Дежавю. Әңгіме

Блог - bake: Дежавю. Әңгіме
Адамның ерекше психикалық күйі, осы күйде адам қазіргі шақтағы жағдайы басқа бір уақытта өткендей көрінеді. Мысалға, өткен шақта болғандай сезімді кинода көрген бір эпизод тудыруы мүмкін. Бірақ, адам дежавю күйіне түскенде, неліктен, не себепті ондай жағдайға тап болғанын түсіндіре алмайды? Психолог мамандардың дежавю күйіне берген түсініктемелерінің бірі осындай.

Дежавюге ұқсас жағдай сипатталғанда күлкі келерліктей сенімсіз естілуі мүмкін. Өйткені ондай эпизодтар кинода жиі кездеседі.

-Е, осындай бір жағдай болып еді -деп айтпас бұрын оқиға қашан болғанын есіме түсірейін.

Қырық жасыма келгенде сіз оқып отырған естелігімді жаздым. Жиырма екі жыл бұрын болған оқиға маған кеше ғана болған оқиға секілді. Жас үлкейген сайын жылды құрайтын күндер саны азаятындай. Ересек адамдар «мен» нені айтып тұрғанымды жақсы түсінеді. Дегенмен, бар шындықты айтамын деп жүрек тұсымды ұстамаймын, кеше ғана болған оқиға десем де, ұсақ-түйектері есте қалмапты.

1991 жылдың күз кезі. Аяғым баспаған ауылға бірінші рет қонақ ретінде келдім. Таныс емес үйдің босағасын аттаймын. Алдын ала ескертіп қояйын, дәл осы үйдегідей орналасқан үйге бұрын-соңды кірген емеспін!

Кешкі сегіз шамасы, күннің қызарып батқан шағы. Автобуспен келіп, түсіп қалдық. Бізді жақсы қарсы алды, үйге кірер алдында аяқ астынан бүкіл ауылдың электр тоғы тоқтап, шамдары сөніп қалды. Тез арада қолдарына шам –лампаларды жаққан үйдің иелері бізді үйге кіргізе бастады. Сол кезде қалайша бас құда болып кеткенімді білмей қалдым. Қыз беріп жатқан жақтан жастармен ілескен бірен-саран қонақтың бірі болуы керек болғанмын.

Үйдің босағасын аттаған соң жоғарыда сипаттаған күй басталды. Қараңғы үйдің ішінде сүрініп қалмайын деп еппен қадам жасаймын. Бірақ, кейде көз алдыма келген көріністерге өзім таң қаламын. Алдыма келесі қадам жасағанда, күндізгі жарықпен бөлме қалай көрінетін суреті пайда болады. Үйдің бөлмелерінің қабырғаларында ілінген шымылдық арттарында, қуыстарда сандықтар жиналып тұрғанына дейін ақпарат берілді.

Дежавюді өз алдына қояйық. Өткені, келесі көрініс тек кинофильмдерде болуы мүмкін деп ойлайтынмын. Кең бөлменің төрт бұрышына шырақтар –лампалар қойылыпты. Ақ түсті матадан кимешек –шылауыштары және камзол киген, үлкен жастағы жиырма немесе отыздай әжелер жерде қаз-қатар отырғызылыпты. Олардың қарама -қарсы жағына мені отырғызған соң әжелер кезек-кезекпен көне өлеңдерді айта бастады. Бас құда күту рәсімдері орындалды. Көз алдымда бөлмеге кірмей тұрғанда көрсетілген сурет қайта-қайта оралып, алдымдағы болып жатқан жағдай менің басымды айналдырып жіберді. Осы кезде «нағыз құда» мені ауыстырды. Бізден қалып қойған. Жеткенше оның орнын уақытша басыппын.

Жалпы таныс емес жерді бойсына алмайтын жан болатынмын. Бұл жолы бәрі басқадай. Көрші бөлмеге кіргізді, сол-ақ екен, мені ұйқы басып, бірден ұйықтап қалыппын. Таңертең ертерек оятып алды. Жақсы демалыппын. Өзімді жақсы сезінгенім соншалықты, тұрып ән айтқым келіп кетті деуге болады. Ұйқыдан бір шаттық мейрамда көңіл көтеріп жүргендей сергіп шыққандаймын.

Сол жылдың күзі — сәтті жылдардың басы болды. Қандай сәтті жағдайлар болды, несімен есте қалды дейсіздер ғой?
— Бүгін, осы жазған әңгімем сол сәтті күндердің бірі ғой. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

31 желтоқсанда, 21:15 өзгерістер енгізілді.

