Күнделігіме "құда" түсіп жүр...


Күнделік — күнделікті өмірің дегенді оқыған едім, (авторын білмедім) соған толықтай да келісуге болады деп ойлаймын. Мен өзім қойын дәптерді әр бөлімге құрап қоятынмын. Мысалға, өзімнің өмірімді арнайы дәптерге арнап жазсам, ақындардың өлеңдерін, философиялық сөздіктерді, мақал-мәтел мен нақыл сөздерді басқа дәптерге жазып сақтайтынмын. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде жазған талай қойын дәптерім «отқа» кетті, біреулер оқып қояма деп тығып жасырып жазатын едім. Біреулер көрген бойда сол сәтте оны жыртып болмаса отқа тастайтынмын, жасыратындай да еш сыр жоқ соның ішінде..)) қазір сол күндерім естелікке айналды…

Енді мына оқиғаны сіздерге баяндап берейін: Осы жылдың көктемінде Алматыдан қайтып келе жатқанымда купемізде екі жігітпен жолсерік болдық. Жанымда бөлем болды. Біздің бағыт- Қазалы қаласы болса, олар Ақтөбеге қарай бет алған екен. Содан жол бойы әңгіме-дүкен құрып, танысып-білісіп келе жатырмыз. Өзіммен бірге үнемі тастамай жүретін «асыл қазынамды» (ақындардың өлеңдері мен нақыл сөздіктеріме осылайша өзім ат құрап алғам) оқып отырғам, кенет әлгі ағамыз (небәрі төрт жас үлкен екен менен) сұрап алды. Қолыңа алып парақтап оқып отыр, арасында басын шайқап күліп қояды. Бәрін оқып бітіріп, маған қарады да: сен маған мынаны сатсаң қайтеді,- деді. Мен сасқанымнан не айтарымды білмей қалдым. Дәл қазір қанша сұрасаң да берейін, мынаны маған беріп кетші деп отырып алды. Ішімнен өзімше ойға қалдым, мына жігітке соншама не үшін қажет болды екен деп ойлап отырғанымда, ол өзінің осы Алматының бір театрында «режиссер» екенін айтып, және сол үшін қажет екенін айтты. Қойылымдарға, оқушыларға беруге жақсы дүниелер екен деген соң, беріп-ақ кеткім келді. Бірақ…

Қия алмадым. мен үшін бұлар жәй дүние емес, өміріме тікелей маңызы бар нәрсе еді. Содан біраз ақылдаса келе, мынандай шешімге тоқтадық: Олар екі күннен кейін осы пойызбенен Ақтөбеден Алматыға қайтатынын біліп алғанымнан кейін, мен оларға осы дәптердің «копиясын» жасап жолда беріп кетемін деп келістім. Ақшасын бермек болып отырғанда мен қарсы болдым. Сіздердің жұмыстарыңыздың қажетіне айналғанына шын жүректен қуанып қалдым, сол үшінде мен бұны ешқандайда ақшаға жасауға келіспейтінімді айттым. Олар әрине, маған сенбей ұзақ ойланды онысы да дұрыс қой енді, кім жолдағы жолшыбайға сенім артсын?!

Қойшы, әйтеуір әрең дегенде көндіріп телефон нөмерін беріп міндетті түрде хабарласатынын айтты. Пойызымыз, Қазалыға келіп біз жолда түсіп қалдық. Үйге келіп ертеңгісіне өзіме артқан «аманатты» орындауға кірісіп кеттім. Уәделі күнде келіп, пойыз жолда келе жатқан режиссер ағайларға кездесіп аманатын тапсырдым. Қуанғанынан алғысын жаудырып, Алматыға келіп жатсаң хабарлас деп қол алысып, қоштасып пойызыңа мініп кетті…

P.S: өмірімде бір адамға пайдамның тигені үшін, Аллама мың мадақ айтып өттім…
Сурет гуглден алынды.
Әрі қарай

Пойыздағы бір түн

"Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы пойыздың ең соңғы бүйірінде "Қарағанды-Қаражал«деген жазуы бар екі вагонының біріне отырдық.Себебі, осы екі вагонды кейін басқа теплавозға тіркеп көздеген жерімізге жеткізеді. Плацкарт вагон. Орыннан шатасып кеткен жандар, билет бойынша орналасып, я болмаса „мына жерде таныстарым бар екен, орын ауыстырып алайықшы“ деп жүрген жандар. Ораза бітуге екі күн қалған кез. Маған қарама қарсы бір келіншек отыр. Ауызашатын мезгілде қолын жайып бата қылды. Өзімізді мұсылман санап жүргендіктен біз де қарап қалмай қол жайдық. Ана келіншек батаны ұзақ қайырды екен.Менің ішім пыса бастады. Келіншек еріні жыбырлап тоқтар емес, бір кезде дұғасын ұмытып қалды ма еріндері жыбырламай қалды. Есіне түскен болуы керек, тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.Бала кезімнен ауызашар уақытта дұға жасаған кісілерді көріп жүрмін, дәл мынандай ұзақ ниеттенген жанды бірінші көруім. Алла қабыл қылсын!
Әрі қарай

Ұшақта ішім пыспасын десеңіз...

(8.09 Kb, 288x175)

1. Қоржынынан ноутбугіңізді алыңыз.
2. Қақпағын асықпай, жай ғана ашыңыз.
3. Қосыңыз.
4. Қасыңызда осыған дейінгі әрекеттерге телміріп отырған жолсерігіңіз экраныңызға қадалып отырғанына көз жеткізіп алыңыз.
5. Өзіңнің сүйікті іздеу моторыңды қос іске.
6. Бір сәтке көзіңді жұмып, терең тыныс алып, басыңды жоғары көтергенсисің.
7. Тағы бір мәрте терең тыныс алып, мына сілтемеге басасың:
www.thecleverest.com/countdown.swf
8. Жолсерігіңнің не күйде екеніне көз сап көр осы кезде…
Әрі қарай