Мәңгілік әуен

Блог - Daniar-Alan: Мәңгілік әуен

Блогтурымыз әуежайдан «Медиа жұлдыз» қоғамдық қоры басшысы Самал Смайлованың күтіп алуымен басталды. Блогтурдың жоспары, бағдарламасымен танысқан соң екі автобусқа жайғасып, блогшылардың бір бөлігі Қызылорданың оңтүстігіне, бір бөлігі батыс бағытқа жылжыды. Біздің топта белгілі медиа тренер Қанат Әуеспай, белгілі журналист Нұрбек Бекбау бар бас-аяғы он екі адамнан тұратын блогшылар тобы болды. Алғашқы аялдама қаладан 160 шақырым шамасында орналасқан "Қорқыт ата" мемориалдық кешені.

"… Елеу Көшербаев деген ақсақалдың ұйғарымымен жасалынған..."

"Қорқыт ата" кешенінде музейдің ғылыми қызметкері Мағауия Бердібекұлы күтіп тұр екен. Мағауия аға кешеннің бұрынғы, қазіргі жағдайын таныстырып шықты. Айтуынша, кешен 1980 жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Елеу Көшербаев деген ақсақалдың ұйғарымымен жасалынған. Қылышынан қан тамған кеңес үкіметі кезінде мұндай іс ерлікпен парапар еді. Елеу ақсақал қазіргі Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың әкесі. Сол кезеңде биіктігі 8 метр етіп Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев жасап шығарған нұсқасына алдымен 1997 жылы, кейін 2014 жылы Елбасының тапсырмасымен реконструкция жасалды. Реконструкция деген аты болмаса, кешен толығымен жаңарған.
Сырдың бойында Қорқыт ата мазары болыпты баяғыда, бірақ өкінішке орай 1952 жылдары су арнасынан асып, шайып кетіпті. Жалпы жоғарыдан қараса қобызды елестететін кешеннің ортасы (шанағы) — 2000 адам сияқтын амфитеатр секілді жасалған. Амфитеатрдың акустикасы өте жоғары. Микрофон не болмаса сондай секілді дауыс күшейту қондырғысын пайдаланбай ақ түрлі шаралар өткізе беруге болады. 4 жылда бір рет өтетін түркі халықтар арасындағы фестиваль дәл осы жерде ұйымдастырылады. Амфитеатр айналасында 18 плита орналасқан. Ол плиталарда келешекте 18 түркі тілдес тайпаның өз тілдерінде ақпараттар жазылады.
Блог - Daniar-Alan: Мәңгілік әуен
Бұрынғы ескерткіштің биіктігі 8 метр болса, қазіргісінің биіктігі — 14 метр. Ортасында жел соққанда қобыз дауысы сарындас дыбыс шығаратын 40 түтікше орналастырылған. Ескерткіш жел мен суға төзімді Қазақстанда жасалған граниттен жасалған. 92 блоктан тұрады. Ескерткіштен сонадай жерде «Ақсақ қыз» мұнарасы тұр. Аңыз бойынша, Арқадан шыққан қырық қыз Қорқыттың қобызының дыбысын естуге келе жатады. Арасында бір ақсақ қыз болады. Жанындағы қыздар ақсақ қызға «Жете алмайсың»,-деп күледі екен. Алайда қалған қыздар Бетпақдалада өліп, ешкісіне мініп, сүтін ішіп жүріп жалғыз осы Ақсақ қыз жетеді. Қорқыттың бір күйін естіген соң сол жерде жан тапсырады да, артынан ел басына мұнара тұрғызады. Жалпы "Қырық қыз" туралы аңыздар тек Қызылордада ғана емес, еліміздің әр-әр жерінен қылаң береді. Бұл туралы толыққанды зерттеу бар ма, жоқ па екенін білмейді екенмін… Жалпы "қырық" деген қазақта «көп» деген мағына беруінің (Қырықтың бірі қыдыр, Қырымның қырық батыры т.б.) өзі біршама зерттеулерді талап етеді ғой…
Аңыз желісін бәріңіз білесіздер ғой, оны қайталаудың қажеті жоқ шығар. Қорқыт бабаның өлімнен қашып келіп мәңгілікке саябыр тапқан мекені осы Сыр бойы. Неге дәл осы жерге?! Дәл осы Сыр бойы Мағауия ағаның айтуынша Орта Азиядағы ең биік нүкте екен. Космомспен тікелей байланыс бар. Байқоңырдың дәп осы жерге салынуында да бір мән бар шығар?!..
Блог - Daniar-Alan: Мәңгілік әуен
Блог - Daniar-Alan: Мәңгілік әуен
Қазалыдан 20 шақырым жерде Жанкент (Яныкент) деген қала болған ертеректе. Оғыз тайпасының астанасы болған шаһар. Мына экспонаттар сол қаладан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған. Жәдігерлер IX-X ғасырларға тура келеді. Шаһар саз балшықтан тұрғызылған, қазірге дейін тек орны ғана сақталған. Қорқыт ата 3 ханның тұсында кеңесші болыпты. Мүмкін осы қалаларға да талай келген шығар…
Айтпақшы, тағы бір қуанышты жаңалық, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің нысандар тізіміне Байқоңыр қаласымен бірге «Қорқыт ата» кешені де енді. Осы музейдің өзінде «Деде Қорқыт» кітабының бірнеше тілге аударылған нұсқалары тұр. Көзі қарақты, мәдениеті жоғары адам Қорқытты білуі тиіс деген ойдамын. Сәйкесінше кешенді де айналып өтпеуі тиіс.
Әрі қарай