P.S.: Дежавю кинода. Гайдардың «Операция «Ы» және Шуриктің басынан кешкен оқиғалары: Еліктірме» (1965 ж) кинокомедиялық новеласында Шуриктің қалайша емтиханға дайындалғанын айта кетуге болады.
Блог - bake: Дежавю. Әңгіме
Бөлісу:

20 пікір

ereke_enu1
Қызық әңгіме екен. Әлемнің біз білмейтін сырлары көп. Менде төбелес кезінде болған еді «Гопниктер» жабылып жатыр. Бастан неше рет тепкендерін білмеймін, бір сәт уақыт баяулап қалғандай болды. Өзіммен өзім болып кеттім, осы сәт сондай таныс болып көрінді. Дауыстар алыстан естіліп жатты. Өлім аузында адамның бүкіл өмірі көз алдынан өтіп шығады дейді ғой. Тіпті, соған да ұқсас бірдеңе болды.
bake
Жаңа жылыңмен! Кәсіпорын бөлімшесін Өскеменде тез арада ашып, өрістеріннің кеңейгеніне тілектеспін. Жазған пікіріңе қатысты мында жазылған.
ereke_enu1
Рахмет. Сізге де алдағы жыл берекелі болсын!
Adiletshu
Менде дежавю көп болады. Бұған ғалымдар не дейді, діндарлар не дейді екен?
bake
Психологтар не дейтінін жазып кеттім.
Мысалға, өткен шақта болғандай сезімді кинода көрген бір эпизод тудыруы мүмкін. Бірақ, адам дежавю күйіне түскенде, неліктен, не себепті ондай жағдайға тап болғанын түсіндіре алмайды?
Осы мысалмен берген түсініктеме аясынан тыс «дежавю» күйін түсіндіре алмайды. Адам алдын ала сезіп, елес болып келген көрінісін шын мәнінде бірінші рет көріп тұрса! Оған мынандай бір түсініктеме береді:
1) Адам миы жаратылғаннан бері не болатынын алдын ала біледі, ол үшін арнаулы бүкіл ғаламдық ақпарат қорымен байланысқан дейді. Ғылым ретінде танымалған сала мамандары.
2) Дінде: тағдырға илану деген бар, иманның бес шартының біреуі. Жаратушы бәрін алдын ала әрқайсымызға тағдыр сыйлап анықтап қойған. Дежавюді дін «түс» деп қабылдайды. Мөлшерімен осылай
3) Экстрасенстер ерекше қабілетке өзідерінің бойындағы қасиетін басқара алуға қол жеткізген деседі. Өз еріктерімен 1 және 2-ші пункті орындатқыза береді. Қарапайым адамға ондай күй белгісіз «заңдылық» бойынша пайда болатын көрінеді.
Соңғы түзету:
bizbike
Аян түс көру де дежавю ма сонда?
bake
Өз пікірімді білдіртейін. Дежавю деуге болатын секілді. Өйткені алдын -ала болатын көріністі көресің ғой.
Beytanis
Дежавю — бір оқиғаны не затты көргенде бұрын көрген секілді болатын сезім. Түс басқа.
bake
"Өз пікірім", әйтпегенде орыс тілінде берілген анықтамасында «чуство» -«сезім» делінген. Жақсы анықтама беріпсің. Анықтама төңірегіндегі пікіріңе қосыламын. Бірақ та дежавюге өте ұқсас сезім «бұрын көргеннен» болмаса ше? Осы жерде нақты жауапты психолог мамандар бермейді. «Аян» осы категорияға жатады. Түс түрлері қандай болатынын білмеймін бәрі «аян» емесі анық. Анықтама төңірегіне экстрасеснстер кірмейді, бірақ дежавюға оларда сүйенетін секілді. Пікіріңе жауап жазып жатып оны «теріске шығару» мақсат емес. Пікір төңірегін кеңейтейін дегенім.
Соңғы түзету:
Beytanis
Адамның жан дүниесін толық түсіну әрі түсіндіру адамға қиын. Қолмен ұстап, көзбен көрмейтін, бірақ маңызды құбылыстар көп-ақ. Жоққа шығара алмаймыз…
Соңғы түзету:
Ispek92
Дензел Вашингтон ойнайтын «Дежа Вю» фильмін рекомендеймін, сосын Дежа Вю қосылып жазылмайды, қате болса түзеп жіберіңдер…
Beytanis
Гуглден сұрашы, бала
Ispek92
Қате болса қате болғаны ғо © Сәшөк
Beytanis
Ырзасың ғой
Ispek92
Сәшөктің атын естісем, ырза боп қаламын, біраздан бері көрінбей кетті
Adiletshu
Бионстың орындауындағы Дежавю клипін көруді рекомендеймін
bake
Бөлек жазылады дегенің бе? Онда төмен жақтағы пікірді қара
Соңғы түзету:
bake
Дежавю
Суретте қате жазылған!
«On-line» жай ғана «олине» деп термин сөз ретінде жазамыз, траслитте жазып отырған жоқпыз. «Дежа вюге» деп қалай жазасың?