үзеңгіге тіреуден қалған жау шалқасынан құлады. Аттан секіріп түскен бозбала жығылған қарсыласын кеудесінен басып тұрып, келіп қалған онбасыға «Көрдің бе» дегендей масаттана көз салды. Жігіттің осы аңғалдығын пайдаланған жау қонышына жасырылған алмас кездікті дәл қолтық тұсынан сұғып алды.
Балта, қайрақ, екі жүзді пышақ. Алматы облысы

Көсем билік тізгінін ұстайтын үлкен ұлының алғашқы жорығын тағатсыздана күткен болатын. Алтайдың түбіндегі ағайын елдің темір илеп, алтынды суша сапырған шеберлеріне арнайы алтын сауыт жасатып қойған. Үлкен ұрысты көрмесе де, барлаудай қайтқан ұлын салтанатпен қарсы алмақ еді. Алайда талай соғыстан тірі қайтқан онбасы да, талай жараны жазып, ауруды тұрғызған тәуіп те түк істей алмады. Жас жігіттің алтын сауыты кигізіліп, тарту етпек болған күн түстес жирен жылқылар сойылып, о дүниедегі ата-бабасына барар жолына қажетті азық-түлігі түгенделіп, тегіс көмілді.
Қыш және ағаштан жасалған ыдыстар. Алматы облысы

Кейін сүйек қойылған жердің үстінен тау қылып оба үйілді. Жанынан кіретін есігі, қосымша жасырын бөлмесі салынды. Оның ішіне түсіп, өткеннің тылсымына көз салу үшін әлі 15 ғасыр уақыт керек еді.
Алтын адам табылған обаның схемасы

3 пікір