«Даулы үйлердің» 3 мыңнан аса үлескері Астанадан пәтер алады

Әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясы (ВАК) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС компаниясына несие қаржысы есебінен 28 объектінің құрылысын аяқтау үшін қаржыландыруды қарастыруды ұсынды, деп мәлімдеді брифинг барысында өкілетті ұйымның басшысы Уалихан Досаев. Бұл туралы  елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.  


Еске сала кетейік, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС «Нұрлы жер» мембағдарламасының шеңберінде проблемалы нысандардың құрылысын жаңарту және аяқтау үшін құрылған болатын.


Осы мақсатта республикалық Ұлттық қордан қаржы бөлінді.


«Қазіргі таңда 3078 үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 14,4 млрд теңге қаржыландыру үлесімен құрылысты бірлесіп аяқтау туралы келісімшарт жасалды. Бұл Астанадағы үлескерлердің үштен бір бөлігін құрайды», — деді У. Досаев.  


Бұл жерде «Шығыс» көппәтерлі кешені, 3Б туралы айтылып жатыр. Оның қаржыландыру үлесі 2,8 млрд теңге (пайдалануға берілудің жоспарлы мерзімі – маусым 2019 жыл); «Шығыс» КПК, 3А, қаржыландыру үлесі 3 млрд теңге (пайдалануға берілудің жоспарлы мерзімі – маусым 2019 жыл); «Жағалау 4» КПК, 4 полигон, қаржыландыру үлесі 2,1 млрд теңге (маусым 2019 года); «Жағалау – 3» ТК, А-Ж блогы (бөлінген қаржының көлемі – 864 млн теңге, пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – келесі жылдың наурызы); «Шығыс» КПК, 1А; 1В; 2А; 2В тобы; 4 топ 1 кезек (қаржыландыру үлесі 2,6 млрд теңге, пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – наурыз 2019 жыл (1А; 1В), 2019 жыл мамыр (2В), қыркүйек 2019 жыл (2А), қараша 2019 жыл (4 топ 1 кезек), сондай-ақ «Гарант» КПК, қаржыландыру үлесі – 2,8 млрд теңге (пайдалануға берілудің жоспарлы мерзімі – Құрылыс-монтаж жұмыстарына бектіліген келісімшарт күнінен бастап 17 ай — мамыр 2020 жыл).


Экономикалық тиімділігі жоқ проблемалы объектілердің құрылысын аяқтауға бағытталған қаржыны қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында қосымша тұрғын үй құрылысына жер учаскесін бөлу жөнінде шешім шығарылды.


Сонымен қатар, «Азбука жилья»-ның 2682 үлескері бар «Комсомольский», «Жеті Жол», «Гарант», «Айсанам Де Люкс», «Комфорт», «Садовые Кварталы» сияқты проблемалы объектілердің перспективасы айтылды.


 «ОРДА Инжиниринг» ЖШС 2015 жылы әр тұрғын үй құрылыс кооперативі (ТҚК) және оның мүшелерімен құрылысты аяқтаудағы бірлескен жұмыс жасау  туралы келісімге қол қойған басқарушы компания болып белгіленгенмен, өзінің міндетін орындамаған», — деді Досаев.


9 шілдеде өткен үлескерлермен кездесудің қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй кешендері құрылысын аяқтау ұсынылды.  


«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС осылайша жобалық құжаттарды дайындау мен тапсыру, мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылысты аяқтау жөніндегі шешімдерді қабылдауға қажетті басқа операцияларды жүзеге асыру бойынша 30-дан аса жиын мен жоғарыда көрсетілген объектілердің ТҚК өкілдерінің, «ОРДА инжиниринг» ЖШС жұмысшыларының қатысуымен кездесулер өткізді.  


 «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС қатысуымен проблемалы «Азбука жилья» тұрғын үй кешенінің құрылысшысы ретінде «ОРДА Инжиниринг» ЖШС-не құрылыс құқығын берудің механизмі әзірленді. 2018 жылдың 5 қазанында «Гарант» ТК (1 кезек) құрылысын бірлесіп аяқтау туралы келісімшарт бекітілді.


«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС 8 қазанда құрылысты аяқтайтын мердігерлік жұмысқа байқау жариялады. 2018 жылдың 15 қарашасында " «Гарант» КПК, І кезектегі нысанның құрылысын аяқтау бойынша «Корпорация «Астана-Стройинвест» ЖШС мердігер жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды. Ал «Жеті жол» ТК проблемалы нысанының жұмысын бірлесіп аяқтаудың жобасы мен қаржыландыру бекітілу кезеңінде тұр.


Қазіргі таңда «Орда инжиниринг» ЖШС құрылысы аяқталмаған объектілердің техникалық және бағасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп, жобалау сметалық құжаттарын, жұмыс жобасының барлық тарауына сараптаманың оң қорытындысын, сондай-ақ, Комсомольский», «Айсанам Де Люкс», «Комфорт», «Садовые Кварталы» сияқты төрт нысандағы қалдық жұмыстардың көлеміне қатысты сметалық құжаттарды ұсынуы тиіс.  Көрсетілген растаушы құжаттардың негізінде өкілетті ұйым құрылысты аяқтауға қажетті қаржы көлемін анықтайды.


Мемсараптаманың оң қорытындысын алу бойынша жұмыстар шамамен 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін. Содан соң проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау механизмдері әзірленеді.


 Қазіргі кезде қаланың ІІД басқарушы компанияның («Орда инжиниринг» ЖШС) активтер бөлігін сатуының заңдылығын тексеру, активтерді ары қарай сату және түскен қаржыны «Азбука жилья» нысандарының құрылысын аяқтауға бағыттау мақсатында қалған активтерді тәуелсіз сараптамадан өткізу шараларын жүргізіп жатыр.