Ілмектерден іздеу
Соңғы мезет...
Әркімнің де өмірінде бүкіл өміріңнің мән-мағынасын бір-ақ сәтте өзгертіп жібере салатын шешімдер болады. Бірақ адам соңғы мезетте өз мүмкіндігін пайдалана ала ма, әлде жоқ па ол өзінің шаруасы. Мен де осындай кезеңге әйтеуір бір күн келіп жолығарымды
Әрі қарай
Ішің күйсін, Қисық! Vol.2
Сонымен…
Негізі мен осы пост қамтыған бірнеше тақырыпты бөлек-бөлек жазба қылып берсем бе деп ойлағанмын. Бірақ “Адамның айтқаны болмайды, Алланың айтқаны болады”, “жезде” деп мені желкелеп жүретін Құдай бере салған балдызым Розатай “Ішің күйсін, Қисық!” деп жазба жазғанда миымдағы “мл-мл” мидай араласып кетті.
Рас, осы Кездесу туралы әңгіме, шешім шыққанда “атойламасам” да, “алақайлағанның” бірі мен едім… Кездесу туралы “Кездесуде” жарияға жар салдым. Сол күні сандық фотоаппарат сатып алып, онымды алматылық блогшылардың дене-бітімінен сыннан өткізем ғой деген дәмем болған. Көптен бері көрмеген Өрімталды, “Кездесу.ком”-да “келем, келем” деп құлшынған Қалдықызды, кезінде бірге отырып пицца жеген Мақпалды, тағы басқа келетін от ауызды, орақ тілді блогшыларды көріп бір жырғап қаламын-ау деген бір алапат үміт анау күннен бері қиялыма қанат бітіріп келді. Бірақ…
Сенбі күні сарылып кешті күтіп отыр едім, апта бойы жұмыстарынан шыға алмай арманда қалып жүрген бір топ досым, арасында қызымның кіндік шешесі мен өкіл әкесі бар, “бауы берік болсын” айтып сау етіп жетіп келді (а, айтпап па едім, айтпақшы желтоқсанның он жетісінде әке атанып, қызды болғанмын, Нұрберген айтпақшы “Пақандар клубына қосылып”). “Былай тартсаң өгіз өледі, былай тарсаң арба сынады”, содан амал жоқ блогшыларды лақтыруға тура келді…
Уа, қалың ел, бұқара халық, көз көрген, құлақ естіген ағайын! Уа, Алматының игі жақсы, бетке ұстар, ақсақал, қарасақал блогшылары! Уа, сөзінің дуасы бар, тілінің қуаты бар постжазғыштар! Уа, қарсы келген камент жазушыға бет қаратпас жауынгер жазбашылар! Уа, “Құрал-сайман тақтасының” жілігін шағып, майын ішкен, пернетақтасын қалқан, саусағын ақ сүңгі еткен блогшы бауырлар!
Реніш болмасын, езьжі:)
Келесі жолы, Құдай қаласа, Қисық кездесуден қалмас.
Пы. Сы. Балғырғанның келетінін неге айтпадыңдар!!! Қайтсем де баратын едім ғой!!!