Түлектерге жұмыс табылады

Астанада техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету, медицина, құрылыс және т.б. салаларда қызмет ететін 50 астам компания бос жұмыс орындарын ұсынды. Оқу орындарының түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, елордадағы ең қажетті мамандықтармен танысты.

Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.

Астана жаңалықтары: Түлектерге жұмыс табылады

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі жоқ орта арнайы, жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бағыты іске қосылған. Оларға бастапқы тәжірибе жинау үшін алты айға уақытша жұмыс беріледі, еңбекақы мемлекет тарапынан төленеді. Диплом алған түлек Жұмыспен қамту орталығынан жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама алады, егер оң жауап алатын болса, құжаттар тізімін жинап, бағдарламаға қатысады, — деді Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімі басшысының орынбасары Азамат Байтасов.

Бағдарлама аясында кәсіби оқыту да іске асырылады. Мамандықты игеріп, жұмыс таба алмағандар немесе сұранысы жоқ кәсіпті меңгергендер даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға жіберіледі.

Елордада бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі, бос жұмыс орындарын іздеу мәселелері бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Бос орындар жәрмеңкесінің нәтижелері

Бүгін Астанада «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында өткен Бос орындар жәрмеңкесіне 40 жуық жұмыс беруші қатысты. Шара барысында қызмет көрсету, білім, денсаулық сақтау, құрылыс салаларынан 260 жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп келген 1386 адам тіркелді.

Астана жаңалықтары: Бос орындар жәрмеңкесінің нәтижелері

Бұл Жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері өткізіп отырған төртінші жәрмеңке. Аталған шаралардың қорытындысы бойынша 75 адам жұмысқа орналастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесі жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта оқыту мен жаңа мамандықты меңгеру мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

Астана жаңалықтары: Бос орындар жәрмеңкесінің нәтижелері

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына 4810 қала тұрғыны жүгінген, 2195-і жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 63-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 220-сі жастар практикасына жіберілді, 919 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 307 адам қайта оқытылып жатыр.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 12 мамырда сағат 10:00-13:00 аралығында «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында «Барлығы үшін еңбек» атты Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Шара барысында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта оқыту мен жаңа мамандықдыты теңгеру мүмкіндігі туралы ақпарат алады.

Астана жаңалықтары: Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қызмет көрсету, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктер, ішкі істер органдары саласындағы 25-тен артық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай