Жар-жар



Жар-жар…Жоқ әңгіме той туралы емес. “7 арнадан” көре алатын бағдарлама жайлы. Бағдарлама авторы Бибігүл Дәулетбекқызы(бізге “Аялы алақан” арқылы таныс) жүргізушісі Данагүл Темірсұлтанова (“Тамашадағы” ше,”Аққу мен Гәкку”). Ресейлік “Давай, үйленейік” бағдарламасының қазақша көшірмесі десем Бибігүл әпкеміз ренжи қоймас. Әдемі көшіре алсаң, қазақы кейіпте бере алсаң кімнен көшірсеңде бәрібір дер едім. Данагүл бағдарламаны кейбіреулер секілді кібіртіктемей еркін жүргізеді екен.Қатысушыны әңгімеге жетелей алуы бәрі жақсы. Айтарым мынау негізі.
Бағдарламаның басты мақсаты еліміздегі өз жартысын таппай жүргендердің бағын ашу.Яғни екі жасты табыстыру.”Жетінші” арнадан қашаннан бері көрсетіліп жатқанын білмедім, өзім кешегі санын тамашаладым.Жұмыстан үйге келіп асқа отыра беретін кезде болады екен шамасы. 19 сағаттан аса бере басталатын болуы керек.
ал осы бағдарламаға кімдер келіп отыр?! 20-21 жастағы қыздар. Олардың өмірі енді басталып жатыр дер едім.әлде 20 дан асқан қыздарды Тәтімов мырза кәрі қыздар есебіне кіргізте бастаған ба? Әрине, 20 жасар қыз баланың тұрмыс құрғанына қарсылығым жоқ.Нағыз тұрмыс құрар жаста осы жас шығар қыздар үшін. Бірақ бұл жобаға 23 жастан асқан қыздар қатысса қалай болар еді? Жаман мен жақсына айыра алатын. Селтең жүрісті емес отбасын шын ойлай бастайтын қыздардың жасы осы шамадан басталатын болар? Сіз қалай ойлайсыз?
ПыСы: Бағдарлама дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат кешкі жетіден аса “Жетінші” арнадан көрсетіледі.
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
23 те ерте ғой негізі, 29-дан асқан 30-ға келіп қалған 81-лер қатысқаны жөн
Abilakim
30дар шамасындағы жігіттер мен 25 тен асқан қыздар дейік орта есеппен.
bazuka
қыздар жағы 23-25 жас аралығында тұрмыс құру дұрыс дер едім. 20-21жастағылар тым ерте ғой. Бұл бағдарламада жұп болғандар үйлене ме екен қызығы. өйткені Ресейлік нұсқасының 500-ші бағдарламасын көргем сол кезде тек 3-4 жұп қана отбасын құрыпты.
Zere
Көбіне актрисалар шақырылады ғой мұндайға. Жасы келген қыздар жыл өте келе комплексованный болып қалады. Оларды мұндай бағдарламаға тарту да қиын. Ел не дейді, бейшара телевизордан күйеу іздеп кетті демей ме деп, сөзден қорқады. Қазақ менталитеті сондай…
Жалпы қатысқаннан да жұп табу екіталай. Одан да брачный агентстволарды дамыту керек деп ойлаймын. Мысалы, Кореяда «Свидание вслепую» жасайтын арнайы орын бар. Бос уақытында қыздар, жігіттер сонда барады.
muza
Тагы бир копиПаст па алде сапалы туынды болмак па? Осы теледидардан болган сапалы казакша багдарламаларды риповать етсениздер биздерде торрент тагы да баска жолдармен таратсак.Билесиздергой европа мен баска да елдерде коптеген казактар жаман да болса Казагына зару болып журеди…
asaubota
негізі Казтюбте болатын сияқты еді ғой қазақша бағдарламалар, жаңалықтар
muza
боладыгой биракта анда санда, арким озине унаганын гана коядыгой.Ал жуйели турде болып турса, бизде колымыздан келгенше таратып турсак па дегемизда…
ushkin
Бұл бағдарламаны көрмеппін, бірақ, көбіне көшірме бағдарламалар(орыстарды қайталау) өте сәтсіз болады…
Abilakim
Бұл жерде жігіт қана қызды таңдай ма деп ойлаған едім. Кей нөмірінде қатысушы қыз 3 жігіттің біреуін таңдайды екен.
Delhi
Осындай бағдарламалар ашыңдар, мүмкін екінші жартымызға кездесерміз)))))
Nurlibek
Бибігүл Дәулетбекқызының Аялы алақан бағдарламасы тәубаға түсіретін хабар еді. Әр жексенбі сайын осы қарындасымыздың хабарын екі көзіміз төрт болып теледидардың алдына бала шағаммен сағат алтыларда отыра қалатынбыз. Бір күні үлкен ұлым мені тыңдамай кешкілік бір топ балалармен машинаға мініп кетіп қалды. Түнімен жұбайымыз екеуіміз кірпік қақпастан таңды атырдық. Таңғы сағат жетілер шамасында полиция бөлімінен хабарласып тұр. бақсақ баламыз кешегі бұзақылармен қосылып төбелескен екен. Содан не керек әйтеуір баламыз үшін отқа да шоққа да түстік. Әйтеуір соттан алып қалдық. Бір күні жексенбі күні Бибігүл қарындасымның Аялы алақаны болып жатты, Қуаныш есімді баланың ішімдік ішіп алған достарының оңдырмай ұрып соққаны жайында және оны қыстың көзі қырауда айдалаға апарып тастағаны, соның салдарынан бозбала екі қолының саусақтарынан айырылып қалғаны туралы айтыла басталды. Жәймен көзімнің астымен жанымда отырған балама қарасам, көздері жасқа толып отыр екен. Сол Аялы алақаннан соң балам мүлдем өзгерді. Мектептен қалмай сабақты жақсы оқи бастады. Армандаған оқуына да грантпен түсті. Қазір үшінші курс студенті. Осы үшін де әйелім екеуіміз Бибігүл Дәулетбекқызының тілекшіміз. Егер дәл сол күні балам сол хабарды көрмесе кім білер еді қандай болып кететінін. Қарындасым не хабар ашсаңыз да біз Сізді үнемі қолдаймыз! Алла жар болып, әрдайым перштелер жебеп жүрсін.
mercedes
осы бағдарлама шын бе екен өтірік пе екен?
Erke
қыршу жоба бір, еріккен енегін шұқидының кебі…