Қазақша сөйлеген голливудтықтарды қазақстандықтар таниды ма?
2011 жылдан бастап голливудтық фильмдер қазақша дубляждалып қазақстандық көрермендердің назарына ұсынылуда. Алайда арада 3 жыл өтседағы қазақ тілінде сөйлейтін голливудтық фильмдерді қазақстандықтардан көргендер де, олардың бар екендіктерін білетіндер де аз-ақ болып шықты.
Кинотанушы, «Киностан» порталының әкімшісі Ернар Бекеновтың қазақ тіліне дубляждалған фильмдер жөнінде жүргізген кішігірім зерттеуі осыған бірден-бір дәлел болып отыр. Ернардың қазақша дубляждалған фильмдердің табысы туралы мәліметті орысша нұсқасының табысымен салыстыра отырып басталатын зерттеуінің қорытындысы екеуінің айырмашылығының жер мен көктей екендігін ғана емес, халықтың олар жайында білетіндері аз екендігімен аяқталып «Көрермендердің сөзіне құлақ ассақ — олар киноның насихатталуы нашар дегендей уәж айтады, прокатшылар бұндай жобаның пайдасынан шығыны көп деген ұстанымда» деп қорытындыланады.
Мен өзім киноман емеспін. Бірақ қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің барлығын көріп шыққан адаммын. Соны ала қоя отырып, қазақстандықтарды қазақша сөйлейтін голливудтықтар мен оларды қазақша сөйлеткен отандастарымызбен таныстырмақпын.
ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ
«Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақ тілін үйрену мен дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру аясында 2011 жылдан бастап отбасылық көрсетілімге арналған голливудтық туындыларды қазақ тіліне дубляждау жобасы басталған болатын.
Жоба авторларының айтуы бойынша: «Мультимедиялық технологияларды пайдалану – тілдерді үйренудің тиімді тәсілі. Әйгілі әлемдік фильмдердің дубляжы қазақ тілін танымал етудің ықпалды және де өнімді құралы болып табылады.»
2011 жылдан бері қазақ тіліне 8 туынды аударылған болатын. Оның үшеуі мультфильм, бесеуі кино.
ФИЛЬМДЕР ХРОНОЛОГИЯСЫ
ФИЛЬМДЕР ЖАЙЫНДА МАМАНДАР
1. КӨЛІКТЕР 2:
Дыбыс режиссері — Илья Бисеров.
Басты рөлдегі Молния мен Мэтрді қазақ тілінде сөйлеткен — Азамат Қанапияев.
Фильмінің түпнұсқасына барлығы 130 адам қатысқан, ал қазақстандық дубляжды 30 актер алып шыққан.
2. ҚАРА КИІМДІЛЕР — 3:
Басты рөлдегі агент ДжейдіУилл Смит қазақ тілінде сөйлеткен — Азамат Қанапияев.
БАТЫЛ ЖҮРЕК
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Жобаның құны 20 миллион.
Қазақстандық дубляжға 15 актер қатысқан.
4. ЖАҢА ӨРМЕКШІ АДАМ
Қазақстандық дубляжға 30 актер қатысқан.
5. МОНСТРЛАР УНИВЕРСИТЕТІ
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Басты рөлдегі Джеймс Салливанды қазақ тілінде сөйлеткен — Руслан Сеңкебаев.
Қазақстандық дубляжға 40 актер қатысқан.
6. ЖАЛҒЫЗ РЕЙНДЖЕР
Басты рөлдегі үндіс Тонтоны қазақ тілінде сөйлеткен — Берік Айтжанов.
Қазақстандық дубляжға 35 актер қатысқан.
7. ӨРМЕКШІ АДАМ: КЕРНЕГЕН ҚУАТ
Басты рөлдегі Питер Паркеді қазақ тілінде сөйлететін — Мерей Әджібеков.

8. МАЛЕФИСЕНТА
Қазақстандық дубляжға 20 актер қатысқан.
ФИЛЬМ ЖАЙЫНДА КӨРЕРМЕНДЕР
Мерей Ермуханов:
— Қазақша дубляж деген қырғыз инновациясы сияқты құлаққа біртүрлі естілетін ұғым еді, иә? Ал қазір қалыптасып, жанданып келеді.
Бұл жерде мен өзімнің ойымды ғана емес, қос әріптесімнің пікірін де білдіріп отырмын. Олардан сұрап ем, біріне «Малефисента», біріне "Қара киімділер-3" ұнапты.
