Әйел тағдыры. Алтынай

Жұмыстан кешеуле шығып қалдым, қара күздің кеші. Түн басы. Аспанды қара бұлт басқан. Түстен кейін түйілгеннен кейін себездегені болмаса, ауырлап төңіп тұрғаны. Қала көшелерінің ығы, желден сақтағанымен күздің түнінің суығынан сақтамайды.

Көшенің сол жақ бойымен биіктігі екі метр кірпіш қабырға созылады. Оң жағында ескі үйлер. Өскеменнің тар көшелеріңің бірі. Дәл машина жүретін жол шетімен жүргенің. Машина жүргізушілеріне сенесің, алдыңнан тура шықса қашарыңа жер жоқ. Оның үстіне бүкіл көшенің үш жерінде басында, аяғында, орта шеті жарықтандырылған. Жарық деген аты, сарғайып тұрған шырақтар. Жұмыс бабы болмаса, немесе жағдай келмей арзандау пәтер демесе өзіме тұрғылықты пәтерім бұл маңайдан жалдамас едім. Осы маңайдың үйлерінің ауласын күндіз қиып өткенде де онша ұнатпайтынмын, жаң-жағынды біріне-бірі іргесі түйіскен бес қабатты Хрущев заманының үйлері, өзіңді қамалып қалған секілді сезінесін. Осы маңай қала бойынша тынышсыз болып саналатын. Сондықтан болар кірпіш қабырғаны жағалап жүргенді жөн көрдім.

Көше қаланың орталық проспектісіне түйісіп аяқталады, оның бойымен трамвай, автобус жүреді. Маршруттық автобустың соңғы рейсіне асығыспын. Шапшаң аяғымды басып жүріп келем. Көше соңы көрінеді, бағаннан үстінен жанған шамнан жарық түскен жерден өтіп бара жатқанымды пайдаланып қолсағатқа қарадым 20:50. Сағат 21-00-ге дейін автобус аялдамасына жетуге тиіспін, әйтпегенде автобусқа үлгермеймін.

Көше соңындағы үй проспект бойындағы үймен бұрыш жасайды. Бір-екі қадам жасап оң жаққа бұрылып көшені қиғашынан қиып өтіп проспектке шығам, алдымда автобус аялдамасы, автобусқа үлгеретін шығармын. Көшені қиғаштап өте бергенде соңымнан:

-Парень, остановись, можно Вас..-деген дауыс шықты.

Көшенің ар жағынан өтіп барып соңыма қарадым.

Қараңғыдан әйел адамның сэлуетті бөлініп шығып маған қарай бет алды. Кідіріп тоқтағанға қорқасың. Кім мүмкін кімдер қандай оймен тоқтатқалы тұрғанын кім біледі. Теріс айналып қадамымды жеделдете бергенімде.

-Пожалуйста, помогите, -деді, аяғының алысы шалынып жүргендей болды.

Шынымен көмек сұраған болып көрінген соң, тәуекел етіп әйел адамды тосып алдым. Орта бойлы қазақтың келіншегі.

-Помогите, можно позвонить, единицы есть, у меня телефоне батарея села.

Қолында ұстаған телефонын маған ұсынды. Орысша таза сөйлегенімен қазақ тілін білетінін байқаған соң.

-Телефон бар, бірақ бере алмаймын SIM картада пароль тұр, оны жатқа білмеймін, -дедім.

-Вы тогда, мені таксиге салып жіберіңізші.

-Асығыспын.

-Көріп тұрсыз ғой, мен маспын, жаңа ана үйдің ауласында жігіттер мені машинасына сүйреді.

Біраз кідіріп не айтар, не істерімді күтті де, тыңдауға көңіл бөлгенімді байқаған соң, әрі қарай ойын жалғастырды.

-Үйде мамам күтіп отыр, бағана қайтып баруым керек болғам, менде ақша бар, -деп иығына асылған сумкасына изеді, -таксиге салып жіберіңізші, сіз жақсы адамсыз ғой, мен көріп тұрмын, -деді. Сөзі өтті, проспектке бойына шығып таксилерді қарастыра бастадық, бірақ такси таба алмадық. Келіншек:

-Пиво ішесің бе?

-Жоқ, ішпеймін, -екі көзім жан-жақты шолу үстінде.

Келіншек тоқтаусыз сөйлей берді.

-Менім сумкамда үлкен пышақ жатыр, -дегенде бетіне тура қарадым, көңілім оған ауғанын байқап, ойын жалғастырды.

-Повар болып істеймін, құдашамның үйіннен келем, салат жасап беруге шақырған, құдаларын күтіп жатыр, құдаша салат жасағанымды көріп «қолың қимылына көз ілеспейді» похваливает словами, мен арақ іше алмаймын, қазақтарды білесің ғой, коньяк іштірді, басыма шығып кетті, сен мені тастамайсың ғой, -үндемедім тек қасына еріп жүре бердім.

Айтқан сөздерінен тұратын жері бір-екі аялдамалық жер екені белгілі болды. Алдымыздан трамвай тық-тық етіп өте шығып жүрісін баяулатып тоқтады да жолаушыларын түсіріп әрі қарай жүре берді. Трамвай тоқтаған аялдамадан әрі қарай өттік. Жекеменшік үйлер арасына кететін көшеге тура шықтық.

-Мен мына көшеде тұрамын. Мамам айтып қояды «менім көзім тірі жүргенде күйеуге шық» деп, мені кім алады, екі балам бар, күйеусіз он жыл тұрамын.

-Сенің жасын нешеде?

-Отыз екіде.

-Патцан екенсің, мен отыз сегіздемін –дей бергенде арт жағымыздан бізді қуып жетіп алған еркек дауысы:

-Алтынай сенбісің?

Біз тоқтап қалдық. Келіншек:

-Көршім ғой, онымен ары қарай барам, -деп. Қасымызға келген еркек қолтығынан ұстап жүре берді. Теріс бұрылып кері қарай жүре бердім, тек еркектің бір сөзі құлағымды шалып қалды –«монша жағып қойдым» деген, жол-жөнекей естілген сөз ойдан шықпай біршама жағдайды көз алдыма суреттеді.

Осы оқиғадан кейін біраздан соң екі баласы бар отыз сегіз жастағы әйелге үйлендім. «Бақыт не екенін білмептім, бақытты болғым келеді» деп қолын созған еді.

Жалғыз басты әйелдер тағдырлары елдің тағдыры болып кетпеске кім кепіл. Жандары татулығы жоқ елде не болмақ. Әке-шешесін бірге көрмеген бала не болмақ. Кеткен бе біздің бойдан татулық?
Әрі қарай