Ұлт рупоры жайлы ұзақ фоторепортаж

Әгәрәки, реті келсе, мәтіні қалың пост түрінде жазамын деп ойлағанмын бұл тур жайлы. Көп әріпті, мол деректі. Бірақ Азамат Т. есімді беймәлім біреудің осы сайттағы жазбасы, әлеуметтік желілердегі біршама публикация ол ойымды толық қамти алып
Әрі қарай

Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты

  • Kaztube
Ішкі істер министрлігіне барған блогерлерді ең бірінші баспасөз қызметінің қызметкерлері қарсы алып, осы министрлік туралы қысқаша ақпарат берді де, бөлімдерді аралатуға жол бастады. Алғашқы таныстырылған «Автоматтандырылған дактилоскопиялық зерттеу (папилон) жүйесі» болды. Бұнда адамдардың саусақ таңбалары мен портреттерін анықтайды екен. Алайда бұл бөлімнің жұмыстары құпия болғандықтан көп нәрсені көрсету қиын. Дегенмен қалай жұмыс жасайтынынан аздап болса да хабар берді (оны бейнесюжеттен көруге болады).

Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Келесі кірген бөлім «Жедел басқару орталығы» болды. Айнала толы экран. Сол экрандардан Астананың тіршілігі алақандағыдай көрініп тұр десе де болғаны. Алайда оларға тоқталмас бұрын, 102 бөліміндегілер туралы айтып өткен дұрыс. Бұнда бірнеше қызметкер қоңыраудың келіп түсуін күтіп отырады. Әр соғылған телефонның қай жерден екенін көрсететін картасы тұрған компьютер алдарында. Сонан соң сол жердегі кезекші полицейге хабарласып, шаруаның оңтайлы шешілуін қамтамасыз етеді.
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Ал камераларға келсек. Олардың жан-жаққа бұрылуын осындағы қызметкерлер жасап, бақылайды екен. Қалада сегіз жүзге жуық камера бар. EXPO2017‬ көрмесіне дейін 3 мың камера іске қосылады. Бұл елордадағы қаншама қылмыстың алдын алар еді.
Сонымен қатар бұнда адамды өздігінен танитын камера орнатылуда. Алайда ол тесттік режимде. Егер бәрі ойдағыдай болса, қолданысқа енгізіледі. Іздеуде жүрген қылмыскерді табуға бұл камераның көмегі өте қажет болар еді.
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Блогерлердің келесі танысқан бөлімі зерттеу лобороториясы болды. Алайда бұнда бәрі өте құпия болғандықтан, ауызша түсіндірілгені болмаса фотоға да, видеоға да түсіруге тыйым салынды. Ақ халат киген қызметкерлердің ісі ДНК арқылы, қан арқылы қылмыскерді немесе танылуы мүмкін емес мәйтті анықтау. Бұнда негізінен көп жұмыс автоматтандырылған. ТМД бойынша соңғы үлгідегі шетелдік аппараттар. Барлығын жергілікті қызметкерлер меңгерген.
Ең соңғы кірген бөлім ол — Ішкі істер министрлігінің музейі еді. Мекемеге қарасты болғандықтан кішкентай болар деген ой келеді. Сөйтсе бірнеше залға бөлінген үлкендігі таң қалдырды. Бұнда сонау совет заманынан бастап ішкі істер қызметі құрылғалы бергі тарихи мұралар — қару-жарақтар, құжаттар, әскери киім үлгілері, т.б. эксонаттарға толы екен.
Бұл музейге кіру біраз қиындық келтіреді. Ең әуелі сұраныс хат жіберу керек. Содан соң өздері хабарласып, кіру-кірмеуіңіз туралы хабарлайды. Сонан соң барып, көруге мүмкіндігіңіз белгілі болады.
