Әнек. Екі жолаушы.

Екі жолаушы жаяулап келе жатса, соңдарынан қолына камаздың рөлін ұстаған біреу қуып жетіпті. Үстінде сұр куртка, басында қара кепка дейді. Ана екеуіне «Келіңдер отырыңдар, жеткізіп тастайын» депті. Ол екеуі «Жындымен жынды болатын жайымыз жоқ» деген ғой.Анау қалтасынан тапанша алып шығып «Отырыңдар нақу.Атып тастайм әйтпесе» депті. содан ана екеуін «отырғызып » алып айдап келе жатыр дейді. ана екеуіне жан керек, анау газды басқан сайын қалып қоймай жүгіреді. Бір уақытта рөлдегі адам тормозды басып, «алдымызда пост ГАИ бар. Менде прва жоқ. Мен мына жақтан айналып өтемін. Сендер былай, жаяу өтіп кетіңдер. Мен сендерді анау қырдың астыннда күтемін» депті.
Әбіләкімнің  ауылы: Әнек. Екі жолаушы.Содан, ана екеуі жындыдан құтылғандарына қуанып МАИ қызметкерлерінің бекетіне кіреді. Кірсе бір МАИ ұйықтап жатыр. «Ойбай, ағатай. Тұрыңыз! Бұл не жатыс. Бізді жаңа бір жынды атып тастай жаздады. Былай қарай кетіп қалды. Бізді анау қырдың астында күтемін деп айтты» деп екеуі шағымданады ғой баяғы. "Үстінде сұр куртка, басында қара кепкасы бар. Қолында рөлі бар адам ба?" деп сұрайды МАИ қызметкері. «Дәл өзі.»
-Біздің оны ұстай алмай жүргенімізге жарты жыл болды. Кеттік, сендер куәгер боласыңдар. Отырыңдар матасекілге " деп әлгі МАИ қолына матасекілдің рөлін ұстап алыпты. «Ойбай, ағатай өзің қуа бер, біз шаршадық» деген аналарға «Сукілер, қазір тұрған орындарыңда атып тастаймын. Мініңдер» деп бұл да тапанша кезепті.
«Біреуің артыма отырыңдар, екіншің люлькаға отырыңдар». Содан екеуін «отырғызып» алып, көрсеткен қырлары жаққа ағызтады сабазың. Арасында «сен люлкада келе жатырсың тізеңді бүгіп жүгір» деп жанындағы адамның басынан дубинкамен ұрғыштап қояды екен.
Екінші жолаушының «Матасекілге мінетінімізді білгенде КАМАЗ бен-ақ кете берер едім ғой» деп жылағанын бірінші жолаушы әлі күнге жыр қылып айтып жүр деседі.

Камаздың рөлін алғыңыз келсе, сілтемесі міне.
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. БІЗГЕ «ЖЫНДЫ» КЕРЕК...

Біздің елге бір «жынды» керек болып тұр. Жынды болғанда, «нәрмәлні» жын¬ды… Бостан босқа тамағы жыртылып, айқайлағанда, аузынан албастылар секіріп түсетін «жынды» емес, оқыған, бірдеңені шоқыған, «ұлтым, жерім, елім» дегенді көкірегіне тоқыған, тап-тұйнақтай тақылдаған «жынды» керек. «Ойпырмай!» министрлігі жанынан осындай бір департамент ашылды. Департамент бастығы орнына хабарландыру жарияланғаны сол еді, еліміздің тең жартысы жындылар екен, бәрі министрлікке ағылды. Араларында шынымен жынды, жасанды жынды, жағымпаз жынды, парақор жынды дейсіз бе… ажырату қиын.
--Қашаннан бері жындысыз?—деп сұрады министр.
--Есектің миына пісірілген каша жегелі бері…
--Есектің миын жеп неңіз бар?
--«Срочно» жынды болайын деп…
--Бізге ақылды жынды керек. Ресей депутаты Жириновский секілді. Лимоновы секілді. Кез-келген жиында, кез-келген ортада, теле көпірлерде сөзден сарай тұрғызып, сосын оны өзі қирата салатын…
--Мен академик жындымын!—деген ақымақтың жолы бомады. Келесі бір «жынды» кабинетке әндете кірді.
--«Басында Қамажайдың бір тал үкі, айырылып, тілімізден болдым күлкі. Болдым күлкі… Ахау, хайли-ләйлім...»
--Кешіріңіз, «ахау хайлиләйлім» мырза,--деді министр қолын көтеріп,--оқығансыз ба?
--Жындылар университетінің «Ноқаты кемдер» факультетін бітірдім.
--Қай жерден айлық алдыңыз?
--Кассир қыздан.
--Жоқ, қай жерде қызмет істедіңіз деймін?
--Е, мен тышпаған төбе қалды ма? Бәріне тышып келемін. Енді сізді де бір төбе деп…
--Тоқтат! Барыңыз!
Келесі «жынды» кеңкілдей күліп кірді.
--Неге күлесіз?
--Жәй әшейін. Біздің елде күлмейтін не қалды?..
--Саяси жынды болғыңыз келеді ме?
--Кешіріңіз, қарамағымда қанша «жынды» болады?
--350 «жынды». Оларды ұстау үшін мемлекет бюджетінен үш миллиард теңге бөлінеді. Әр облыста филиалдарыңыз және бар.
--Айлығы…
Министрге бұл «жынды» да жақпады. Қуып шықты. Келесі «жынды» кабинетке айқайлап кірді.
--Сіз неғып отырсыз? Шығыңыз!—деді салған жерден.
--Неге? Неменеге айқайлайсыз?
--Тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұр! Жан-жағымыздан үргіш иттер көбейді! Ал, сіз кабинетіңізде отырып алып, жілік мүжіп отырсыз! Осы жілікпен басыңызға бір ұрайын ба?—деген ол министрдің қолынан тоқпан жілікті жұлып алып, ұрайын, ұрайын деп қалды да, өзі мүжи бастады.
--Сорпа ішесіз бе?—деп сұрады министр әдейі.
--Сорпада басыңыз қалсын! Еліміз, тәуелсіздігіміз аман болса, сорпаның ішінде шомыламыз әлі! Бассейн іші тола сорпа болады! Сол сорпаның ішінде жүзіп жүріп, туралған ет жейміз! Жасасын, Қазақ елі! Ей, Жириновский, мұрныңды ет турағыштан өткізейін бе?--деген «таза жынды» шалбарын шешіп жіберіп, құйрығын шапаттады. Министрге мына жынды ұнап қалып, дереу «Ақылды жындылар» департаментінің бастығы етіп тағайындап жіберді. Бірақ «ақылды жындымыз» бір ай өтпей жатып, Жириновскийден пара алып жатқан жерінде финполға ұсталып қалды… Кешіріңіздер, араларыңызда «нәрмәлні» жынды жоқ па, а?
Әрі қарай

