Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессия аясында 2016-2018 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізуді талқылап, әлеуметтік маңызды маршруттар тізімін, қалалық және қала маңы бағытындағы жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тұрақты тарифтерін бекітті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің хабарлауынша, мектептерге жапсарлас ғимараттар салу және балабақшаларды абаттандыру бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, жеке меншікті балабақшаларда мемлекеттік тапсырыстың құнын ұлғайту, медициналық жабдықтарды және жедел жәрдем көліктерін сатып алу, тұрақтар мен гүлбақтар құрылысы, инженерлік желілер салу және т.б. үшін қосымша бюджеттік қаржы бөлінетін болады.

Астана жаңалықтары: Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары жолаушылар мен жүк тасымалдау тарифтерін бекітті, қазіргі кезде тасымалдау құны 90 теңге, экспресс бағдарларда – 150 теңгені құрайды.

Жер учаскесіне құқық беру жөніндегі комиссияның құрамын өзгерту туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Сессия соңында өткен шақырылымдағы белсенді депутаттар марапатталды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Құттықтаймын!

Барлық Қазақстандықтарды сәтті өткен олимпиада ойындарымен құттықтаймын!
Және де жақын арада сайланатын жеті мәжіліс депутаттарымен құттықтағым келеді. Мүмкін оданда көп болуы мүмкін. Медалисттер саны он үш қой.
Әрі қарай