Өзім там-тұм шығып жатқан қазақ дубляжын жылыұшырай қараймын. Ол процесс өте ауыр, адам үнімен жағаласқан жағдайда жарылыстың да, ар жағындағы мияулаған мысықтың да, жапырақ сыбдырын да студияда салуға тура келеді.
Қазіргі дыбыс режиссерлерінде, аудармашыларда ізденіс бар. Қазақы ұғымдарды қолдануға тырысып жатады. Анау-мынау орынсыз сөздер қолданылса, ол байқалады, сыншыл қауым бірден айтып жібереді.
Дубляжды фильмді сирек көретініміз рас. "Өзімізден де бар енді"… Орысша кино көреміз. Бірақ ол біздің ғана айып емес, жалпы контент аздығы мен эфирге аз берілуден де туындап отыр. Бұл жағдайда, яки сұраныс болмағанда, ұсыныс өзі қимылдауы керек.
Мұндай теңеу орынды емес және тым цинизмге толы секілді, алайда қазақша дубляж да мұсылманшылық сияқты: әсте-әсте болатын дүние.
Бастысы, көш қозғалды!
Айжан Құлмұханбетова:
— Бізге эмоция жетпейді. Эмоциясыз және тәртіпті сөздермен аударып қойғасын кинолардың «дәмділігі» кетіп қалады. Тым әсершілдік көп. Қазір дегенмен жақсарып келеді.
Жарқын Түсіпбекұлы:
— Бұл мәселе осыдан 4-5жыл бұрын көтерілді. Біз сол кезде сәл де болсын «ояу» болған сияқтымыз. Парламент депутаттары да қазіргідей емес еді. Мәжілісте үкімет сағатына келген сол кездегі ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті жалпы сырттан келетін өнімді қазақша ұсыну жағын қолға алу керектігі айтылды. Қазақтілді баспасөз әлбетте қолдады. Сол кездегі министрдің уәдесі бойынша 2012 жылдан бастап, қандай да бір өнім қазақшаға дубляждалып қазақтілді көрерменге таңдау мүмкіндігін бермек болған. Алайда айтылған сөз жайына қалды. Қоғам да ұйымдасқан түрде талап ете алмады. Кейіннен Бауыржан Байбек халықаралық «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығын басқарып тұрғанда қолға алды. Нәтижесі жаман емес. Керемет сапалы дүниелер ұсынып жүр. Бірақ аз. Сосын ол тек Байбекке ғана керек пе? Оны неге іліп әкететін адам табылмай тұр? Тіпті үлкен саясаткер басымен мультфильмдер мен ертегілердің басы-қасында жүр. Бауыржан Қыдырғалиұлына рахмет айтар едім. Табандылығы үшін. Барлығы сапалы, кінәрат жоқ. Тек саны аз, өте аз.
Айжан Байтанова:
— Шынымды айтсам, алғашында қазақша дубляждалған Голливуд фильмдеріне белгілі бір скепсиспен қараған едім. Идеясы жақсы, бірақ жүзеге асуы ақсай ма деп ойлағанмын. Бірақ, көңілімнен шықты. Аудармасының өзі де, дублер актерлердің дауыстары да. Бұл жерде дубляж режиссерінің еңбегін атап кету маңызды деп санаймын, бұл адамның арқасында біз қазақшаға аударылған емес, қазақша түсірілген фильм көргендей әсерде қаламыз.
Қазақстанда сапалы дубляж жасай алатын мамандар бар екендігіне өз көзім жетті. Дубляжда Голливуд фильмдерінің неге таңдалғаны түсінікті, бұл көпшілік аудитория қызығушылығын тудыратын өнім ғой. Алайда, дубляждау жанрлық тұрғыдан ауқымдырақ болса екен деп тілер едім. Тек фильмдер емес, қазақ тілді аудиторияға қызықты болатын сериалдар, шетелдік университеттердің дәрістері, әлеуметтік жарнамалық роликтер тағы сол сияқтылар аз емес.
Ернар Бекенов:
— Аударма сапасы үшін 5 баллдық жүйемен 3-4 беруге болады. Кейбір репликаларды актердің ауыз қимылымен сәйкестендіреміз деп қазақ тілді көрерменнің құлағына жат естілетін сөз орамдары кетіп қалып жатады. Прокаттағы дубляж бізде енді қолға алына бастаған бастама ғой, сол себепті бұндай олқылықтарға кешіріммен қарауға тырысамын.