Сөзімізге сақ болайық

Мынадай бір оқиға болған. Нағашы атасының атақты кісі болғандығын мақтаныш сезімімен жеткізгісі келген жиені қасындағыларға: «Білесіңдер ме, менің атам жынды кісі болған!» депті. Айтайын дегені – нағашысының есінен алжасып, жынданып кеткендегі емес, өз заманында атақты балуан болғандығы. Мұндай мысалдарды арамыздан жиі кездестіруге болады. Ең өкініштісі – «жындының» жастарымыздың ауызекі сөйлеуінде «жақсы», «күшті» сөздерімен алмастырылып айтылып жүргендігі, үрдіске айналғандығы. «Неге олай?» деп сұрап көргенімде, бірі: «прикольно ғой» десе, екіншісі: «ол сөз «жақсы», «күшті» деген сөздерден де күшейтіліп айтылған сөз, сондықтан солай қолданады» деп жауап берді. «Олай айтуға болмайды» деп барлығына бірдей тосқауыл бола алмасымыз иағы анық.
Десек те…
Алдымен, сөздің түп-төркініне назар аударайық. «Жын» — араб сөзі. «Жасырын, көмес болу, көзге көрінбеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, «жынды» деген сөзі «ақылынан алжасқан, есуас, жарымес» дегенге саяды. Әлдебір жаңа киім не бұйым сатып алсақ, «О о, жындысын алыпсың! Құтты болсын!» немесс «Мә ә, мынауың жынды ғой?!» деп таңғалып жатады. Кейде әлденеге ашулансақ, «жыныма тимеші», «жыным келіп тұр» деп айтамыз.
Осы жөнінде Сабыр Алтынның («Жынға қол жайып, бата алушылар хақында», Астана қаласы) мына бір пікірі көкейге қонымды: «Жындар өте ұзақ ғұмыр кешедi. Екi жүз-үш жүз жыл және одан да көп жыл жасайтындар бар. Бұны жын шығарушы молда мен жынның арасында болатын диалогтардан оқысаңыз болады. Ордашылардың өткен шақты тура айтуы сондықтан. Оның үстiне әр адамның бойында өзiне тән туғаннан бекiтiлген жыны болады. Оны дiнде “бекiтiлген жын” дейдi. Ол адамның қан тамырымен жүредi. Адамның бойындағы шайтани қылықтардың барлығы осы жынның әсерiнен. Бекiтiлген жынның болатынын өзiңiз күнде қолданатын, бiрақ мән бере бермейтiн сөзден-ақ байқай аласыз. Мәселен: “жыным келiп тұр”, “жыныма тимешi”, “жынымды қоздырма” дейтiн сөздердiң барлығы әркiмнiң өзiне тәуелдi жыны болатынынан хабар бередi...» «Жынды» сөзін «круто» деп түсінетін замандастарым екі сөзінің бірінде осыны қолданып жатады. Бірақ «қолмен ұсталмайтын, көзге көрінбейтін жақтарын да» үнемі біліп жүрген дұрыс. Сөздің төркініне мән бермей, орынды-орынсыз жұмсай берудің орнына, осы жағын қаперімізде мықтап ұстау керек сияқтымыз.
Кейінгі кездерде жындылар жайлы әзілдер де жиі еститін болдық. Қазақ жасы үлкен ата-әжелерге, «осы кісілердің жасын берсін» деп күлгенімен, кемтар адамдарды ешқашан келеке қылмаған. Сөз арасында «осы сен-жындысың» деп жатамыз. Нағыз жын ұрған адамның қандай болатынын білмейді екенсіз. Білгіңіз келсе, жындыханаға бас сұғыңыз не жазушылар қиялынан туған сол іспетті шығармалар оқығанның өзі жетеді.
Әрі қарай