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Kaztube: Блогерлер Ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімдердің жұмысымен танысып қайтты
Бұл блогтур туралы мына бейнесюжет арқылы толығырақ білуге мүмкіндігіңіз бар.
Әрі қарай

7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате

Блогосферадағы жаңа тренд Блог-тур туралы сұрақтарға жауап беріп көрейін және өзім байқап жүрген қателіктерді де қостым
Блог - asaubota: 7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате
1. Блог-тур деген не?
Блогерлерді қолдану арқылы жасалатын пиар-шара. Бір өнімді, жетістікті, оқиға, жаңалықты жарнамалау үшін ұйымдастырылатын сапар. Нәтижесінде әлеуметтік желілер және блогтар арқылы ауқымды жарнама жасалу жоспарланады.
2. Блог-тур бағдарламасына нелер кіреді?
Логистика бекітіліп блогерлерге және қарсы алушы жаққа алдын ала беріледі. Блогер өзінің қайда және не үшін бара жатқанын алдын ала біледі. Бағдарламаға жолға шығу уақыты және мекені, барылатын объектілер, тамақтану мезгілдері, қонақүй, бастапқы нүктеге оралы туралы мәліметтер кіреді.
3. Блогерлерге қанша қаламақы төленеді?
Қанша пост жазылатыны, қай блогта және әлеуметтік желілерде жарияланатыны алдын ала келісіледі. Бір блог-турға қазір берілетін қаламақы көлемі шамамен 50-70 мың теңге. Оқырман саны және блогердің беделіне қарай бұл сома бұдан да көп болуы мүмкін. Бұдан бөлек блогердің жол, қонақүй және тамақтану шығындарын да ұйымдастырушы жақ көтереді. Сондай-ақ блогерлерге қосымша жарнама ретінде естелік сыйлықтар да беріледі.
4. Блог-турды кім ұйымдастырады?
Шақырушы жақ өзі ұйымдастыра алады немесе арнайы бір ұйымға қаржы бөліп тапсыра алады. Блог-турға бөлінген қаражатқа қарай шақырылатын блогерлер саны, шығындары және қаламақы көлемі анықталады.
5. Блог-тур кімдер үшін тиімді?
Жетістігі бар мекемелер немесе мемлекеттік органдарға, жаңа өнім шығарып сол өнімді жарнамалағысы келетіндерге, ішкі «асханасын» көрсеткісі келетін кәсіпорындарға тиімді. Жалпы мақсат жарнама және жақсы имидж қалыптастыру болғандықтан бұған мұқтаж кез келген ұйым блог-тур ұйымдастыруға мүдделі.
6. Блог-турдың жарнамалық әсері қандай?
Блог-тур найзағайлы, өткінші жауын әсерін береді. Бір-екі күндік қысқа мерзімде бірнеше нүктеден ақпарат жауыны басталады. Ақпараттың таралу ауқымы кең болады. Бұл блог-тур барысындағы әсер. Блог-турдан кейін жауыннан кейінгі кемпірқосақтай блогтарда сапалы сараптамалық есептер жазылады. Яғни, қысқамерзімді флеш-жарнаманы мақсат еткендер үшін блог-тур қолайлы әдіс.
7. Блог-турға кімдер шақырылады?
Шақырушы жақтың саласында мақала жаза алатындарға басымдық беріледі. Ақпараттың негізгі бөлігі әлеуметтік желілер арқылы тарайтын болғандықтан оқырман аудиториясы кең қолданушылар таңдалады. Сондай-ақ фото, видео ақпарат жеткізе алу шеберлігі, жалпы ақпаратты қызықты етіп бере алу — басты талаптардың бірі.


