Сенбі күні кешкі алтыда "Шәй ішейік"

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

«Жетінші арна» көрермендерін қуантуға асығып, эфирге шәйлі кешін, яғни, «Шай ішейік» бағдарламасын ұсынды. Кеш иесі қалжыңбас һәм сөзуар жігіт Нұриддин Бидосовты көрермендер «7NEWS», «Аян. Дала аңыздары»,«Кешкі шай», «Кім білген» бағдарламаларын жүргізген кезінен бері жақсы таниды.
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина "Кешкі шәйда" қонақта

Жетінші арнаны көресіздер ме?
Сол Жетінші арнада керемет жобалар жасалып жатыр. «Айна сөздік» бағдарламасының өзі не тұрады? "Қыздар арасында" бағдарламасы арқылы түрлі ақпараттарға қанығып жүрген қыз-келіншектер қаншама? «Кешкі шәй» бағдарламасында еліміздің жұлдыздары келіп, шынайы сұхбатымен бөлісіп жатады. Жұлдыз болғанда тек өнер адамдары ғана емес, түрлі саланың өкілдері келеді қонаққа. Соның бірі блогер, өздеріңіздің достарыңыз — Эльвира Ерғалина «Кешкі шәйға» қонақ болды. Түрлі сауалдарға жауап берді. Қасқыр блогерді анықтайтын Блогиада туралы да айтты. Блогерлер арасындағы жұлдыздарын да айтты. Сіздің де атыңызды атаған шығар, көріңіз  

Блог - kaztube: Эльвира Ерғалина Кешкі шәйда қонақта
Әрі қарай

-Комеди клаб? -Құрып кетсін...

Көксандықты қоссақ қозасың. Шаршайсың, жүдейсің тозасың. Бұл айдан анық, күннен жарық дүние. Әңгіменің әлқиссасын, әріден емес, беріден бастайын. «Бері» — дегенім бүгінгі таңның айшығы. Ертеде түріктің сериалы шыққанда алғашында жатырқаушы едік. Кейін ет үйреніп, қантамырымызға сіңіп бойдағы арам қанымызға айналды. Тіпті ауылда түрік сериалдарының себебінен семіз сиырлар ұрланып, соңында сыйрағы сайдан табылып жатты. Бармақ тістеп, аһ ұрғандар болды. «Юсуф, Зейнеп,Торғай, Бериван, Қамбар, Әли, Назар» — бұларды жастарымыз жеті атасындай таниды. Тіпті, жеті атасын білмесе де әлгіндерді бес бармағындай айырады. Қазір түрік сериалды өз сериалымыздай болып кетті. Себебі де бар. Атам қазақ «қара қытай қаптаса сары орыс өз әкеңдей көрінеді» деуші еді. Расында, шетелдің жобалары көксандықта көбейгелі бері түрік сериалдары жүрегіміздің жартысындай болды. Жетелдің жобасы деп атқан жебемнің нысаны «COMEDY CLUB.KZ»! Масқара, қатты еліктептік басқаға. «Шешеңнің...» деген сөзден сескеніп, «Әкеңнің...» деген сөзге зығыр қаны қайнайтын қазақтың жүрегіндегі «ұят» бүгінгі таңда қаза тапты. Жиырма бірінші ғасырда қазақты қалай боқтасаң да өз еркің. Былқ етпейтіндер жетерлік. Ең тамашасы орысша боқтау. Тіпті, сол тілде былапыт сөздерді айтып қасиеті қалмаған қазақты күлдіруге де болады екен. Атап айтқанда «Жетінші» арнаның суымен суғарылып, іш өткізер жеміс берген «COMEDY CLUB.KZ»-ті тамсанып тамашалайтындар шаш етектен. Тіпті, «шаш тобықтан» дегім келіп тұр. Жемісінің сипаты мынандай: «Тоңқайған қыз, пілдің артына басын сұққан пенде, боқтау, мәдениетсіздік, масқаралау, айыбын әшкерелеу» сынды бейнелер мен суреттер. Осыларды қазақ тамсанып көріп, жүрегі соқырлыр қарқылдап күліп жатыр. Қазақстанның кей арналары шетелдің қоқыстары(біреулер үшін керемет дүние) салынатын жәшік. Бәрі қарады, заман талабы деп ұлттың қытығын кетіріп, қыздың қылығын жойып, ұлдың ұлылығын төмендетпегеніміз жөн шығар. Қоқыстың қалқаны болған қазақ жанашыры Бекболат Тілеухан да «Айқайлай берсең қасқырдан ұят болады» — деген мақалды темірқазығына айналдырған сыңайлы. Себебі- секіруі өзгеше! Жұп болсынды жақтайтын қазақтан Бекболаттың қасына қосылар қасқалар бой көрсетпейді. Бәлкім ұлтының тағдыры, ұрпағының келешегі зиялыларды мазалай бермейтін де шығар. Бір арнамыз жаныстық қатынасты, енді бірі былатып сөзді, келесісі қылмысты үйретіп жатқандығының себебінен болашағымыздың бұлыңғырлығы байқалады. Ата дінді насихаттайтын арнаңның түрі анау. «Асыл арна» асыл болса, асыл бабаларымыздың асыл термелерін неге жасырып жатыр. Бірде бие, бірде түйе болудан айырылатын күн қияметте туатын шығар қазаққа. Бабаларымызды, дараларымызды, даналарымызды, боздақтарымызды көрсететін, тарихтан хабардан қылатын, дәстүрді дәріптейтін, ұлтты ойлайтын арна қашан ашылады екен? Қазақтың күні қашаңғы қараңғылықпен өтуі керек. Сонда қара домалақ балалар тарихты, дәстүрді білмей жүре берсін бе? Тереңге тамыр жаймай өмір сүре берсін бе? Жоқ, ешқандай да олай болмайды. Болмауы тиіс емес пе? Тоқсан сөздің тобықтайы, арналар ұлтымыздың деңгейін жоғарылатын өнімдер ұсынсын. Болмаса, барлығы да жабылып, тек газет-журналдар болсын. Қазақстанның азаматы, ұлт шанашыры, ел болашағына алаңдай алатын адам ретінде мемлекетке осындай талап қойып, ұсыныс айтамын.
Алдаспанның жарқылы!!!
Әрі қарай

Блогшылар "Нысанаға" ілікті

Керекинфода “ Блогшылар “ Азаттыққа” шықты” деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, “ Нысанаға” да ілігіпті “құрғырлар”. Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, “ Жетінші арнадағы” жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Әрі қарай

Жар-жар



Жар-жар…Жоқ әңгіме той туралы емес. “7 арнадан” көре алатын бағдарлама жайлы. Бағдарлама авторы Бибігүл Дәулетбекқызы(бізге “Аялы алақан” арқылы таныс) жүргізушісі Данагүл Темірсұлтанова (“Тамашадағы” ше,”Аққу мен Гәкку”). Ресейлік “Давай, үйленейік” бағдарламасының қазақша көшірмесі десем Бибігүл әпкеміз ренжи қоймас. Әдемі көшіре алсаң, қазақы кейіпте бере алсаң кімнен көшірсеңде бәрібір дер едім. Данагүл бағдарламаны кейбіреулер секілді кібіртіктемей еркін жүргізеді екен.Қатысушыны әңгімеге жетелей алуы бәрі жақсы. Айтарым мынау негізі.
Әрі қарай