"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

Cуретті түсіндір - 4 (Бұл не рәсім?)



Қасиетті Шиваға мінажат етушілер ме, бұл не рәсім уа жамағат?
Ең алдындағы жігіт қорқып не жиреніп тұрған секілді.«Ибай, нақ иба-а-ай іщәәә» Неден?

Бұл сұраққа жауапты оның артында тұрған жігіттің сиқырлана жымиғанынан табармыз? «Хәп бәле-ем, тырп етпе, хыхы қолға түстің ба»
Ойда жоқта күнәхарларға бірдеңе көрінсе, соңғы тұрған манақтың жолы болған сияқты.
«Саспа, амиго сенің артыңда мен бармын!»
Қателестім бе екен?
Артта тұрған бөтелкелердің ішінде не бар екен? Аладинссс…
Әрі қарай

Үнхабар: Блог Құрылтайдың болғанынан боладысы қызық

Өткен жұма күні Dabai Kerekinfo болмай тұрған кезде Мақпалдың жазып алып, әзірлеген үнхабары.

Ескерту: Арнайы еш дайындықсыз жазылды.

Неге тіркелу керек?
Қандай тақырыпта презентация жасаған дұрыс
Құрылтайда ақша жоғалтып алсаң не істейсің
Блог Байқауға қатысыңдар!
т.с.с. тақырыптарды түртіп өтеміз.

Керекшілер қажетіне жаратар.

Скачать с podkazt.kz


Скачать с podkazt.kz
Әрі қарай

Жаңа өткен қоян...

Біздің Ескене ауылы екіге бөлініп жатыр. Таудың (өзімізге тау, қырат негізінде) шеткері мүйісінде Талдыбұлақ атты шағын ауылымыз бар. 15 үйлі. Осы Талдыбұлақтан Ескенеге мектепке барамыз. Екі ортаның қашықтығы 2 шақырымнан аса болар. көрші және ағайын болып келетін Ербол екеуміз көбіне бірге барамыз (Кеңес Одағы ыдырағанша бізді аранйы көлікпен тасымалдайтын). Жарты сағаттық жол. Екеуміз таудың етегіндегі жолмен әңгімелесіп келе жатқанбыз. Кенет Ербол тоқтай қалды. алдымызды кесіп өткен қоян ізі жатыр екен. Ербол қолғабын (биялай деп те атайды) шешіп ізді ұстап көріп, «жып-жылы екен, жаңа ғана өткен қоян екен» демесі бар ма))) Шамасы сол кезде мен 5, ол 3-ші класта оқимыз-ау деймін.
ПыСы.Класс сөзін мен көп жерде қолданамын.Мүмкін біздің мектептегі соңғы жылдарымызда кірген «сынып» сөзіне бойым үйренбеген болар.Тегі әр сөзді аудара бергеніміз де дұрыс емес секілді.
Әрі қарай