Ұйымдастырушылардың басты қателіктері:
Блог - asaubota: 7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате
1. Блогерлер құрамы
Әлеуметтік желіде ортақ аудиториялы, блог оқырмандары да бір блогерлерді шақыру ең үлкен қателік. Мұндай жағдайда оқырман қайталана беретін ақпараттан мезі болып, шақырушы жаққа негатив көзқараспен қарауы мүмкін. Сондықтан мейлінше түрлі ортадан шақырған дұрыс.
2. Бағдарлама уақыты
Блогердің қалаға келу уақыты және қандай транспорт түрімен келгені есепке алынғаны жөн. Автокөлікпен нашар жолда жүріп келген блогерді таңғы 9-да турға шақыру арқылы жақсы нәтиже ала алмайсыз. Уақыт үнемдеу үшін қысқа уақыт ішінде бірнеше объекті көрсетуге тырысады ұйымдастырушылар. Бірақ мұндай кезде блогер ақпараттың бәрін сіңіріп үлгермейді. Ұйқысы қанбаған және таңғы ас ішпей шыққан блогер көрсетілетін нәрсенің бәріне толық назар аудармауы мүмкін.
3. Детализация
Жұмыстың бүге-шігесін блогерге түсіндірудің қажеті жоқ. Жұмыстың механизмін түсіндіру жеткілікті және блогерге керегі визуал көрініс. Яғни, жалықтырып алмауға тырысу керек. Тек нақты жазылып, айтылуы керек нәрселерді көрсеткен дұрыс. Және кей фишкаларға блогердің өзін назар аудартуға тырысқан жөн. Кейін осы фишкалар арқылы жақсы жарнама жасалады. Ал қатты детализация арқылы блогер ештеңе түсінбей қалуы да мүмкін.
Әрі қарай

Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?

Шығысқа барған сапар туралы жазамын деп желпінгенмен, адами әрі техникалық ақауларға байланысты біраз кешеуілдеп қалдым. Десе де, сүрленген ойдың да шыққаны дұрыс болар деп шештім. Жанып, ұшып барып, алып-ұшып қайта келдік. Не көрдік, не білдік, не түйдік? Көргенімнің бәрін айта беріп қайтейін, Аландық Даниярдан не қалсын?! Дұрысы түйгеніммен бөлісейін.
Әрі қарай

