Дежавю. Әңгіме
Адамның ерекше психикалық күйі, осы күйде адам қазіргі шақтағы жағдайы басқа бір уақытта өткендей көрінеді. Мысалға, өткен шақта болғандай сезімді кинода көрген бір эпизод тудыруы мүмкін. Бірақ, адам дежавю күйіне түскенде, неліктен, не себепті ондай жағдайға тап болғанын түсіндіре алмайды? Психолог мамандардың дежавю күйіне берген түсініктемелерінің бірі осындай.
Дежавюге ұқсас жағдай сипатталғанда күлкі келерліктей сенімсіз естілуі мүмкін. Өйткені ондай эпизодтар кинода жиі кездеседі.
-Е, осындай бір жағдай болып еді -деп айтпас бұрын оқиға қашан болғанын есіме түсірейін.
Қырық жасыма келгенде сіз оқып отырған естелігімді жаздым. Жиырма екі жыл бұрын болған оқиға маған кеше ғана болған оқиға секілді. Жас үлкейген сайын жылды құрайтын күндер саны азаятындай. Ересек адамдар «мен» нені айтып тұрғанымды жақсы түсінеді. Дегенмен, бар шындықты айтамын деп жүрек тұсымды ұстамаймын, кеше ғана болған оқиға десем де, ұсақ-түйектері есте қалмапты.
1991 жылдың күз кезі. Аяғым баспаған ауылға бірінші рет қонақ ретінде келдім. Таныс емес үйдің босағасын аттаймын. Алдын ала ескертіп қояйын, дәл осы үйдегідей орналасқан үйге бұрын-соңды кірген емеспін!
Кешкі сегіз шамасы, күннің қызарып батқан шағы. Автобуспен келіп, түсіп қалдық. Бізді жақсы қарсы алды, үйге кірер алдында аяқ астынан бүкіл ауылдың электр тоғы тоқтап, шамдары сөніп қалды. Тез арада қолдарына шам –лампаларды жаққан үйдің иелері бізді үйге кіргізе бастады. Сол кезде қалайша бас құда болып кеткенімді білмей қалдым. Қыз беріп жатқан жақтан жастармен ілескен бірен-саран қонақтың бірі болуы керек болғанмын.