Қазақша шыққан фильмдердің жарнамасы: Менің ойымша, қазақ тілді көрерменнің арасына дубляждалған фильмдерді насихаттау жетіспейтін сияқты. Премьера қарсаңында көрермендер арасында түрлі акциялар өткізілсе, әлеуметтік желілерде көбірек хабарланса, қазақ тілді БАҚ-пен тығыз жұмыс істесе олардың көрілу деңгейін арттыруға болады деп ойлаймын.
Метериалды дайындау барасында фотограф Ғабит Мадалиев, Киностан және Болашақ Ассоциациясының суреттері мен видеолары қолданылды
МЕНІҢ ПІКІРІМ:
— Бәріміз бір қазақ болғаннан кейін қазіргі уақытта қазақ тіліне дубляждалып жатқан фильмдерге айтар сынымыз да, мақтауымыз да бірдей. Өзім осы фильмдер мен мультфильмдерді көріп шыққан адам ретінде дубляж мәселесінде әр қайсысына бөлек-бөлек сын айтып шыға аламын. Алайда көш жүре түзеледі демекші… сонау 2011 жылдан бері қарайдағы аралықты алатын болсақ дубляждағы біраз мәселелердің түйіні шешілген. Осы уақытқа дейінгі барлық аудармалардың ішінде өзіме Малефицента өте қатты ұнады. Киноның өзінің қызықты сюжетінен өзге, аударма әдемі. Эмоцияларды сәйкестендіріп бере білген, дубляж сапасы да фильмді қай тілде қарап отырғандығынды ұмыттырып жібереді. Құдды сол түпнұсқаны көріп отырғандай әсер алдым. Енді осы айдың соңында «Галлактика сақшылары» қазақ тілінде шығады деп күтілуде, одан да жақсы нәтиже күтеміз.
АЛ СІЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГОЛЛИВУДТЫҚ ФИЛЬМДЕРДІ КӨРДІҢІЗ БЕ?
Әрі қарай

- Тачки 2/ Көліктер 2, 2011 жыл, 23 маусым: ана тілімізде көрсетілген голливудтық алғашқы фильм!
- Люди в черном III/ Қара киімділер-3, 2012 жыл, 24 мамыр: Sony Pictures студиясының қазақ тіліне дубляждалған алғашқы фильмі.
- Храбрая сердцем/ Батыл жүрек, 2012 жыл, 21 маусым.
- Новый Человек паук/ Жаңа Өрмекші-адам, 2012 жыл, 5 шілде.
- Университет Монстров/ Монстрлар Университеті, 2013 жыл, 20 маусым
- Одинокий рейнджер/ Жалғыз рейнджер, 2013 жыл, 4 шілде.
- Новый Человек паук: Высокое напряжение / Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат, 2014 жыл, 24 сәуір.
- Малефисента/ Малефисента, 2014 жыл, 29 мамыр.
ФИЛЬМДЕР ЖАЙЫНДА МАМАНДАР
1. КӨЛІКТЕР 2:
Айжан Жәмшитова, жобаның режиссері: Бұл мен үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Басында Disney студиясынің дубляжға қоятын талабын айтқанда, мен жүрексінгенімді жасыра алмаймын. Дегенмен, белді буып жұмысқа кірістім. Жұмыстың қауырттығы сондай кейде қажет нәтижеге қол жеткізу үшін бір сөздің өзін сағаттар бойы барынша дұрыс дыбыстауға тырысатынбыз. Ал біз телевидениеде осы уақыт ішінде тұтас бір фильмді дайындап шығушы едік.
Дыбыс режиссері — Илья Бисеров.
Басты рөлдегі Молния мен Мэтрді қазақ тілінде сөйлеткен — Азамат Қанапияев.
Фильмінің түпнұсқасына барлығы 130 адам қатысқан, ал қазақстандық дубляжды 30 актер алып шыққан.
2. ҚАРА КИІМДІЛЕР — 3:
Әйгерим Оңалбек, жобаның режиссері: Бізге берілген азғантай ғана уақыттың ішінде біз түпнұсқасымен бірдей, тіпті орыс тіліндегі дубляжынан асып түсетін сапалы өнім жасап шығардық. Өзімізге тапсырылған ісімізді абыроймен алып шықтық деп ойлаймын.