"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Өскемен

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Өскемен
… ертеңіне таңмен таласа тұрып Өскеменге тарттық. Семей мен екі ортадағы жол өте нашар екен. Жолда ұйықтаймыз деген ойымыз орындалмады. 10-дардың шамасында қалаға кіріп бардық. Кірер тұста Қабанбай батыр ескерткіші жанына суретке түсуді де ұмытпадық ;) Жан-жағына тратуар төсеп, абаттандырып жатыр екен.
Бірден Қазақтелекомның офисіне тартып кеттік :) Алғашқы кіргеніміз ID-орталық болды. Қазақтелекомның барлық жеріндегідей кірсең шыққысыз :) Бұл жердің «фишкасы» ретро байланыс құралдары екен. Тұра қалып блогерлер суретке түсе бастады :)
Облыстық филиалда жалпы 3 000-ға жуық адам қызмет атқарады екен. «Ауылдық елді мекендерді телефонмен қамту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 763 ауыл телефонмен, 418 (55 пайызы) ауыл кең жолақты интернет қызметіне қосылыпты.
2014 жылдың аяғына дейін жалпы қашықтығы 333 шақырым оптикалық байланыс желіжолының құрылысын аяқтамақшы екен.
Қазір 30 000-нан аса ıD net, 15 000 жобасында iD tv, 6 000 нан аса абонент ıD Phone қызметтерін пайдалануда екен.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Өскемен

Анықтама қызметіне талай хабарласқан шығарсыздар ә? :) Ал мен ОЛАРдың кім екенін көрдім ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Өскемен

Қаланың өзін жөндеп көре алмадық. "Қазақстан" деген жазуы бар төбенің жанынан 2 рет өтсек те уақыттың тығыздығына байланысты тоқтай алмадық. Бірер күн бұрын сол төбеде әнұран сөздері қате жазылған дегенді фейсбукте бір кісі айтып еді… Көзбен көруге мүмкіндік болмады.
Онан бөлек тура сол біз жолда кезде шыққан Өскемен орыс жері деген мақаласымақты тексермекші де болғанбыз (төөуухх деЩ). Тексергенде… жәй көшедегі өзге ұлт өкілдерінен сұрастырып, пікірін білмекші едік…
Болмады. Тіпті таныстарға барып үлгермедік барып тұрып.
Келе жатқанда бізбен барған орыстілді блогердің «баруға жүкті болып қалдық» деген пікірін оқыдым :) Қайтып барып асықпай аралайтын жер екен… Бұйыртса…
Әрі қарай

"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Абай елі

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Семей!..
… жазда Қызылордаға бардық блогтурмен. Қызылорда туралы ойымызды өзгерткен еді сол сапар. Жоқ қазақы орта екенін білетінбіз. Бірақ… көшесінде талы жоқ, иттер әжетханаға кезекке тұратын, бір шеті космодром… құрыған, қуарған дала деп ойлайтынмын. Сөйтсем, менің Созағым қуарған дала екен оның жанында :)
Ал Семейде «көшеде мутанттар жүреді» деген өз-өзіме қалыптастырып алған аңызымды қалаға кіргеннен бұзды. Жол бойы қарағайлы орман, дәп бір Бурабайда жүргендейсің.
Қонақүйге түсе салып Көкбөрі екеуміз таңғы шәй ішуге кафе іздеп шықтық. Көп ұзағамыз жоқ, бірден табылды. Іштегі апай шәй беріп жатып, Семейлік емес екенімізді аңдады ау деймін қала туралы айта келіп «Семей үлкен ауыл ғой»,-деп қойды.
10-дар шамасында қалаға шықтық. Жол бойы тарихи ғимараттар көптеп көзге шалынды. Бірақ, түсіп арнайы суретке түсіруге уақыт тығыз болды.
Семейлік "Қазақтелекомшылар" өздері арнайы бізге деп пісірген тортпен қарсы алды ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Сіздерге бір құпияны ашайын ба ;) Еуразия кіндігі тіпті де Астана емес, географиялық тұрғыдан — Семей. Тағы бір ақпарат па? Мінекейіңіз: Семей байланыс орталығы. Дәл осы жерде ең алғаш рет телеграф (1873), ең алғашқы телефон (1910), алғашқы интернетке қосылды (1993) және… KZ ДОМЕНІ ПАЙДА БОЛДЫ. Ия, ия анау суреттегі ғимаратта Павел Гусев пен Алексей Остроухов деген амиголар KazNIC (алғашында — RelcomSL) деген компания құрып қазір бәріміз пайдаланып жүрген kz доменін тіркеді. Сонымен қазнеттің отаны — Семей :)
Айтпақшы, KazNIC сол кезде "Қазақтелекомның" ғимаратының 1-2 бөлмесін жалға алып отырған :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл орталықта ID TV, ID NET, ID Phone секілді қызметтерді қоса аласыз. ID-орталығында әр клиент кез-келген ақпарат алып қана қоймай, жұмыс істеу қабілетін де көреді. Семейдегі ID-орталығының бір бұрышындағы сөреде әлемдік, қазақ және орыс класиктерінің кітаптары қойылыпты.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл 40 жылдардан бастап жұмыс істеген АТС. 70 000 абонентті телефонмен қамтамасыз етіп тұр. Осы жерде 25 жыл жұмыс істеген Тимофей Кремнев бұрындары секундына 2 килобит деген мега жылдамдық болғанын айтады. Ал екінші суреттегі көлемі тоңазытқыштай ғана болатын қондырғының жылдамдығы 120 мегабит (!). Ең қызығы футбол алаңы болатындай ғимаратта тұрған АТС-ті жаңа жылға дейін екінші суреттегідей 3-ақ қондырғыға ауыстырады. Яғни бүкіл 70 000 абонент 1 ш.м.-ге ғана сиып кетеді. Бұл техника, сәбби ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Онан соң Абай атамызға тағзым етіп, Семей құрбандарына арнап соғылған стелаға бардық. Стела өзен арасындағы аралда орналасқан екен.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бородулиха селосы Семейден 60 шақырым жерде орналасқан. 37 000 адам тұрады. "Қазақтелеком" өнімдерін 7 000 адам қолданады екен. Орташа айлық 30 000 ғана болатын өңірде 7 000 абонент тамаша көрсеткіш ойымша. Селодан 60 шақырым жерде орналасқан Жаскент ауылына кабель тартылып жатыр екен. Жолай тағы да 3 ауылға соғып өтеді. Егер осы жоба ойдағыдай жүзеге асса қолданушылар 100 пайызға цифрлік технологияны игереді деген сөз.

Ертеңіне… ертеңіне 6-да тұру керек. Алда Өскемен :)
Әрі қарай

Нан болса ән болады (ас атасын айтам)

Даладағы бидайды комбайнмен жинайды. Бала кезімізде әліппеден оқитын осы тіркес пен дастарханымызға келетін ыстық нанның арасындағы өндірістік кезеңдер туралы не білеміз?

ҮИИД мемлекеттік бағдарлама бойынша өткізілген блог-турдың бір күні Көкшетаудағы элеватор-диірмен кешені — «Агример-Астық» ЖШС арналған болатын.
Элеваторды алғаш рет көруім. Мынадай болады екен.

Әрі қарай

Бізге орта бизнес пен жеңіл өнеркәсіп керек пе?

Кеше үлкен телекөпір болып, ҮИИД МБ бойынша бірнеше кәсіпорын іске қосылды емес пе. Сол кәсіпорындардың қатарында қайта жөндеуден өтіп, жаңа шетелдік құрал-жабдықтармен толығып, екі жарым жыл тоқтап тұрған өндірісті қайта іске қосқалы отырған «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС де бар.

Біз комбинатқа барған кезде сол телекөпірге
дайындық жүріп жатқан.
Әрі қарай