Басты рөлдегі агент Джейді
БАТЫЛ ЖҮРЕК
Іңкәр Әбдіраш, басты рөлдегі Мерида ханшайымды қазақ тілінде сөйлеткен актриса: Бұл жұмыс менің алғашқы дубляжым. Мен дубляждың соншалықты қиын екендігін білмеппін. Шындығында біз басты рөлдегі кейіпкер екеуіміз ұқсаспыз. Мерида да жас, қайсар, алға қойған мақсатына ұмтылып, кейбір жерлерде ессіздік танытқанымен өзінің қалағанын жүзеге асыра алатын қыз.
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Жобаның құны 20 миллион.
Қазақстандық дубляжға 15 актер қатысқан.
4. ЖАҢА ӨРМЕКШІ АДАМ
Мерей Әджібеков, Питер Паркерді қазақша сөйлеткен актер: Бұл менің дубляж саласындағы брінші рөлім. Фильмнің басты кейіпкері Питер Паркер менің дауысымен сөйлегеніне өте қуаныштымын. Негізі біз Питер екеуміз ұқсаспыз. Ол мен сияқты алдына мақсат қоя алатын, әрі елгезек адам.Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Қазақстандық дубляжға 30 актер қатысқан.
5. МОНСТРЛАР УНИВЕРСИТЕТІ
Дулыға Ақмолда, басты рөлдегі Майк Вазовскиді қазақ тілінде сөйлеткен актер: Мен өзімді сахнада да, микрафон алдында өте еркін сезінемін. Мен үшін көрерменнің мені емес, мен сомдап жатқан кейіпкерді көргендігі маңызды. Алайда «Монстарлар универсиететіндегі» Майк Вазовскиді сомдау маған қиынға соқты.Оның жүріс-тұрыс, қимылына сәйкес сөйлей алмаған едім, дубляж режиссері Айжан Жәмшитованың арқасында оны да өте жақсы алып шықтым.
Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Басты рөлдегі Джеймс Салливанды қазақ тілінде сөйлеткен — Руслан Сеңкебаев.
Қазақстандық дубляжға 40 актер қатысқан.
6. ЖАЛҒЫЗ РЕЙНДЖЕР
Бейбіт Қамаранов, басты рөлдегі рейнджерді қазақ тілінде сөйлеткен актер: «-Мен өзім осы рөлді 12 сағат бойы жасадым. Оңайға соқты деп айта алмаймын, өйткені көп қиналдық. Себебі олардың сөйлеу мәнері, әрекеттері біздің менталитетке келмейді.Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.
Басты рөлдегі үндіс Тонтоны қазақ тілінде сөйлеткен — Берік Айтжанов.
Қазақстандық дубляжға 35 актер қатысқан.
7. ӨРМЕКШІ АДАМ: КЕРНЕГЕН ҚУАТ
Азамат Қанапия, басты рөлдегі Электроны қазақша сөйлеткен актер: Маған мінезді кейіпкерлер ұнайды. Менің кейіпкерім алғашында жақсы адам болады, алайда кейінінен зұлымға айналып, адамдар мен бүкіл әлемге ызыланады. Мен өз жұмысымды бастамас бұрын алдымен кейіпкердің мінезін тануға тырысамын, содан кейін барып сол мінезбен жұмысты бастаймын. Кейіпкердің іс-әрекетін түсінсен дауыс өз-өзінен келеді. Фильмнің ағылшын тіліндегі нұсқасында Электроның дауысыны арнайы эффекттермен электрлі еткен, мен де дубляжда дауысымды солай келтірдім.Жоба режиссері — Әйгерім Оңалбек.
Басты рөлдегі Питер Паркеді қазақ тілінде сөйлететін — Мерей Әджібеков.
Қазақстандық дубляжға 30 актер қатысқан.
8. МАЛЕФИСЕНТА
Гүлназ Әуесбаева, басты рөлдегі Малефисентаны қазақ тілінде сөйлетекен актриса: Мен үшін Анджелина Джоли кейіпкері Малефисентаны дыбыстау – зор жетістік. Дыбыстау актер үшін – бұл жаңа толық құнды рөл секілді. Мен «Болашақ» қауымдастығы және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақстандықтардың белгілі голливудтық блогбастерді мемлекеттік тілде көру мүмкіндігіне ие болғанына ризамын.Жоба режиссері — Айжан Жәмшитова.